Қазақстан қазіргі таңда көптеген жаңа жоғары оқу орындары дамып келе жатқан, жаңа мамандықтарға қажеттілік туындап келе жатқан мемлекет. Менде еліміздің барлық Жоғары оқу орындарын талдап, саралап көрдім, таңдауым әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті болды. Бұл жоғары оқу орны оқу-ғылым жұмысындағы көп жылдық тәжірибеге бай. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ – Қазақстан университеттерінің жалпы рейтингісінің көшбасшысы, ел тарихындағы тұңғыш Қазақстан Республикасы Президентінің «Сапа саласындағы жетістіктері үшін» сыйлығының иегері, Достастық елдерінің жеңімпазы. Uacquarelli Symonds (QS) беделді халықаралық рейтингтік агенттігі жүргізген тәуелсіз бағалау қорытындысы бойынша әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жоғары баға алып, «QS Stars Rating System» халықаралық рейтингісінде «Бес жұлдыз» жоғары марапатына ие болды. ҚазҰУ – «Бес жұлдыз» марапатына ие болған Орталық Азия аймағындағы алғашқы және жалғыз жоғары оқу орны. Сонымен қатар университет түлектерді жұмыспен қамту Рейтингісінде 500 ЖОО ішінен 251 орынға ие болған Орталық Азиядағы алғашқы университет атанды. Рейтинг жұмыс берушілердің студенттермен өзара іс-қимылын ұйымдастыру және бітіргеннен кейін жұмысқа орналасуы, жұмыс берушілер арасында беделі, түлектердің кәсіби жетістіктері, жұмыс берушілермен серіктестік сынды бағалау критерийлері негізінде құрастырылды. Бұл жоғары нәтиже ҚазҰУ-дың жұмыс берушілермен тығыз байланысы бар екенін және көптеген ЖОО түлектерінің елдің үздік компанияларында және одан тыс жерлерде табысты жұмыс атқаратынын растайды.
Жоғары білікті мамандарды даярлауға әлемдік білім кеңістігіне одан әрі кірігуге, іргелі және қолданбалы зерттеулерді дамытуға, университеттің орасан зор білім беру, ғылыми, рухани-ағартушылық, инновациялық әлеуеті бар. ҚазҰУ саналы білім алуға және өз саласында кәсіпқой болуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар университеттің толыққанды академиялық емес өмірі де бар. ҚазҰУ-да көркемдік қызығушылықтан бастап ғылыми жобалар жасауға дейін әртүрлі тақырыптық бағыттармен айналысатын бірнеше студенттік ұйымдар бар. Әрбір ұйымның өзіндік шығармашылық атмосферасы бар. Оларға қосылу арқылы сіз көптеген жаңа таныстар, эмоциялар және әрине, жаңа білім, жаңа орта таба аласыз.
Садырбек Динара әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 1-курс магистранты
Құрманалиева Айнұр, Ғылыми жетекші, философия ғ.д., профессор
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі