Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті ғылым мен білім саласындағы ең озық қатарлы оқу орны. Академиялық, ғылыми-зерттеу, инновациялық қызметінің нәтижелері мен оқу орнын дамытудың жаңа бағыттары мен перспективаларына аса басым аударушы және соған сәйкес жоғары нәтиже көрсетуші ғылым ордасы.
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті 1934 жылдан бастап,бүгінгі күнге дейін ауқымды істерді игеріп және болашаққа нақты жоспарларды негіздеді. Осы тұстан білім ордасының атқарған қызметтері мен негізгі нәтижелік көрсеткіштерін сараптайтын болсам: ҚазҰУ әлемдік көлемде ғылым мен білімдік жүйеден беделін нығайтты. Нақтырақ, 2022 жылы QS рейтингі бойынша алдыңғы қатарлы ең үздік университтер арасында 150-орын және Азия аймағында – 44, ал Орталық Азиялық көлемде 1-орын алды. Әлемдік университтердің еуропалық академиялық рейтингі бойынша Еуропалық стандарттың «АА+» рейтингін алды. Бұл ҚазҰУ үшін Еуропаның жетекші университеттерімен бір деңгейлік қатарда тұруға мүмкіндік берді. Сонымен қатар, Great Value колледждері бойынша әлемдегі ең озық технологиялық университтер арасында 31-орын (АҚШ).
Осы тұрғыдан негізгі мәселені айтатын болсам, Қазақ Ұлттық Университетінде 7M03207 – IT –Архивтану және құжаттану саласында қазіргі таңда магистратура бойынша білім алудамын. Аталынған бағыттың әр білім алушы үшін теориялық және практикалық аспектілері жоғары. 2021 жылдан бастап бакалавриат пен магистратурада арнайы бағдарламалық негіздер жспараланып және іске асырылды. «Сандық архивтану және құжаттану» оқу бағдарламалары іске қосылды. Бакалавриатта: «Бағдарламау негіздері», «Деректер базасы», «Python-да бағдарламалау», «Мобильді қосымшаларды әзірлеу», «Құжаттаманы басқаруды қамтамасыз ету саласындағы ақпараттық технологиялар», «Ақпараттық қауіпсіздік және ақпаратты қорғау», «Автоматтандырылған архивтік технологиялар», «Автоматтандырылған ҒАА әзірлеу әдістері мен технологиялары». Ал магистратурада: «Архив құжаттарына қол жеткізудің сандық технологиялары», «Басқарудағы ақпараттық жүйелер», «Құжаттамалық база мәліметтерінің жобалау методологиясы мен технологиялары», «Құжаттарды сақтау және пайдаланудың «Бұлтты қызметтері», «Электронды құжаттардың құндылығын сараптау». Яғни, бұл пәндер кәсіби дағдыларды игеруге және бекітуге және түлектердің еңбек нарығында бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етуге жаңа мүмкіндіктер ашатындығына дәлел.
Цифрлық технология дегеніміз ақпараттарды жылдам тарату, қоғамды қажетті құжаттармен қамтамасыз етуде қолжетімділік мәселелерін шешудегі жаңа құрал болып табылады. Қазіргі уақытта бұл процесс архив және құжаттаманы басқаруды қамтамасыз ету салаларында нәтижелі шешімін табуда. Цифрландыру процессі – архив құжаттарын электрондық түрге біртіндеп ауыстыру, осы бағытта құжаттарды тездетіп өңдеуде оларды құру, енгізу, ғылыми-анықтамалық аппаратын және архив қорларының автоматтандырылған дерекқорын құру, электронды форматта құжаттарды жариялау, сонымен қатар ақпараттың сапасын жоғалтпай сақтауды қамтамасыз ету жұмыстарын қамтиды.
Мінекей, жоғарыда университет жетістіктері мен нақты нәтижелік көрсеткіштерін көрсеткеніме сәйкес және IT –Архивтану және құжаттану саласының маңыздылығы мен нәтижелеріне тоқталғаныма сай, расымен де ғылым мен білім саласындағы ең көшбасшы оқу орны екендігі белгілі. Осы тұстан әлемдік және республикалық рейтингтерде жүйелі әрі озық тәжірибелі көрсеткіштік позициясын сақтап келеді. Ғылым ордасы – ҚазҰУ жан-жақты мүмкіндіктерді толығымен беріп және білім алу жүйесіндегі жоғары талап қою арқылы білім саласындағы үлгі беруші оқу орны. Осы университеттен білім алған әр тұлға өз Отанымыз - Қазақстан Республикасының дамуы мен өркендеуіне үлес қосуы шарт.
Мұқан Айман Орынбасарқызы
Әл-Фараби атындғағы ҚазҰУ магистранты.
Ғылыми жетекшісі: ҚазҰУ, Дүниежүзі тарихы,
тарихнама және деректану кафедрасының
PhD, аға оқытушы: Нұсқабай П.Н.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі