Ұлттың руханиятының мәні мен маңызы оның ұлттың тілі мен ділі және діні мен дәстүрі сынды ұғымдарында. Жаһандану заманында алпауыт мәдениеттер мен өркениеттер арасында жоқ болып жұтылып кетпеу үшін аталмыш құндылықтарды (ұлттық тіл, діл, дін мен салт-дәстүр) сақтап қалуы әрбір мемлекеттің міндеті. Ислам діні – ғаламдық мәдениет пен өркениет жолы. Ислам қандай болсын ұлтқа, дін өкілдеріне қарсы шықпайды және басқаларды бірлікке шақырады. Қайта олармен әлеуметтік деңгейде жақсы қатынаста болуға шықырады. Себебі, Ислам ұлтқа және ұлттық мәселеге қатысты анық әрі берік ұстанымға сүйенеді. Бұл ұстанымның түсіндірмесі – тағдыр концепциясы, яғни, болмыс.Дін исламның құндылықтары, мұсылман әлемі мәдениетінің өзегі және мұсылман халықы ар-ұжданының айнасы. Ислам жай ғана ережелер жиынтығы емес, оның ішінде жүздеген ұлттар мен этностардың мәдениеттері мен дәстүрлері бар. Бұл дегеніміз, ислам діні – мәдени дәстүр ретінде жер бетіндегі этникалықтың элементтерін жоққа шығармайды, керісінше, оны өз ішіне қамтиды. Жергілікті халықтың дініне айналған ислам сол елдің салты мен дәстүрін алып, ділімен біте қайнасады.Әрбір діннің өзіне тән дәстүрлері болады. Салт-дәстүр – әр ұлттың, халықтың діні мен сеніміне, тұрмыс-тіршілігіне, ұлттық құрылым ерекшелігіне сәйкес ғасырлар бойы жинақталып, өмірдің өзі туғызған ғұрыптардың жиынтығы; қауым мен қоғамда қалыптасқан мінез-құлықтың үлгілері. Күнделікті қолданыста бір мәдени топты екіншісінен айыратын және бейресми жолмен реттейтін қабылданған мінез-кұлық ережесіне немесе әлеуметтік әрекеттерді жөнге келтіретін терминге жатады.Салт-дәстүр ұлт үшін өмір сүру қағидасы, қоғам заңы болып негізделіп, сана, тағылым, тәрбие, тіршілік ережесі ретінде ел зердесіне рухани байлық – өнеге тәжірибесін құраған. Бұл талаптар мен ережелерді халық бұлжытпай орындаумен бірге оны құрметтемеген, сақтамаған адамдарды сол заң негізінде жазалап та отырған.
Ислам мен қазақ дәстүрімен біте қайнасқан бірнеше дәстүрлерге тоқталсақ.Ескі дәстүрдің бірі-Жұмалық дәстүрі. Бұрынғы кездерде дәріс алып жүрген балалар молдаға арнап жұма күндері оған арнаулы сыбаға (ет,қымыз, май, құрт, т.б.) әкелетін болған. Мұны "жұмалық" дейді. Жамбыл айтқандай молдалардың жұма күні "жұмалық" дәметіп отыратындары да болған.
Ақсарбас дәстүрі- "Әруақтарым, қолдай гөр! Ақсарбас! — деп баланы шақырып, айғайлай бастайды" (М. Әуезов).Адамның қауіп-қатерге ұшырағанда, ауырғанда, жаны қысылғанда Алла атымен айтқан құдайысы.Мұндай жағдайға ұшыраған адам "Ақсарбас" деп үш рет айтуы керек. Аман қалған кісі осыдан кейінел-жұртты шақырып, "құдайы" береді. "Ақсарбастың" үш түрі бар. Олар бозқасқа, көкқасқа және қызылқасқа. "Бозқасқа" десе — қой, "көккаска" десе жылқы, "қызылқасқа" десе-сиыр сойылып,құдайы беріліп, көпшіліктің батасын алады. Бұл ырым осы күндерде де қолданылады.
Мойнына бұршақ салу (дәстүр, ырым)-"Ұлы Қорамсадан көпке шейін бала болмаған соң жарқынбай бәйбішесі һәм тоғыз қызымен көгеннің бұршағын мойнына салып, тәңірден немере тілейді" (М.Жұмабаев). Баласыз адамдардың мойнына көгеннің бұршағын салып, құдайдан ұрпақ тілеуі ертеден келе жатқан әдет. Бұл тағдырға мойын ұсынып, тәңірге шын беріліп, оның барлық әміріне көнудің және ақ тілеудің белгісі. Мұндай тілек әсіресе ертедегі жырларда жиі кездеседі. Оның соңы тілек орындалып, қуанышқа кенеліп жатады. Бұршақ салу — тәңірден бала сұраған жағдайда ғана қолданылады.
Айттық (дәстүр)-"Бір топ ауыл қыдырып "айттық" алып жүр" (Б. Майлин). Айт күні "айттық" — деп сұраған адамдарға берілетін сыйлық, кәде. Оны ақшалай да, заттай да беруге болады. Бұл айтты да, дәстүрді де, сұраған адамды да құрметтеудің белгісі болып табылады.
Ауыз ашар (дәстүр, дін)-Салтта ауыз бекіткен яғни ораза ұстаған адамдарға құрмет көрсетіледі, сыйлайды. Сонымен бірге кешкілік күн батқан соң оларды "ауыз ашарға" шакырып, дәмді, сыбағалы тағамдар ұсынып, сауабын алады. Ораза ұстағандарды "Ауыз ашарға" шақыру қасиетті дінімізді де, оған бас июшілерді де құрметтеудің белгісі.
Қорытындылай келе,Ислам дінінің қазақ қоғамына сіңісіп кетуі де өте жеңіл болды.Себебі қазақ халқы момын халық болды,салт-дәстүрлері адамның руханиятын байытуда маңызды рөл атқарған.Егер рухани жан дүниеңізді байытқыңыз келсе Ислам діні мен қазақ руханияты мен салт-дәстүрлерін бір алақанда біріктірсеңіз,басыңызға бақ қонары анық!
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
Философия және Саясаттану факультеті,Дінтану Және Мәдениеттану кафедрасы
3-курс студенті Дайрабекова Айдана Бақтыбекқызы
Жетекшісі:Әлтаева Н.С.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі