Әйеліңіздің туған күніне немесе мерейтойына не сыйларыңызды білмей жүрсіз бе? Бұл ер адамдардың кезекті проблемалары болып табылады. Қалай қуантуға болады?
1) Көкке шығу. Бірге көкке шығуды жоспарлаңыз, жұбайыңызды үйдің тірліктерінен алып шығып табиғат аясына апарыңыз.
2) Өз қолыңызбен жасаған ашық хат. Әдеттегі ашық хаттың орынына өз қолыңызбен жасаңыз. Мұндай сыйлықтар әйелдер тарапынан өте жоғары бағаланады.
3) Оған арнап өлең шығарыңыз. Ұйқасы болмаса да, бастысы – шынайы әрі жүректен шыққанында.
4) Кез-келген әйел жаңа киімді ұнатады. Көйлек, белдемше, хиджаб – тамаша идея.
5) Әшекейлер. Олардың қымбат болуы міндетті емес. Әдемі табиғи тастардан жасалған әшекейлерді қолайлы бағаға табуға болады.
6) Жаңа құран немесе құран қойғыш, ерекше әшекейленген таспих.
7) Мейрамханада кешкі ас ішу. Ерекше жағдайда ғана барып тұратындай, өзгеше мейрамхананы таңдаңыз.
8) Тірі гүлдер салынған гүлсауыт.
9) Бөлме өсімдігі, мысалы, әдемі қышқұмыраға салынған орхидея.
10) Егер ол бір нәрсені коллекция етіп жинап жүрсе, онда оның коллекциясындағы дүниені алып беруге болады.
11) Демалыста сапарға шығу.
12) Жаңа сағат.
13) Гаджеттер ұнайтын болса, оған камера, планшет, ноутбук, сымсыз құлаққап т.б.
14) Парфюмериялық майлар, парфюм.
15) Шай ішуге арналған шай сервизі.
16) Оның жақсы көретін тәттілер жиыны, егер тәттіні қаламайтын болса сүйікті тағамдарын алыңыз.
17) Ас үйге қажетті ыдыс-аяқ.
18) Ванна сүлгілері.
19) Тігіншілік немесе фотосурет түсірумен айналысатын курстар, яғни айналысқысы келетін дүниелер де керемет сыйлық болар еді.
Балаға (ата-анасына да) пайдалы болатын 7 қарапайым әдет
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі