Өлең, жыр, ақындар

Шымкентте бүгін 1-8 сынып оқушылары қашықтан оқиды

Шымкенттер күшті желге байланысты мектептер онлайн оқуға көшірілді.

Бұл жайында Шымкент қаласының білім басқармасынан мәлім болды.

«5 мамыр күні ауа райының колайсыздығына байланысты 1-8 сыныптар қашықтан окыту форматына ауыстырылады. Балаларыңызды дауыл қаупінен сақтаңыздар» деп хабарлады басқарма басшысы Facebook парақшасында.

Қазгидромет синоптиктері Шымкентте ауа райына байланысты ескерту жариялаған.

4-5 мамырда қалада шығыстан қатты жел соғады, екпіні - 15-20, күндіз кей уақытта 25 м/с жетеді.

Еске сала кетейік, бұған дейін Түркістан облысында кей мектептер және Кентау қаласында бастауыш сынып оқушылары онлайн оқитыны хабарланған.

Кеше Кентауда күшті жел мектеп пен колледждің шатырын ұшырып әкетті.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар