Өлең, жыр, ақындар

Театрға барған күнім

Мен ҚазҰУ студентімін. Философия және саясаттану факультеті, дінтану мамандығында оқимын. Оқу жылы көзді ашып-жұмғанша өте шықты, емтихандар мен бақылаулар аяқталып, кәсіби тәжірибе басталып кетті. Біз бүгін кафедра студенттері, бірінші курс студенттері болып бүгін Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры - Алматыдағы ірі қазақ театрларының біріне бардық. Театр бірінші рет барған адамға ерекше атмосфера қалдырады. Театр ішіне кіргеннен ақ мәдениет орнына кіргенің сезілетіндей. Іші өте әдемі әрі үлкен. Әрбір болатын спектакльдерге актерлар мен актрисалар бар болмысын салады, өз кейіпкерлерін сезініп олардың жанындағы сырларын халыққа, көрерменге ақтарады. Театрда қазақтың ұлы адамдары туралы немесе түрлі жырлар, шет елдік шығарма, дастандар бойынша спектакльдер қойылады. Қаланың у-шуынан күйбең тірліктен дем алып, рухани байып қайтатын орын театр деп айта аламын.

Біз барған спектакль «Жүз жылдық махаббат» деп аталады. Спектакль ардақты қазақ зиялысы Мағжан Жұмабаев пен оның адал жары Зылиха апамын жайында. Заманынан озып туып, соңына өшпес рухани мол мұра қалдырған, көрнекті ақын, Алаш ардагері Мағжан Жұмабаев тағдырының ақтаңдақты тұстары аз емес. Халық жауы науқанымен екі рет ұсталып, қырық төрт жыл ғұмырының он жылын қапаста, түрмеде өткізген ақынның қасіретті тағдыры спектакльде аяулы жары Зылиханың естелігі арқылы беріледі. Еркін рухты, құдіретті жырлар жазған «нағыз ұлттың, әлеуметтің, халықтың сөзін сөйлеген» (М. Әуезов) Мағжан ақын. . . Қиын-қыстау уақытқа, небір кедергілерге қарамай ерінің соңынан іздеп сан рет барған; өмір бойы Мағжан рухын ардақтап, өзінің соңғы демі біткенше ұлы ақын жырларының кейінгі ұрпаққа жетуіне бар күш-жігерін салған Зылиха. . . Олардың ұлы махаббаты – кейінгі сан ұрпаққа өнеге. Репрессияға ұшырап, елінің болашағы үшін еңбектенген еріміз түрмеген түскен кезі, ол түрмеде болса да тек сол бір жанды ғана күтіп, өмірін арнаған Зылиха апамыздың махаббаты неткен күшті еді. Спектакль бойынша Мағжан атамыз жайлы деректердің Зылиха апамыз арқылы жеткені көрініс табады. Өзі қартайған шағында ол кісіден келіп сұхбат алатындар да көп екен. Алайда олардың бәрі бірдей Зылиха апамыздың көңілінен шыға бермеген. Алайда  қанша ауыр болса да шыдап, Мағжаны мен өзінің таныстықтары жайында олардың махаббаты жайында ақпарат береді. Бұл көрініске көзіңе жас алмай қарау қиынға соғады, себебі қысқа ғұмырының біраз бөлігін түрмеде өткізеді Мағжан атамыз, ал апамыз болса оны күтуден бір тынбайды. Олардың махаббаты мыңдарға үлгі деп айтар едім.

Біздің спектакльге баруымыз бізді мәдени тұрғыдан дамытады, рухани байып, тарихқа да көз жүгірте аламыз. Қазіргі заман астары театрға жиі барып тұрса нұр үстіне ұүр болады. Театр –жүректегі сезімді оятады, жараларды емдейді. Біздің бұл күніміз менің есміде қалатын, әдемі күндердің бірі болды.

Оқытушы-эдвайзер: Мұқан Нұрзат

Автор:Тоқай Айым


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз