Оқу-ағарту министрлігінің Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапханасы оқушылар жазғы демалыста оқуына болатын кітаптар тізімін ұсынады.
Бұл кітаптар оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай, 1-ден 11-сыныптарға бөлінген.
1-4-сынып оқушыларына жас шамасына қарай қысқа ертегілер, қызық аңыз-әңгімелер, батырлар туралы шығармалар ұсынылды:
— Ыбырай Алтынсариннің "Қара батыр", "Қарақылпаш", "Алтын емен", "Жәнібек батыр" ертегілері;
— Лаймен Фрэнк Баумның "Сүйкімді қыз бен сиқыршы шал" ("Оз елінің сиқыршысы") ертегісі;
— Нил Гейманның "Коралинасы";
— Джордж Макдонльдтің "Қауырсын ханшайымы".
5-9-сынып оқушыларының ойлау әрекетін дамыту, сөздік қорын молайту, шығармашылық қабілетін дамыту, адамгершілік қасиетін қалыптастыруға бақытталған кітаптар тізімі жасалды:
— Абай Құнанбайұлының шығармалары;
— Мұхтар Әуезовтің "Көксерегі";
— Франсеск Миральес және Эктор Гарсианың "Игикайы" (жас саяхатшыларға арналған оқулық);
— Джером Дэвид Сэлинджердің "Жар жағалаған жалғыз" кітабы.
10-11-сынып оқушыларының рухани дүниесін байыту, эстетикалық талғамын жетілдіру, тұлға болып қалыптасуына ықпал ететін көркем әдебиеттер іріктелді:
— Мұхтар Әуезовтің "Абай жолы" романы;
— Әбдіжәміл Нұрпейісовтың "Қан мен тер" трилогиясы;
— Мұхтар Мағауиннің "Бір атаның балалары" шығармасы;
— Джек Лондонның "Ақ азуы";
— Мұхтар Шахановтың "Компьютербасты жарты адамдар" шығармасы.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі