Арман - ол сенің жүрегіңнен туған сиқырға толы ғажайып әлем секілді. Ал ол әлемнің иесі атану өз қолыңда!
Әр адамның жан дүниесі әртүрлі әлемді қажет етеді. Менің әлемім ол менің арманым. Сен ол әлемге кіруді қаласаң армандауың қажет, армандап қана қоймай сен сол өмірде өзіңді жайды , әрі соған лайықты сезінуің керек.
Мен өзімді бір ғажайып болашаққа сыйлағым келеді. Бұл өзгешелік "Әуен мен би". Неге мен оны қалаймын? Өйткені ол менің жан дүниеме тыныштық, жүрегіме тыныс бере алатын жалғыз ғажайып. Кіттәй кезімнен бастап кішкентай арманым болған дүние, қызығушылығымды тудыра алған, жүзіме бақыт сыйлаған арман осы болды. Құлыпта тұрған жан-дүниемдегі мұңым мен сырларымды әуенмен бөлісіп, қуанышымды би арқылы баяндаймын. Батылдығым арқылы би өнерінің сұлулығына көз жеткіздім.
Бірақта көпшіліктің ойынша би мамандық емес! Не пайдасы бар? Шыр айналып билеудің мағынасы бар ма? - деседі.
Жоғары да көтерілген тақырыптың тереңдігін кез-келген түсіне бермегендіктен, бұның бәріне жаман жақтан қараса керек. Мүмкін бұл "Өнер бірі үшін түкке тұрғысыз , бірақта бұл екіншісі үшін де солай болуы керек" - деп айту айту қате болар. "Би өнері" - көптеген жауапкершілік пен тиянақтылықты қажет етеді. Сонымен қатар сахнаға шығуға, өз өнерін көрсетуге әрбірінің батылы жібере бермейді.
Кім біледі? Менің бүгінгі арманым - ертеңгі болашағым болар? Қазіргі таңда қиялымда болып жатқан ой ертеңгі күнімнің еңбекпен тауып жейтін азығым болар. Алдағы таңдарда шет-шет елдердің арасынан жоғарғы деңгейдегі көпке танылған биші бола ғана қоймай, елімді би саласынан дамытып, халықтың қызығушылығын арттырарма едім. Көзді ашып жұмғанша бұл арманымды да орындармын!
Армандаудан қорықпаңыз! Өзіңізге, өз жүрек қалауыңызға сеніңіз, себебі армандар ешқашан алдамайды!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі