Өлең, жыр, ақындар

Кемпірқосақ қалай пайда болады?

Көктем - жауын жауып, табиғаттың көкке оранып құбылатын әдемі мезгіл. Жауыннан кейін көрінетін кемпірқосақтың шығуы да ерекше құбылыс. Осы кемпірқосақтың қалай пайда болатынын физикалық тұрғыдан біле жүрейік.

Біз күн сәулесін жарық сәулесінің ағыны ретінде көреміз. Шын мәнінде күн сәулесінде табиғаттағы түстердің барлығы бар. Сабын көпіршігін үрлеген кезде, оған күн сәулесі түссе әр түрлі түстерге құбылатын бәріміз білеміз. Өйткені, жарық сәулесі шыны немесе мөлдір қабаттан өткенде көптеген түстерге (сары, жасыл, қызыл, қызғылт сары, көк, көгілдір) ыдырайды да, кемпірқосақ тәрізді түске айналады. Жарық сәулесін құрамдас түрлі түстерге бөлетін затты «призма» деп атаймыз. Сол призмадан немесе басқа бір мөлдір денеден өткен жіңішке ақ жарық шоғы «спектр» деп аталатын түрлі-түсті жолақтарға жіктеледі.

Кемпірқосақ дәл осындай спектр болып табылады. Бірақ біз оны жарық сәулесінің (призманың рөлін атқаратын) жаңбыр тамшылары арқылы өткен кезінде ғана көреміз. Жаңбыр тамшыларының арқасында күн сәулесі кемпірқосақтың барлық түстеріне ажырап, иілген спектр (доғасын) құрайды. Сол себепті кемпірқосақты жаңбыр жауып күн шыққан кезде ғана көре аламыз.

Алайда кемпірқосақты көру үшін күн мен жаңбырдың ортасында тұру керек. Сонда барлық сәуле спектрі көрінеді. Бірақ, күн тым жоғары тұрса көрінбеуі мүмкін. Себебі күн сәулесі біздің көзімізге параллель түспей, перпендикуляр түседі. Сондықтан кемпірқосақ әдетте күн төмен тұрғанда, таңертең немесе кешке жақын ғана көрінеді.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (30)

аружан

оте жаксы жазылган

САБИНА

КЕПІРҚОСАҚ МЫСТАН КЕПІРДЕН паида болады

Абзал

жақсы жазылған лайк басатын жер болғанда басар едім

Айгерим

Оте жаксы малимет.

Дания

керемет жақсы мәлімет екен

Аружан

өте қызық

Жансая

Күшті бул мағлұмат менің физика дəптерімде

Асель

Өте керемет мен бұл мағлұматтан бұрын білмеген қызық заттарды білдім

Айнара

Өте күшті

Амина

Оте жаксы

Если

Кушти

нурай

ол не үшін кетеді

нурай

керемет

Али

Солай деп ойлаймын мен фотон тусирип алдым

рузанна

маган катты унады интернет барына катты ризамын

Жанат.

25

Маған ұнайды

Ақерке

аика

кушті мәлімет

Дариға

Өте күшті жазылған екен менің сөзім жоқ

Нұрай!

Өте күшті, мынау біз білмейтін мәліметтердің бірі

Нұрай!

Оте күшті

Марта

Өте қажетті мәлімет екен

Алихан

Керемет

Аяжан

Керемет

Аяжан

өте жақсы жазылған

Аяжан

маған ұнады рахмет көп

Мереке

жақсы

Болат

Кемпірқосақ туралы қызықты, пайдалы мәлімет екен

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз