Өлең, жыр, ақындар

Шабытпен барып, табытпен келген өрендер

Қазақтың өрімдей жас батырлары ел алдында борышын өтеуге отан алдына барады. Қазіргі таңда ержігіттердің "әскер" деген сөзді естісе жасқанып қалуының себебі неде? Бұл сұрақ көптің көкейінде шешілмеген жұмбақ секілді із қалдырады.

Аяулы анамыз өз перзентін отан алдында борышын өтеуге жіберген сәттен бастап, жанын шүберекке түйіп отыратын заманға жеттік. Себебі, әрбір үйдің бір-бір отау иесі болған жігіттер "шабытпен кетіп, табытпен келуде". Бұл бейбітшілік пен тыныштық орнаған күнде қандай азап десеңші... 12 мүшесі сау болып қуанышпен барса, артынан қалайша табытпен келуде? Жауабы үнсіздік пен сыры ашылмаған сыр сандық секілді қала бермек.

Болған оқиғаны естіп бір орында есеңгіреп қалдым. Жағдаятты өркениетімізде естімеген жан жоқ шығар. Естігеннің өзінде әрбір адам терең ойға шомылып, таңырқап қалуы ғажап емес дүние. Бүгінгі күні неше түрлі адам шошырлық іс әрекеттерге толы оқиғаның куәгері болмақпыз...

Жаныңды жекідей жейтін оқиғаны, ешқандай адамзат баласының басына бермесін. "Еліміз аман, жұртымыз тыныш", болғай.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз