Мамай көзсіз батырлығымен қатар соғыс өнеріне, айла-тәсілге өте шебер болған. Бірде алпыс шақты ғана жасағымен келе жатқан Мамай батырға жарты мыңға тарта жау кездесіп қалады. Мамайлар әуелде қамысты қопаға қарай шегіне, жедел амал-айланың жөніне көшіп, оған жұбайы ақыл беріп: «Кереге біткенді қалмақтың жолындағы суға тастаңыз, арғы жағын көре жатарсыз» дейді. Айтқандай-ақ, жаудың адамдары судың астында жатқан керегелерге аяқтарын тығып алып, шетінен жам- сай береді. Сайланып тұрған жігіттер суға топылдап жатқан қалмақтарды шетінен қойдай тіліп, көгендей беріпті.
Тағы бір аңыз былай дейді. Қалмақтың үстемдігі жүріп тұрған бір мезеттерде Асы жайлауына асатын жолды бермей өздерінше қиғылық салған көрінеді. Мамайдың жіберген жігіттеріне теңдік бермей: «Қоныс керек болса, батырларыңыз өзі келсін» дейді. Әлгіндей сөздерді естуімен Мамай батыр ұзақ тақымынан түспеген тұлпарын мініп, бар қару-жарағын асынып, өзі барады. Батырды күтпеген жерден ортаға алып, өздерінше арам ойларына көше бастағанда, қалмақтың тобын демнің арасында тоз-тозын шығарып, қатты майдан салыпты. «Берсе — қолынан, бермесе — жолынан» дегендей Мамай батыр Асы тауларының асуын қалмақтардан осылайша тартып алған. Қиян-кескі осы шайқастарда ма, әлде одан кейінгі басқа шайқастардың бірінде ме, дәл дерегі белгісіз, Мамай батыр сол қалмақтар жақтан, қырық бір сарбазымен қайтып келе жатқанда ауруға шалдығып, жол үстінде дүние салады. Қалмақтар батырдың атының ер-тұрманы мен тізгініне у жағып жіберіпті.
Оқуға кеңес береміз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі