Жидебай халқын жаудан қорғаған батыр әрі өткір тілді шешен адам болған.
Бірде Абылай хан аң аулап жүріп бір төбенің басында ұйықтап жатқан адамды көреді. «Бұл неғылған жан?!» деп таңқалған хан әлгі адам орнынан тұрған сәтте:
— Уа, батыр, үйге сыймай далада жатқаның қалай? — депті.
Сонда әлгі кісі:
— Демалуға қазақтың кең даласын қимай қызғанып тұрған өзің кім боласың? — депті. Жолаушының сұсынан сескенген Абылай хан сонда:
— Қазақтың Абылайы мен боламын. Енді өз жөніңді айтшы, — деген екен. Сонда атына ырғып мінген жолаушы:
— Өзіңнің қара басыңның қамын ойлап хан болсаң, қас дұшпаның болармын, қамыққан халқыңның қамын ойлар болсаң, айнымас асыл серігің болармын, — деп сөзге келместен жүріп кетіпті.
Абылай хан нөкерлерін ертіп ордаға келгеннен кейін жаңағы адамға сұрау салады. Сөйтсе, ол Жидебай батыр екен. Сонан хан батырды өзінің әскербасыларының бірі етіп алыпты.
Бір жылы жоңғарлармен болған бір ұрыс кезінде Абылай ханның әскерлері жеңіске жетеді. Жеңіс құрметіне той жасаған хан өз әскерлерінің күшін мақтан етіп, асқақтай сөйлейді. Сонда Жидебай былай деген екен:
— Уа, хан, аяғың алшақ, маңдайың шалқақ екен, күшіңе қарап мақтан. Найзаң тұқыл, садағың тұқыл екен, қамаған жауыңнан сақтан.
Жидебай батырдың тауып айтқан тапқыр сөзінен тосылған хан үнсіз қалыпты.
Оқуға кеңес береміз:
Жәнібек батырдың Абылайдың оң тізесінен орын алуы
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі