Әжібай батыр сарбаздарымен қалмақтарды ысырып тастап келе жатса, алдынан өгіз мінген қалмақ шығады.
— Қол бастаған Қора деген батырың қайда? — деп сұрайды Әжібай. Анау айтпай жалтарады. Әжібай:
— Айтпасаң басыңды аламын, — деп қылышын суырғанда жанынан қорыққан өгіз мінген қалмақ тұра қашады. Қазақтар тұра қуады. Қалмақ ат жүре алмайтын бұралаң жолмен қашып отырып аулына бұрын барады. Барады да, Қора батырға хабар береді. Қалмақтар шалмаларын дайындап, Әжібайлардың жолын күтеді.
Қалмақтардың жол тосқан кілең шалмашылары келген қазақтарды аттан аунатып тастап, шетінен түйрей бастайды. Әжібайдың мойнына шалма ілінбей, қылыш көтерген қолын буып, қарсыласуға шамасын келтірмей найзамен түйреп-түйреп құлатып кетеді. «Қазақтарды жеңдік» деп қалмақтар аулына қайтады.
Қол бастаған Қора батыр: «осылардың арасында Әжібай досым жоқ па екен?» — деп қайта айналып, сұлап жатқандардың тұсына келеді.
— Әжібай, Әжібай, — деп дыбыстайды. Ыңырсып жатқан Әжібай:
— Оу, — деп белгі береді.
Қора батыр Әжібайды көтеріп үйіне әкеледі де, семіз тай сойып, терісіне салады. Денесіндегі жарақаттарды емдейді. Үй астынан ұра қазып, сонда көктемге дейін жасырын ұстайды.
Қалмақтар көктеуге, күнгейге көшетін кез болғанда, Қора Әжібайды еліне қайтарудың амалын ойластырады. Жылқысындағы тұлпар текті көк биесін ұстап, Әжібайды мінгізіп жолға салады.
Оқуға кеңес береміз:
Жәнібек батырдың Абылайдың оң тізесінен орын алуы
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі