Өлең, жыр, ақындар

Көк бие мен көк төбет

Әжібай қалмақ досы берген көк биені мініп ұзақ жол жүріп еліне келсе, аулы орнында жоқ. Қалмақ шауып, жұртта қалғандары басқа жаққа қоныс аударуға дайындалып жатса керек. Өрістегі жылқыны айдап келетін адам жоқ.

— Жылқы қайда жатыр, — дейді Әжібай.

— Көк төбет біледі, — дейді ауыл.

Әжібайдың күшік кезінен асыраған арлан текті, Бөрібасар атты көк төбеті бар екен. Жылқыны сол қасқырға бермей, қыс бойы бағып жүреді екен де, анда-санда ғана ауылға бір соғып кетеді екен.

Әжібайдың келгенін алыстан сезген Бөрібасар көп ұзамай жетіп келіп иесінің аяғына оралады да, қайта тұра жөнеледі.

Әжібай неше күн жол жүріп шаршаса да, көк биені тебінеді.

Көк төбеттің ізімен жылқыны тауып, ауылға айдап келеді.

Көк биені Әжібай үйірге қосады. Сол көк биенің тұқымынан көк қасқа тұлпар туыпты дейді.

Көк төбет Әжібай дүние салған соң бейіт басында ашығып өліпті.

Оқуға кеңес береміз:

Жидебай батыр (І нұсқа)

Жидебай батыр (ІІ нұсқа)

Жәнібек батырдың Абылайдың оң тізесінен орын алуы


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз