Жолбарыс, шошқа және басқа жыртқыш аңдар жаңа қонған ауылдың мал-жанына шаба беріпті. Қалың жұрт жолбарыстарды Үшарал жерінен Шу бойына қуып тастау үшін қамысты өртеуге кіріседі.
Бір күні Алтаңатар ауылының Берден деген батыр жігіті қамыс ішінде ұйықтап жатқан жолбарысқа тап боп қалады. Қашып құтыла алмайтынына көзі жеткен ол жыртқышты тарпа бас салады да, тізерлеп басып алқымынан алады. Балғадай берік қол оның мойнын құрсаудай қатты қысқаны сонша, жыртқыш аң аяқ серпе алмай өліп кетеді. Осы кезде қамыс өртеп жүргендер Берденнің мұнысын көріп қалады.
—Тәңірім-ау, мысық па десем, мынау жолбарыс па еді?— депті сонда Берден таңырқаған болып.
Сол оқиға болған жер қазір «Берден батыр шабындығы» деп аталады.
Оқуға кеңес береміз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі