Шерубай Биболдыұлы он жеті-он сегіз жасынан бастап туған жерін қалмақ басқыншыларынан азат етуге қатысып, отанын қорғауға кіріседі. Ол бірде шаршап-шалдығып келе жатып, бір ақбоз үйге тап болады. Ішінде жалғыз бойжеткен отыр екен. ол бөтен адамнан сескеніп қалады.
— Менен қорықпаңыз, зияным жоқ адаммын, — дейді оны сезген Шерубай. Сөйтіп, шай қайнатылып, дастархан басында отырады да, оның көзі кереге басына ілінген садаққа түседі. Батыр оны алып көреді де, 1-2 рет шіреніп созады. Мұның бәрін қыз тойдан келген әке-шешесіне айтады. Үй иесі Шерубаймен танысып, қонақ етіп, кетерінде сол садақты сыйға тартып, ат мінгізеді. Сөйтсе, ол садақ қалмақтардан түскен олжа екен.
«Сол үшін де иесіз садақты үй иесі Шерубайдың тегін адам емес екенін біліп, тарту еткен» дейді көнекөз қариялар.
Оқуға кеңес береміз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі