Ынтымақтастық пен бірлігі жарасқан елдер қазіргі уақытта аздың азы. Көп ұлтты ынтымағы жарасқан ел қандай? Бұл сұрақтың жауабы баршамызды ойландырып қояры анық. Бір шаңырақ астында, татулықтың жебесі болған ел туралы аз-кем сөз қозғалық.
1 мамыр Қазақстан халқының бірлігі күні барша жұртымызға құтты болсын! Бірліктің символын көрсеткен туған жерімізге мың алғыс. Кең байтақ даламның әсем жеріне, түркі тілдес халықтар, тәуелсіз тыныс алып, ауа жұтқан. Бұл қандай бақыт десеңші.
Ынтымақтастықтың нысаны болған ел - Қазақстан. Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Ресей халықтарын бір тудың астына біріктіріп, бірлігін жарастыруда. Елімізде 130-дан астам ұлт өкілдері бар. Көп ұлтты мемлекет кім десе? Жауабыңыз тәуелсіз Қазақстан елі болсын.
Бұл мереке түркі тілдес елдерге деген құрметіміздің айқын нышаны. Әр ұлт өкілдерінің ұлттық киімдерін киіп, би билеп ізгі құрметімізді паш еттік. Ұлтқа бөлінбей, бір үйдің баласындай тату тәтті өмір сүрудеміз.
"Ынтымақ - бұзылмайтын қорған" демекші, ынтымақтастық пен бірлік күні құтты болсын!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі