Тіл туралы мақал-мәтелдер

Басты бет / Қызықты әрі пайдалы / Тіл туралы мақал-мәтелдер

Cіздердің назарларыңызға тіл өнері жайлы бір топ мақал-мәтелді ұсынғалы отырмыз.

Ана тілің алпыс тілге татиды.

Тіл мәртебесі – ел мәртебесі.

Тіл – ұлттың жаны.

Тіл – достықтың алтын көпірі.

Тіл – көңілдің кілті, көңілдің тілмәші.

Тіл – ойдың шындығы.

Тіл – ақылдың өлшемі.

Тіл – өлшеусіз қазына, өрісі кең әлем. Тілден тілдің кеңдігі болмағанымен, кемдігі жоқ.

Өз тілің – бірлік үшін, өзге тілің – тірлік үшін.

Тілін білгісі келмейтіндер – мәңгүрт.

Тілін білмеген түбін білмейді.

Тілі өлген ел – тірі өлген ел.

Халық үшін өзге тілде сөйлеу қауіпті емес, өзге тілде ойлау қауіпті.

Туған жер – тұғырың, туған тіл – Қыдырың.

Тіл тәтті, бауыр қатты.

Тіл қылыштан өткір.

Тіл сүйексіз болса да, сүйектен өтеді.

Тіл – тіліп түсер наркескен, сөз – өткір жебе тау тескен.

Тіл ерді қабірге салар, нарды қазанға салар.

Тіл қоса алар жер мен көктің арасын, тіл айырар анасының баласын.

Пілден тіл күшті, піл көтермегенді тіл көтереді.

Тілмен тікен де алады.

Аузы құлып сандықты тіс ашпаса, тіл ашады.

Тілмен байланған қолмен шешілмейді.

Тілде тиек жоқ, ауызда жиек жоқ.

Тілі екеудің ділі екеу.

Тіріде жанға тыным жоқ, қызыл тілде буын жоқ.

Тілге шешен, іске мешел.

Ашынғанның тілі ащы.

Ашынған тілді болар, ашыққан ұры болар.

Көнектей басыңа шүмектей тілің жау.

Тіс – тілдің қамалы.

Татуға – тіл, сұлуға – сұқ.

Тексіздік – тілсіздіктен.

Ең тәтті де – тіл, ең ащы да – тіл, ең жұмсақ та – тіл, ең қатты да – тіл.

Қу тіл – қоңылтақ етік.

Сөз қадірін білмеген – өз қадірін білмейді.

Құлаққа кірген суық сөз, көңіліңе барып мұз болар.

Ми ойлағанды тіл тындырады.

Тіл жүйрік емес, ой жүйрік.

Бал тамған тілден у да тамады.

Өткір тіл – дарын, ұзын тіл – жауың.

Кінәлінің тілі қысқа.

Он пәленің тоғызы – тілден.

Қотыр қолдан, пәле тілден жұғады.

Адам тілінен табады, сиыр мүйізінен табады.

Әдеп басы – тіл.

Айтсам, тілім күйеді, айтпасам, ділім күйеді.

Жақсы тауып айтар, жаман қауып айтар.

Жалақ кісі тілінен жазар, таз кісі қолынан табар.

Сыйларға асың болмаса, сипарға тілің болсын.

Бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ.

Ашуың келсе, қолыңды тарт, айтпас жерде тіліңді тарт.

Тіл – бұлбұл, сөз – бұлақ.

Тіл дәмдіні ұнатар, көз әрліні ұнатар.

Тіл қаруы – сөз.

Ер қазынасы – жүрген із, ел қазынасы – көне көз, тіл қазынасы – ескі сөз.

Тіл туралы мақал-мәтелдер, тіл туралы, мақал-мәтелдер,мақал,мәтел,қазақ тілі туралы,тіл мақал,тіл туралы мақал,тіл мақал мәтелдер,тіл туралы мақал мәтелдер

Қажетті сілтемелер:

Тіл туралы басқа да мақал - мәтелдер

Сайттағы барлық мақал - мәтелдер

Ұлағатты сөздер

Өнер-білім, тіл туралы қанатты сөздер



WhatsApp Telegram

Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (69)

Ғалия

Крегін таптым сілтемелерге үлкен рахмет! Бәрі жинақы жақсы жасалған, мақал мәтелдер көп екен

Ақнұр

Керемет маған ұнады

Ақнұр

Маған ұнады көп көп рахмет

Асель

Коп рахмет

Дариға

Керемет

Дариға

Керемет

Сарбиназ

Макал-мателдер оте керемет жане терен магыналы

Айкуміс

Керемет

Ерлан

Тамаша жазылған

Еаеа

Рахмет оте тамаша жазылган Рахмет

Лазат

Керемет мақал

сабина

қадір немесе Абайдың мақал мəтелі барма

Дария

Күшті маған ұнады

Құралай

Керемет мақалалар

Дария

Керемет маған қатты ұнады керегіңді тез табасың

Әйгерім

Өте керемет маған ұнады керегіңді тез табады екенсің

Әйгерім

Өте керемет рахмет

Шохсанам

Көр көп рахмет

Фарангиз

Керемет

Жiбек

Манызы зор, керемет , макалдар

Ақерке

Маған ұнады

Перизад

Маған өте ұнады .Сіздерге рахмет

Перизад

Маңызы зор

Айя

Өте керемет

Айя

Керемет

Жібек

Өте тамаша

Жібек

Өте тамаша жазылған. Сізге рахмет

Балым

Рахмет.Оте комектести.

Myrza

Керемет

Іңкәр

3- деңгей бедері жоқ қамқадан......

Айзере

Күшті мақалдар екен

Арман

Керемет

нурис

кушті

Махаббат

Өте өте жақсы айтылған маған ұнады!

Махаббат

Қатты ұнайды

Сырғалым

МАҚАЛДАР ӨТЕ КЕРЕМЕТ ЖӘНЕ ТЕРЕҢ МАҒЫНАЛЫ,МАҒАН ҰНАДЫ ПАЙДАЛЫ ЕКЕН,КЕРЕГІН ТАПТЫМ КӨП КӨП КӨП КӨП РАХМЕТ,МЕКТЕПКЕ КЕРЕК ЕДІ ТАУЫП АЛДЫ ӘЙТЕУІР,ОСЫЛАЙ ЖАЛҒАСТЫРА БЕРІҢІЗ !!! ТАҒЫДА РПХМЕТ РАХМЕТ !!!!!

гаухарбулак

рахмет коп коп.

Myrza

Өте керемет!

нұрсая

рақмет көп көп өте керемет

Ақылбек

Күшті

Myrza

Өте керемет!

Мақпал

Өте керемет.

Сс

Керемет

Бейсек

Тіл туралы мақал-мәтелдер ең мағыналы, ең әдемі өлеңдер

АҚЖАРҚЫН

Күшті ұнады

Кәусар

Саламатсыз ба! Макалдар оте керемет екен маган катты унады....... Оте керемет тамаша!!!!!!!

унады маган

зоррррррр

нурлан

унады маган

Гауһар ????

Өте керемет маған ұнады оның арқасында жақсы шабыт алдым

Оте керемет жасыныз жузге жетсын

Керемет

Еркежан????❤️

Тамаша мақалдар????????

Айару ????????????✨

Өте жоғары деңгейдегі мақалдар
Көп-көп рахмет 10/10

Айару ????????????✨

Рахмет ????✨????

Айсәуле❤

Керемет мақалдар
Көөөөөөөөөөөп рахмет сізге

Каусар

Алла разы болсын©

Каусар

Рахмееееет

Арыстан

Тіл туралы мақал-мәтелдер

Аян

Дым онша емес сөзі ұйқаспайдығой

Балауса

Керемет айтылған

Нурбек

Оте нашар макалдар????????????

Ақниет

Осы мақалдың арқасында конкурс тан бас жүлделі болдым

Нур

Тіл туралы мақал-мәтелдер жинағы – қазақтың ұлттық болмысын, тілдің қасиетін, мәртебесін соншалықты терең көрсететін нағыз даналық қазына! Bilim-all.kz сайтындағы осы мақалада «Ана тілің алпыс тілге татиды», «Тіл мәртебесі - ел мәртебесі», «Тілі өлген ел - тірі өлген ел», «Тіл - достықтың алтын көпірі», «Тілін білмейтіндер емес, тілін білгісі келмейтіндер - мәңгүрт» сияқты әр мақалдың салмағы жүрекке жетеді. Бұл сөздер тілдің ұлт үшін қаншалықты маңызды екенін, оны сақтау – мемлекетті сақтаумен тең екенін еске салады. Әр мақал – ұрпаққа өсиет, тілді қадірлеуге шақыру!
Мұғалімдерге арнайы пайдалы: қазақ тілі сабақтарында, тәрбие сағаттарында, эссе жазуда, пікірталасқа қолдануға өте ыңғайлы. Оқушыларға тілдің құндылығын сездіру, патриоттық сезімді ояту үшін тамаша материал. Bilim-all.kz-ке үлкен алғыс! Қазақтың ауыз әдебиетін, даналық сөздерін тегін жинап, мұғалімдерге, оқушыларға, барша қазаққа қолжетімді етіп қойғаны үшін. Мұндай жинақтар тілді сақтауға, ұлттық бірлікті нығайтуға зор үлес қосады.
Міндетті түрде кіріп оқыңыз, осы мақал-мәтелдерді жаттап алыңыз – сөзіңізге салмақ қосады, жүрегіңізге от береді! Тіл – біздің басты байлығымыз, оны қадірлейік!

Дико

Қазақ тілі — біздің рухани байлығымыз, қазақтың мәдениеті мен болмысын көрсететін ең маңызды белгі. Осы мақаладан тіл туралы мақал-мәтелдерді оқыған сайын тілдің мәні мен маңызы қайтадан сезіліп, жүрек жылиды. «Ана тілің алпыс тілге татиды», «Тілі өлген ел — тірі өлген ел» сияқты сөздер — жай ғана жазба емес, ұрпаққа айтылған өсиет сияқты. Осы мақал-мәтелдерді оқып, өз тіліңді қадірлеп, оны күнделікті қолданудың маңызын түсінгендей болдым.

Алуа

Қазақ тілінің байлығына таңғалмасқа болмайды. Осы тізімге "Ана тілін ұмытқан — халықтығын жоғалтқан" деген сөзді де қосса болар еді. Қазақша мақалдар мен нақыл сөздерді насихаттау өте маңызды. Өте пайдалы пост болыпты! Мағыналы жазба, еңбегіңізге береке берсін!

Нұрлан

Тіл халықтың байлығы!

Ләззат

Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте!

Салтанат

Тіл туралы ең керемет мақал-мәтелдер!! 👍👍👍

Асел

Рақмет

Мадияр

Мақал-мәтелдердің әрқайсысында үлкен мағына жатыр екен. Ана тілі туралы айтылған ойлар өте әсерлі әрі терең берілген. Осындай сөздерді оқығанда тіліміздің қадірін одан сайын түсінесің.