Корейская косметика премиум класса

Ата Заң. Адам құқығы. Журналист және отандық журналистиканың көрінісі

Ел ішінде немесе кәсіби журналистік қауымдастық ішінде болған соң, еліміздегі сөз бостандығы, баспасөз бостандығы деңгейін объектив бағалай алмаймыз. Субъектив түрде бағалар болсақ, «иә, сөз бостандығы жөнінен бізде бәрі дұрыс» пенен «Қазақстанда сөз бостандығы жоқ» дегенге кез келген жауап беруге болады.

Қайсыбір елдегі сөз бостандығы мен баспасөз бостандығы деңгейіне қандай да бір объектив баға халықаралық рейтингтерде ғана көрсетіледі. «Freedom House» және «Reporters without borders» халықаралық ұйымдары ондаған жылдан бері «Freedom of the Press» және «World Press Index Freedom» рейтингтері көмегімен бүкіл дүниежүзіндегі сөз бостандығы мен баспасөз бостандығы деңгейін өлшеп келеді. Осы рейтингтердегі Қазақстандағы сөз және баспасөз бостандығының жағдайы қандай? 2016 жылғы Freedom House рейтингінде Қазақстан 84 балмен 202 елдің ішінде 183-орында тұр. Қазақстан «еркін емес БАҚ» бар елдер тізіміне енгізілген. Рейтинг әдістемесі журналистер мен БАҚ жұмыс істейтін саяси (ең төмен баға – 40 балл), құқықтық (30 балл) және экономикалық (30 балл) ортаны зерттеуге негізделген. 9 балл иеленген Норвегия 2016 жылғы Freedom House рейтингінде көш бастап тұр. «Шекарасыз репортерлердің» 2016 жылғы индексінде Қазақстан 54,55 балл жинап, 180 елдің ішінде 160-орында тұр. Бұл рейтингтің көшбасшысында тұрған – 8,59 балл алған Финляндия. Freedom House рейтингіндегі сияқты, Қазақстанның «көршілері» – БАҚ жағдайы бізден де төмен елдер. Freedom House баяндамасында Қазақстанның журналистері мен БАҚ жұмыс істейтін экономикалық және саяси орта ауыр екені атап өтіледі: журналистерге шабуыл жасалады, жала жапты деп айыпталады, заңдар мен шектеулер тым қатал, соның салдарынан өзіндік цензура туындап, қазақстандық БАҚ тұншығып жатыр деп айтуға негіз бар.

Қазақстан – жала жабу мен қорлау бойынша қылмыстық жауапкершілік сақталып отырған аздаған елдің қатарына кіреді, ал кейбір санаттар – депутаттар, судьялар, құқық қорғау органдарының өкілдері – БАҚ бетіндегі жала жабудан «қосымша» қорғалған. Қазақстанда бір жағынан журналистер мен БАҚ қызметін реттейтін, ал екінші жағынан кәсіби журналистік қызметті шектейтін заңдар көп. Өйткені, олар ойға қонымсыз шарттар мен талап қояды жә Қазақстанда да өз мамандығына байланысты басын қатерге тігіп жүрген журналистер аз емес. Олар туралы да көп ақпарат беруге болады. Мысалы, «Общественная позиция» тәуелсіз газетінің тілшісі Бақытжан Нұрпейісов соққыға жығылған. «Тасжарған» оппозициялық газетінің тілшісі Артем Миусов жаңа жыл қарсаңында соққыға жығылған, пышақталған. Ал «Азаттық» сайтының редакторы Ермек Болтай мен Бақытжан Нұрпейісов қастандыққа ұшыраған. Осы секілді мәліметтерді көп келтіруге болады.

Қорқыту, үркіту арқылы ауызға қақпақ қою, қатардан шығаруға ұмтылу – біздің қоғамдағы келеңсіз тенденция екені анық. Бұл ретте, сарапшылар «БАҚ туралы» Заңға «журналистердің өзінің, отбасы мүшелерінің өмірі заңмен қорғалады» деген бап енгізілуі керек деген ұсыныс жасады. Өйткені журналистер де төтенше жағдай қызметкерлерімен бірдей өте қауіпті жерлерде, яғни шеруде, жер сілкінісінде, өртте және тағы басқа жағдайларда жүріп, басын қатерге тігеді. Бұл жерде адамның жүйкесіне, жүрегіне үлкен салмақ түседі. Кешегі пандемия кезінде де журналистер өз өмірлеріне төнген қауіпке қарамай, қоғамдық орындардан ақпарат таратып отырды. Бірақ олардың міндеттемелері көп те, құқықтары аз. Сондықтан журналистер қауымына құқықтық, қауіпсіздік, әлеу­меттік жағынан кепілдіктер болу керек не сол талаптардың орындалмауы үшін жауапқа тартуды көздейді.

БАҚ туралы заңның 2 - бап, 1 тармағында «цензураға тыйым салынады» деген дәлелді сөз айтылған. Алайда, бұл баптан-ақ заңның орындалмайтын, тек қағаз жүзінде ғана барын көрсетеді. Тәуелсіздік алған жылдардың өзінде қаншама журналист сот алдында жауапкершілікке тартылды, қоғамдық өмірден, мансабынан шектетілді, қаза тапқанның қарасы көп.

2002 жылды Қазақстандағы журналистер қауымы «қаралы жыл» деп біледі. Сөз бостандығын қорғайтын ұйымдардың бағалауынша, дәл осы жылы елде саяси процестердің үдеуімен қатар сөз еркіндігін тұншықтыру фактілері ерекше артқан.
Дәл осы жылы «Әділ сөз» баспасөз қорғау ұйымы сөз бостандығының бұзылғанына қатысты 1049 хабарлама тіркеген екен. «СолDAT», «Ақ Жайық» газеттерінің редакциясына шабуыл жасалып, «Деловое обозрение Республика» басылымы кеңсесінің өртелгені де дәл осы жыл. Жыл басында Адам құқығын қорғау бюросының қызметкері, журналист Алексей Пугаев көлік апатынан қаза тапса, жыл соңында «Алтын ғасыр» газетінің бас редакторы Нури Муфтах та жол апатынан көз жұмды. Полиция өкілдері Нури Муфтахтың ажалы кездейсоқ көлік апатынан болды десе, журналистер қауымы басқаша байлам жасайды. Бұл оқиға бойынша ешқандай сот процестері болмаған. Полицияның істі тезірек жабуға тырысуы да журналистер қауымының күмәнін ұлғайта түскен.

Журналисті жақсы танитын әріптесі Розлана Таукинаның айтуынша, Нури Муфтах өмірінің соңғы күндері өте қызықты бір мақаланы жаза бастаған.

Іссапарға бара жатып, сол ауданнан хабарласты. Өте қызықты сыни материалға кіріскенін, оны өте тереңнен қазып алып шыққанын және мұның өте қызықты болатынын айтты. Тіпті сериялы түрде мақала болып шығуы мүмкін екенін де жасырмады. Нақты не туралы екенін айтқан жоқ, дегенмен онда конфликтілердің көп екеніне меңзеді, - деді Розлана Таукина.

Бұған қоса, Нури Муфтах өмірінің соңына дейін Қазақстанның Демократиялық Таңдауы партиясын ұйымдастыру ісіне қызу араласып, саясатта да белсенді жағынан көрінген. «Бұл әрине, біреулерге ұнамағаны анық» дейді Розлана Таукина.

Екінші бір талдайтын мәселе, «Қаңтар оқиғасы кезінде әуежайды басып алмақ болған-мыс» журналист Айгерім Тілеужанова 4 жылға бас бостандығынан айырылғаны туралы болсын. Ол жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастырыды деп танылды. Сотталушы жазасын қауіпсіздігі орташа мекемеде өтейді. Сот процесі 2023 жылдың 30 наурызында басталды. Іс қылмыстық кодекстің 272-бабы («жаппай тәртіпсіздік»), 269-бабы («ғимараттарға, құрылыстарға, қатынас және байланыс құралдарына шабуыл жасау немесе оларды басып алу») бойынша қаралды.

«Мен ешқандай кінәні мойындамаймын, өйткені мойындайтын ешқандай кінәм жоқ. Назарбаевтың жүйесі құлады деп, әуежайда сүйіншілеп айқайлағаным рас. Өзім ешқандай кінәлі болмағандықтан, ештеңені мойындамаймын және сол үшін 10 жылға қамау мерзімін арқалау керек болса, оған да көндім», - дейді Әйгерім Тілеужанова.

Көріп отырғанымыздай, бірінен соң бірі белгілі бір бап бойынша қуғындалып, темір тордың артына бұғатталып жатқан журналистердің айтары да бір: «Мен өз кінәмді мойындамаймын. Шындықты айттым». Судьяның бәрі бірдей мемлекет ығына көнеді емес, көнбейтіндер бар, дәлірек айтсақ, болған. Олар қазір қызметінен шектетілген. Міне, Ата Заңы белгіленген, жылдар санап өзгеретін, және мемлекеттің тарапына икемделіп жасалған Заңның тұрқы осы. Осы дүрбелең жол арқылы тәуелсіздікке қол бұлғап, өмірден өтіп кеткендердің арасынан Арон Атабектер көрініп тұр... Қаншама талантты, дарындылардың өмірін қиған мемлекет.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар