...Ханның баласы Құлтай сөзден ұтылып, ауылына келіп жай мәністі шешесіне баяндайды. Нұралының әйелі Оралға кісі жіберіп Сырымды босатуды сұрайды. Нұралы Сырымды босатып алады. Енді Сырым дәлелі болмай қызын Нұралының баласына бермек болып жүргенде, ханға қарсы тағы көтеріліс басталады. Сонда Сырым:
«Нұралыны өлтірсендер де баласы Құлтайды өлтірмендер, бата бұза алмаймын», — деп, тапсырады жолдастарына.
Сырымның жинаған қолы Нұралыны шапқанда, Құлтай төрелердің әскерімен бірге қашады. Сөйтіп жүргенде, Сұлтансиықтың алаша руынан шыққан аталықтың балалары Құлтайды өлтіреді. Сырымның қолына қосылмай, төрелердің әскеріне барып босқа өліп қалғандықтан, «Құлтайдың сорындай» деген сөз халық аузында мақал болып қалған.
Содан кейін Сырым қызын адай Мәмбетәлі деген батырдың баласына береді. Сырымның ондағы ойы адайды өзіне қаратып, көтеріліске жақтастарын көбейту болған.
Оқуға кеңес береміз:
Сырым батырдың шешендік сөздері
Сырымға анасының айтқаны (I нұсқа)
Байбақты Сырым батырдың әкесінің атын Дат деп қоюдың сыры?
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі