«Форбс» журналы денсаулық айдарымен жарияланатын беттерінде Джонни Боуденнің кітабынан алынған әлемдегі ең пайдалы азықтарды жариялады.
Пияз-сарымсақ: Асқазан, простат, өңеш қатерлі ісігіне (рак) қарсы қорғайды. Жүрек ауруы қаупін 20%-ға азайтады.
Фасоль: Салмақты реттеп, қан құрамындағы шекерді қалыпқа келтіреді. Ішек қатерлі ісігі және жүрек ауруларынан қорғайды.
Балық: Қартаюға қарсы ең жақсы азық. Арқан балығы (лосось), сардина, скрумбия балықтарының құрамындағы Омега-3 миды және жүректі қорғайды. Cіңір тізімін реттеп, қан құрамындағы шекерді қалыпқа келтіреді.
Сүт: Витамин, минерал және пайдалы бактерияларға өте бай. Қатерлі ісікке қарсы күресетін CLA қышқылын да қамтиды.
Жаңғақтар: Аптада 5 рет жеу, ұстамалы жүрек ауруы және жүрек ауруларының қауіпін %30-50 арасында азайтады. Бір күн үшін 25 грамдық, бадам (миндаль), жаңғақ, жержаңғақ, орман жаңғағы жеткілікті.
Қызыл ет: Жайлауда жайылған малдың еті, яғни өңдеуден өтпеген қызыл еттер, омега-3 витаминіне бай болып табылады. Қалыпты мөлшерде қолданылғанда қатерлі ісіктен қорғайды. Ақуыз (протеин) және B12 витаминнің қайнар көзі.
Жұмыртқа: Ең зиянсыз ас. Ақуызға бай бірақ каллориясы төмен. Миды қорғайды және көз саулығын күшейтеді.
Брокколи: Барлық қатерлі ісіктердің қауіпін азайтады. Минерал және витамин қоры өте жоғары. Денені токсиндерден тазалайды. Асқабақ, қырыққабат (капуста) қатерлі ісік қауіпін азайтады.
Алма: Өкпенің қатерлі ісігі, астма және қант диабетіне қарсы пайдалы. Құрамында сүйекті қуаттандыратын K витамині бар.
Анар: Антиоксиданттарға бай. Қан қысымын реттейді, тамырларды қорғайды және ісіктердің үлкеюіне тосқауыл болады.
Көк шәй: Қуықтың, ішектердің, тыныс жолы, ұйқы безінің, тік ішектің және асқазанның қатерлі ісікке шалдығу қауіптерін азайтады. Салмақ реттелуін оңайлатады.
Қаражидек (черника): Қатерлі ісіктен қорғайды, есте сақтау қабілетін жақсартады.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Гулзина
Безеуди не кетиреди
Салтанат
Безеуге қол тигізбесе болды.Өзі кетеді.
Сако
Дұрыс тамақтану керек!
Үй жағдайында жасайтын емдер беттке алергия беруі мүмкін (Әр адамның терісі әр түрлі гой) сондықтан косметолг маманына барып кеңес алғаныңыз жөн болатын шығар...
Samina
Өте пайдалы кеңестер екен!Мика
Өте пайдалы кеңестер! Рақмет сіздерге!