Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
Тақырыбы: Жиде – пайдалы ағаш
Секциясы: Табиғат таңғажайыптары
Орындаушылар: №264 мектеп-лицейінің 2 сынып оқушысы
Аты – жөні: Болат Нурмухаммед
Облысы: Қызылорда
Жетекшісі: №264 мектеп-лицейінің бастауыш
Сынып мұғалімі Байкадамова Гулсим Сейткалиевна
2014 жыл
Мазмұны
1. Аннотация
2. Жоспар
3. Кіріспе
4. Негізгі бөлім
5. Қорытынды
6. Ұсыныс
7. Пайдаланылған әдебиеттер
1
Аннотация
Бүгінгі таңта еліміздің экологиялық жағдай алаңдатып отырған кезең болып отыр. Бұл адамзат алдында тұрған үлкен проблема. Туған жерімізді көкалдандырып, ауасын тазартып, халықтыңденсаулығын жақсартып, өмірін жақсарту, пақырланудан қорғау – алға негізгі мақсат бұл бүкіл Қазақстан үшін көкейтесті мәселе.
2
Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім
I. Жиде қандай ағаш?
II. Жиденің адам өміріндегі пайдасы
Қорытынды
Ұсыныс
3
Кіріспе
Табиғат пен адам егіз дүние десек те болады. Өйткені бірінсіз біріне өмір жоқ. Менің туған кентім Шиелінің экологиялық жағдайы алаңдатады. Ауаның ластануы арқасында адамдар жүрек, қан тамыр қысымы, өкпе, демікпе т.б. ауруларға шалдығуда. Бұрын әжелеріміз тек үлкен кісі қайтыс болды десе, қазір жастар да дүниеден көп кетуде. Бүгін бар адам ертең жоқ. Қас қағым сәтте жақындарымыздан айырылып қалып жатырмыз. Бұған қоршаған ортаның ластануы бірінші әсер етуде. Атам қазақ « Бабын тап та, бақ өсір », « Әкеден мал қалғанша, тал қалсын » немесе « Ағаш жемісімен де , желегімен де қымбат » деп кеткен. Біздің жеріміз сортаң топырақ. Кез келген ағаш өсе бермейді. Осы тығырықтан шығу мақсатында өзімнің ғылыми жобамды « Жиде – пайдалы ағаш » деп алып, жиде ағашын зерттеп, халыққа насихаттауды жидеге аса мән беріп кентімізді көкалдандырайық деп, көп қасиеттерін қолдануға ұсыныс бергім кеп отыр.
4
Жұмыстың мақсаты: Еліміздің экологиялық жағдайын жақсарту мақсатында жергілікті жердің топырағының ерекшелігін еске ала отырып, көкалдандыру жолын қарастыру.
Зерттеу жұмысының ғылыми болжамы: Егер жиденің еліміздің сортаң жерлеріне ексек, басқа ағаштардан гөрі шыдамды, берік, жиде жердің тақырлығынан сақтап, еліміздің экологиялық жағдайын жақсартуға ықпалын тигізер еді.
Зерттеу ісінің мәнділігі:Қоршаған ортада өсімдіктің, ағаштардың дұрыс өспеуі – ауаның құрғаунан, ластануына, жер бетіннің тақырлануына апарып адам денсаулығына кері әсерін тигізеді. Егер табиғатта өсімдік өспесе, өлі организммен тірі организмде зат алмасу болмайды. Мәдени емес өсімдіктердің өзі өлкемізге экологиылық өзгерістер әкеліп, табиғат берген сыйын өзгерте алмайтындығымызды ғылыми тұрғыдан қарастырдық.
Зерттеудің тактикалық ерекшілігі: Жиде ағашының қоршаған ортаны қорғауға, адам өміріне толық пайдасы бар екендігі анықталып, табиғат сыйын көбейтуге күш салып, зор мән беру керектігі ұсынылады.
Зерттеудің жаңалығы: Сортаң топырақты Қызылорда облысының жерінде елімізді көгерту, көркейту, экологиялық апаттан құтқару жолының бірі – жиде ағашын өсіру арғылы бал алу, тосап сусындар жасау, жұқпалы аурудан сақтану, арылу үшін дәрі-дәрмек өндіру, косметикалық заттар лак, бояулар шығару, қолөнер, құрылыс заттарын өндіру, отын ретінде пайдалану. Ең негізгісі қоршаған ортаны қорғау.
5
1. Жиде қандай ағаш?
Қорқыт ата жазбасында Сыр бойын мекендеген Оғыз ұлысының бегі Қазанның бел баласы Ораздың аузымен айтылған мынадай асыл сөз жазылған:
« Атың ағаш десем, шамданба, ағаш! О, Мекке мен Мәдениенің есігі болған – ағаш! Ерлерді ері Әлидің дүлділіне ер болған – ағаш! Зұлыпқарға сап болған, - ағаш! Хасан мен Хұсайынға бесік болған – ағаш! Мені саған асар болса, құлап түс ағаш! » - деп келетін айшықты сөз бар. Жиде пайдалы ағаш. Оның қолданылмайтын жері жоқ. Одан ешқандай қалдық қалмайды. « Қалауын тапса қар жанар » дегендейоның діңгегі, бұтақтары, гүлі, жемісі, ұнтағы мен сүйегіде қолданылады. Оны мен қазір дәлелдеймін. Негізі, жиде - жиде тұқымдасына жататын мәдени, жапыраған тастайтын ағаштардың ішінде ең соңында гүлдейтін мәңгі жасайтын ағаш. Дүниежүзінде қоңыржай және субтропиктік белдеуде өсетін үш туысы елудей түрі бар. Қазақстанда екі түрі өседі. Оның бірі сүйір жемісті жиде. Оның биіктігі 3 – 8 метр, бұтақтары тікенді, жапырақтары сыртын майда күмісті түсті тарамдалған түктер жауып жатады. Жапырағы бүтін жиекті кезектесіп, не қарама - қарсы орналасады. Гүлі екі үйлі, қос киде дара жынысты. Жел немесе жәндіктер арқылы тозаңданады. Біздер көшелерге, үйіміздің бау – бақшасына көшеті арқылы тамырымен де, кесіпалап қалемше арқылы кез – келген сортаң жерге өсіре аламыз. Жиде жер талғамайды. Республикамыздың батысында, оңтүстігінде және Жоңғар Алатауында, Іле Алатауында, Қаратауда, сонымен бірге өзіміздің Сырдария, Шу, Талас, Арыс өзендері жағалауында көп өседі. Жиде ағаштың пайдасы зор болғандықтан аудан орталығында, облысымызда өсіруді мақсат тұтып, оның өмірде қолданылып іске асыруды ұсынамын. Жасының ұзақтығы 40-50 жыл. Біздің облыс төңірегінде бұндай аз уақыт ішінде жеміс беріп, ұзақ жасайтын жидеден басқа жеміс жоқ десем қателеспейтін шығармын.
6
2.Жиденің адам өміріндегі пайдасы Жиде 1. Адамды табиғат апаттарынан қорғауға, ауаны тазартуға қолданылады
2. Тамақ ретінде қолданылады 3. Медицина саласында қолданылады 4. Хош иісті бояулар жасауда қолданылады 5. Қолөнер заттарын жасауда қолданылады 6. Үй құрылысы заттарында қолданылады 7. Тұрмыстық заттар жасауда қолданылады 8. Отын ретінде қолданылады 9. Қазақ халқының сенімінде, ырымында қолданылады
Ертеректе көпенділер бірінші ағаш екке оның төңірегіндігі 6 қадам жерге құдық қазған. Одан қырық қадам жер жеке меншігіне көшеді деп түсінген. Бұл қағидаға хандар да, билер де қарсы тұра алмаған. Сонда ағаш өсірудің маңызына апаларымыз үлкен мән бергені көрініп тұр. Ендеше жиде ағашын отырғызып, өз кентіміж, көшемізді таза ұстап, қадірлеп күтуміз керек. Мен жоғарбда айтқандай басқа ағаштардай емес жиде ағашының ерекше қасиеттерін төмендегі мысалдар арқылы дәлелдей отырып өз өлкемізде отырғызып, өсіруді ұсынамын. 1) Адамды табиғат апаттарынан қорғауға, ауаны тазартуға қолданымыз. - жапырақтарыкөміртегіні сіңіріп, оттегіні шығарады; - қоңыржай көленкесінде жазда ыстық, күнге күймей дем аламыз; - кентімізді көкалдандырып, көрқейтеді, жасыл желекке жамылтырады; - жиде ағашымен құм тоқтатуға, арық, өзен бойын бекітуге болады; - гүлінің хош иісі гүлденген кезде ауаны тазартып, адамдардың көңіл – күйінің көтерілуіне әсер етеді; 2) Тамақ ретінде қолданғанда. - 1930 жылдардағы ашаршылық кезінде жиденің ұнтағнан ұн жасап оны илеп нан қылып, пісіріп жеп аштыққан аман қалған; -жыл сайын жеміс береді; - жидеден тосап ( варенье ) жасалады; - сусын ( компот ) жасалады: - жиде балы құнарлы болады. Жиде гүлдеген кезде омарташылар араларын жіберіп бал жинатады . Жиде балын анемия, салқын тиіп иммунитет төмендеген де жесе өте пайдалы. Бұрын ауданымыздағы СПТУ маңында жиде тоғайы болған, Қазір үйлер салынып оның барлығы жойылып кеткен.
3) Медицина саласында қоладанылғанда. - жидеде Е дәрумені көп. Сондықтан гүлін де, жемісінде күнге қаптамай арнайы жерде кептіріліп, қайнатып ішкен; 7 - іш ауруына шалдыққан кезде; 3.1) жиденің қабығының талшықтарын алып
3.2) жиденің жемісін алып 1 литр суға 1 кесе суға салып қайнатып ішкен.Сол кезде іш кету тез тыйылады - жасалған сироптың асқазан, ішек құрылысын тазартуға пайдасы бар;- анемия болғанда, адамның иммунитеті төмендегенде жиде жеу керек;- жиде біздің жерімізде мамыр,маусым айларында, солтүстікте маусым, шілде айларында гүлдейді. Гүлі қош иісті, қызғылт сары түсті. Гүлінің иісі өткір жүз метрге дейін жетіп тұрады;- бала тілеп жүрген отбасы жиде гүлдегенде иісі адам ағзасына әсер етіп, табиғи өгерістер енгізіп, имунитетін күшейткендіктен жиденің астына барып қону керек.Сонда дүниеге сәби келуіне көмегі болады; 4)Хош иісті бояулар жасау. –жиденің гүлінен косметикалық заттар алынады; - иіссулар; - лактар жасайды; - сабағынан алынатын сағызды заттан комедь,лак және бояулар өндіріледі; 5) Жиде ағашын сәндік материал үшін пайдаланады
Ағаштың техникалық қасеті беріктік, сепінділік қасиеттерімен, сәнділік өрнектілігімен бағаланады.
- Жиде ағашынан кесе салғыш, кебеже, қамшының сабы т.б заттар жасалады;
- Жиде ағашының сүйегінен, жапырағынан, бұтақтарынан сан алуан картиналар жасауға болады;
- Сүйегін қайнатып, шайырынан бояу жасауға болады;
- Жиденің қабығын суға қайнатыпта бояу алуға болады;
- Қайнатылып, жұмсар, аң сүйегінен қыз балаларға табиғи әдемі моншақтар жасалады;
6) Құрылсыста -Дінгегін қиып ұсталар үй салуға пайдаланады; -Жас бұтақтарынан қараша үйдің сүйегін жасаған;
7)Тұрмыста- Келі, келсап жасап бұрын әжелер бидай,тары, күріш түйген; - Күбі жасап, айран пісірген;
8) Отын ретінде қураған жиденің бұтағын, дінін пайдаланған
9) Қазақ халқының сенімінде, рымында жиде ағашының қасиетіне сенген.- Найзағай отынан сақтану үшін үйге сексеуіл не жиде ағашының бұтағын іліп қоятын болған.Бұлда ағаштың киелі екендігін білдіреді.Мысалы. 8
тобылғының түбіне қонсаң – басың ауырады, жанғақ астына қонсаң уланасың.
Қорытынды
Жиде ағашының жоғарыды айтып кеткен қасиеттерін, пайдасын негізге ала отырып, туған жеріміздің ауасын тазартуға, елімізді көрқейту, адамзат денсулығын жақсартуға қолдану керек деп ойлаймын. Біздің топырағымыз сортаң, бұл жерде кез келген ағаштың өспейтіндігін есте сақтау керек. Кентіміздің жасыл желекке айналдыру өте қиынға түсіп тұр. Тіпті көп жерлер тақырланып қалуда. Туған жердің тағдыры мені алаңдатады. - Аралдың тұзы - Байқоңыр ғарыш аймағынан келетін зардап - Шиеліден өндірілетін уран газының әсері - Жерімізден өндіріліп жатқан мұнай – газ қалдықтары - Техникадан бөлініп шығаратын улы газдар т.б. адам өміріне үлкен қауіп төндіруде. Мұның бәрі ойландыратын жағдай. Қазір кез келген кішкене баладан кәріге дейін сұрасаңыз « ауыратын жерің жоқ » дегенді айтатындар аз. Балалар туғаннан бас ауруы, қан қысымы, бүйрек, жүрек аурулары т.б. ауруларымен туылады. Тіпті дауна, синдромы бар балалар саны көбеюде. Сондықтан да жаксы өсетін, қай жағынан да пайдалы жеде ағашын егіп, қөкалдандырып, табиғат апатымен күресуіміз керек. Ал еліміздің болашағын ойлайтын біздер екенімізді ешқашан естен шығармауымыз керек. Қазақстанда 1997 жылы БҰҰ « Тақырланумен күресу конвенциясын бекіту » туралы заң қабылданды. Сөйтіп конвенция талаптарын орындау міндеттерін алды. 1999 жылдан бастап стратегиялық бағыттар орындалып жатырн. Нақта айтар болсам, қөқалдандырамыз деп жыл сайын ақша бөліп, ағаштар мен гүлдер отырғызылып жатыр. Бірақ олардың көбі алмай жатады. Кез келген ағашты отырғызбай өзіміздің топырағымыз да өсетін жоғарыда мен айтып кеткен жан- жақты пайдасы бар мәдени, әдемі ағаш жидені отырғызсақ деймін. Кезінеде Алматының көшелерінде алма көп өсіп тұрған емес пе? Кез келген адам дәруменді жемісті сыртан іздемеген. Көшеде келе жатып – ақ апортты жеп кете берген. Бізде жидені отырғызып Кентті қөрқейтіп жақсартсақ нұр үстіне нұр болар еді деп ойлаймын. Сонда халық үшін де, мемлекетіміз үшін де пайдалы іс болар еді. Жиде – пайдалы ағаш деп ала отырып біде – бір қалдық қалмайтын жиде ағашының қасиетін пайдаланайық демекшімін. Егер менің айтқан ұсынысымды тыңдарман қабыл алса, табиғатты қорғауға қосқан үлесім бол еді. 9
Ұсыныс
1. Еліміздің экологиялық жағдайын жақсарту мақсатында, жергілікті жердің топырақ ерекшелігін еске ала отырып, көкалдандыру жолын қарастыру;
2. Жиде ағашының қоршаған ортаны қорғау, адам өміріне толық пайдасы бар екендігі анықталып, дәлелденіп, табиғат сыйын көбейтуге күш салып, зор мән берілсе;
3. Жиде ағашының көптеп өсіру арқылы тосап, сусындар шығаратын өндірісті дамыту;
4. Ең негізгісі – жиде өсіру арқылы қоршаған ортаның экологиялық жағдайын тұрақтандыру.
Пайдаланылған әдебиеттер
1. С.Арыстанғалиев «Жиде»
2. Қ. Ахметов «Жиде тұқымдасы»
3. Р. Әлімқұлов «Қазақ энциклопедиясы» 201 бет
4. М.Қ. Смағұлова «Биология оқушы анықтамасы» Арман ПВ баспасы
5. М. Қонысбеков «Дәрілік өсімдіктер» «Қазақстан» баспасы Алматы 1905
6. Е.М. Үпішев, С. Мұқанұлы «Табиғатты пайдалану және қоршаған ортаны қорғау»
7. Алтынбек Нәлібаев «Ағаш ою » Алматы «Өнер» баспасы 1994 жылы
8. Интернеттен google.kz сайтынан ашық энциклопедиядан материал
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Алма
Жиде талын үйге , шарбаққа егуге болмайды дейд неге екен.