Уақытты тиімді пайдалану ол уақытты басқарумен пара-пар. Уақытты тиімді пайдалану уақытты жоспарлау және оны істе тиімді пайдалану деген сөз, яғни, тиімділікті арттыратын технология.
Әдетте тайм менеджмент кез-келген жобаны әзірлеуде қажеттілік болып табылады, өйткені ол жобаның аяқталу уақыты мен көлемін анықтауға көмектеседі. Енді ойлап қарасақ кез-келген іс-әрекетті бастан-аяқ жоспарлап оны жүзеге асыруды осы технологияны пайдалансақ үнемделген қаншама уақыт көптеген игі іске бастама болар еді. Себебі адам баласы жұмыстан бас алмағаннан да нәтиже болмайды егер ол өз алдына мақсат қойып сол жолда өзіне не қажет, не қажет емес екенін білмесе. Ал тайм менеджмент ол тек уақытты үнемдеуге ғана емес қай іс маңызды ал қай іс ойды текке бөлетін бос уақыт құрту екенін айшықтап береді. Көп ойлағаннан емес көп жоспарлап соған кіріскеннен жұмыс сапасы білінеді.
Ал уақытты басқару принциптері үш құрамдас бөліктен бастау алады: басымдылықтың анықталуы, жоспарлау және құрылымдау.
Басымдылық ол тапсырма үшін оның қаншалықты шұғыл, күрделі және маңызды екенін анықтау керек, содан кейін ғана оны орындауға кірісу керектігін білдіреді.
Ал жоспарлау өз кезегінде тапсырманы орындау үшін оны қашан орындау керектігін және қанша уақыт қажет екенін түсіндіреді.
Осы тұста құрылымдау ол тапсырманы орындау үшін оның орындалу барысы мен нәтижелерін бақылау жолын түсіндіреді.
Айтылған құрылымның барлығынан 15 түрлі тәсілді айқындап соны іс жүзінде пайдалану бізді нәтижеге жеткізеді. Аталған 15 түрлі тәсілге төмендегілер жатады:
1. Дайындық;
2. Арнайы уақыт бөлу, уақыт арнау;
3. Дедлайн қою;
4. Ең ауыр жұмысты алдыңғы кезекке қою;
5. Ең жеңілдерін бірінші аяқтау;
6. Көңілің бұрған істен бастау;
7. Басқа әрекетттерді ертеңге қалдыру;
8. Үлкен жұмыстарды бөлшектеу, жіктеу;
9. Бір уақытта кемінде бір тапсырманы аяқтау;
10. Белгіленген уақыт әдістері;
11. Бір күнде кемінде үш-төрт істі қорытындылау;
12. Жұмыс нәтижелілігі;
13. Өзіңе есеп беру;
14. Нәтижелілік;
15. Қорытынды.
Ал уақытты одан әрі тиімді ету үшін мынадай қағидаларға жүгінсек болады:
1. Өзіңіз ұнататын іспен айналысыңыз.
2. Жоспарыңыздың орындалуын тездететін іспен ғана шұғылданыңыз.
3. "Бүгін және дәл қазір қандай жұмыстар маған пайда әкеледі?” деген сұраққа жауап іздеіңіз.
4. Егер өмір сүруіңізге аз уақыт қалса не істейсіз, соны ой елегінен өткізіңіз.
5. Жоспардың болуы маңызды.
6. Бастаған істі аяқтаған соң ғана келесі іске көшу керек.
7. Тізімді басымдылықпен сәйкестендіріп жасау.
8. Талдау жасау.
9. Ерінбеу.
10. Өзіңізге де көңіл бөле отырып өзіңізді істен жалықтырып алмауға мән беріңіз.
Көптеген адамдарға уақытты зая кетіру үлкен өкініш. Сол себепті де уақыт бізге емес біз уақытқа тәуелді екенімізді ескерсек біз уақыттан оза да, оны қуып жете де алмайтынымызды ескеруіміз керек. Дегенмен уақытты меңгеру арқылы өзімізге ұнайтын іске бір қадам жақындай алатынымызды, оған көңіл бөлетінімізді ескеруге тиіспіз. Ендеше ата-бабамыз уақыттың бағасын жете түсініп, оның қадір-қасиеттерін ұрпақтарына білуді өсиет еткенін ескеріп, біз де уақыттың қадіріне жетіп, бар уақытты текке кетірмей оны бағалап, қадіріне жетіп, уақыттың сырын ұғынайық.
Көпірбай Шолпан
Тұран университетінің студенті
Оқуға кеңес береміз:
Міндеттерді қалай жеңілдетуге болады?
Күнделік рәсімдеу: ақыл-кеңестер, идеялар, үлгілер
Табысты адамдар керісінше жасайтын 11 әрекет
Неге көптеген адамдар еш уақытта жеттістікке жете алмайды?
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі