Кенесары сол кездегі Орал губернасының күншығыс шетіне келген сияқты (қазіргі Қаратөбе ауданының шеті).
Сол кезде қожа руынан Жұмырқожа дейтін кісі Жайық өзенінің оң жағындағы небір уезде, не бір болыста писарь екен. Ол «Кенесарыға қарсы тұру, мүмкін болса оны ұстау» туралы губернатордың жарлығын таратып жүргенде, Жайық өзенінің сол жағасынан үш шолғыншы ұстап алыпты. Алып барғанда:
— Сен қожаның қойын-қонышың толған қағаз болар. Оның маған керегі жоқ, — дейді де жігіттеріне: — Ат мінгізіп, шапан кигізіп ұстаған жерлеріңе апарып қоя беріңдер! — депті.
Содан бастап қожа жарлық таратпай, руы байбақты Омар деген (Сырымның немересі) күшті адамның қасында қалып, Жайық өзенінің сол жақ бетінде қоныс теуіпті.
Оқуға кеңес береміз:
Сырымның Нұралы ханды шабуы (ІІ нұсқа)
Баймағамбет сұлтан мен Сырым батыр
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі