Нашар экологиялық жағдайлар, дұрыс емес және жүйесіз тамақтану, энергетикалық сусындар, химиялық заттар, консерванттар, әртүрлі электронды тұрмыстық техниканың сәулесі, мұның бәрі адам ағзасына зиянды әсер етеді. Бүгін ерлер қауымы үшін денсаулықты сақтаудың және жастықты ұзарту үшін қажетті кеңесімізді ұсынамыз.
Спортпен айналысыңыз, көбірек жүріңіз, мүмкіндігінше жиі қозғалуға тырысыңыз. Таңертең 10-15 минут жаттығу жасау сіздің күні бойы сергек жүруіңізге септігін тигізеді.
Ер адамға барлық органдардың атап айтқанда, жыныстық жүйесінің қалыпты жұмыс жасауы үшін жүйелі тамақтану қажет. Дұрыс тамақтану арқылы ер адам ерлер жыныстық гормондары үшін қажетті материалын алады. Сондықтан тағамда майлардың, ақуыздардың және көмірсулардың жеткілікті мөлшері болуы керек, соның арқасында негізгі еркек гормоны — тестостерон да қалыпқа келеді.
Тестостерон гормоны ерлердің денсаулығы үшін өте маңызды. Оның жетіспеушілігі жүйке және вегетативтік-тамыр жүйесіне ғана емес (ұйқысыздық, тітіркену, есте сақтау қабілетінің бұзылуы, қан қысымның жоғарылауы, терлеу), сонымен қатар өмірге және жұмысқа қабілеттілікке, жалпы қызығушылыққа кері әсер етеді. Тестостерон тапшылығы бұлшықет массасының төмендеуіне және артық салмақ пен майдың жоғарылауына сондай-ақ остеопороздың (остеопороз — сүйектердің жұқарып, нәтижесінде олардың бұзылу мүмкіндігі жоғарылайтын кең тараған ауру, мұндай сынықтар ауру сезімі, бүкірлік, қозғалудың қиындауы сияқты әр түрлі проблемалар туындатады) дамуына әкеледі.
Ер адамның денсаулығы ең алдымен оның несеп-жыныс жүйесінің жақсы үйлестірілген және тиімді жұмысына байланысты, сондықтан ерлер маманы (урологқа) бару тұрақты болуы керек. Көптеген аурулар симптомсыз жасырын жүреді және ер адамды мүлде мазаламауы мүмкін. Өкінішке орай, ер адамдардың көпшілігі достарының кеңесімен немесе жарнамадағы (неше түрлі бал, қоспалармен) өзін-өзі емдеуді қалайды. Шымшық сойса да қасапшы сойсын демекші, сапалы және тиімді емдеу, мамандармен ғана жүзеге асады.
Никотиннің зияны туралы айтпаса да белгілі. Алайда көптеген ерткектер темекіні тастауға қауқарсыз. Никотин қан тамырларының жиырылуына әсер етіп қана қоймай, ер ағзасына қан беруді азайтатынын есте сақтаңыз.
Ең қауіпті және жиі кездесетін урологиялық ауру — өмірге қауіп төндіретін простата обыры (рак предстательной железы). Заманауи диагностика ісік процестерін немесе оларға бейімділікті ерте кезеңдерде анықтауға мүмкіндік береді.
Адамның бақыты сыртқы жағдайларға емес, ішкі дүниетанымына байланысты. Хоббиі бар немесе кез келген нәрсені жақсы көретін адам өз өмірін әлдеқайда саналы және бақытты өмір сүретіні және әдетте құрдастарынан әлдеқайда өзін жақсы сезінетіні дәлелденген. Өзіңізге ұнайтын нәрсені табуға тырысыңыз, ол спорт болсын немесе коллекция жинау т.б. Ең бастысы нәтижеден емес — процестің өзінен ләззат алуды ұмытпаңыз
Оқуға кеңес береміз:
Темекінің миға беретін зияндары
Салауатты өмір салты үшін кеңестер
Неге адамдар 40 жастан асқан соң толып кетеді
30 жастан кейін спортпен қалай айналысуға болады
Темекі тартудың салдары: несімен қауіпті, қандай зияны бар?
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі