Наурызбай көп қолмен (ішінде Кененің өзі де бар) кешке жақын қалың орманда келе жатса, соңдарынан бір зор қабан қалмай еріп отырады.
Наурызбай: «Мына қабанға кім шабады?» — дейді. Жігіттерінің бірі беттеп шыға алмайды. Наурызбай өзі баруға сайланады, бірақ Кенесары Наурызбайға да, басқаларға да билік қойып мынаны айтады: «Ырыссыз елдің ері апанға шабады» деген, бір жерлерің мерт болып, сүйектеріңде таңба қалар», — дейді.
Қабан ымырт жабылғанша, қонатын жеріне тоқтағанша қалмайды. Сонда Наурызбай кейіп, бес қаруын да қолына алып Ақауыз атты қамшымен тартып жіберіп, қабан жаққа қарап шапты дейді. Әлде қайтеді деп соңынан жеті-сегіз жолдасы да ере жөнелген екен. Наурызбай сол бойымен қарсы шапқан қабаннан өтіп кетеді. Ал қабан қарайып көрінген боймен қозғалмай тұрып қалады. Не болды деп келсе, Наурызбай найзамен тұмсықтан шаншып, қылышпен шауып, қанжармен жарып, мылтықпен атып, бес қарудың бесеуін де жұмсап кеткен екен дейді.
Оқуға кеңес береміз:
Сырымның Нұралы ханды шабуы (ІІ нұсқа)
Баймағамбет сұлтан мен Сырым батыр
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі