Халқымыздың тарихында Барақ бірнешеу болып кездеседі. Қайым Мұхамедханов өзінің бір зерттеуінде «қазақ тарихында ұзын саны 12 Барақ болған» дегенді айтады.
Сол он екінің ең басы, кәдуілгі әз-Жәнібектің әкесі. Ал Әбілхайырды өлтіретін, басқа — төре Барақ. Ол 1749 жылы Ташкентте тұрған Жоңғар қонтайшысының ордасында у ішіп өлтірілген деседі.
Қайсар ақын Сәкен Сейфуллиннің «Көкшетау» поэмасында және бір Барақтың аталатыны бар. Ат сипатын бере келіп, ақын: «Жорыққа Барақ батыр мінген, таңдап» дейтін еді ғой. Бірақ поэмада ол Барақтың қай ел, қай тектен екені айтылмаған. Тегі сол көкжал Барақ болуы мүмкін. Өйткені, сол Барақтың «бұқа мойын көк тұлпарын» Абылайханның бірде сұратқаны бартын.
Иә, сонымен халқымыздың өткен-кеткен тарихында Барақ ныспалы батыр көп болыпты. Алайда, солардың ішінде көкжал аталғаны біреу-ақ. Ол найманның көкжарлы руынан шыкқан Шүрекұлы ер Барақ. Рас, өзінің «Жанталас» романында Ілияс Есенберлиннің Әбілхайырды өлтіретін төре Барақты бірер тұста «көкжал» деп жіберетіні бар. Бірақ бұл өз кейіпкерін асыра дәріптеу үшін қолданған теңеу ғана болса керек.
Сонымен халқымыздың өткен-кеткен көне тарихында, ілгеріде айтқанымыздай, бірнеше оғланның қолынан қаза тапқан Жәнібектің әкесі, 1428 жылы Моғолыстан сұлтаны Махмұд Барақ болған екен. Олар: 1. Әз-Барақ; 2. Самархан ханы Наурыз Ахмет Барақ. Бұл — Шайбани тұқымы; 3. Он бесінші ғасырда өткен Шыңғысхан шөбересі Барақ. 4. Әбілхайырды өлтіретін Барақ. Алғашында шекті еліне, кейіннен найман елінің Ергенекті тармағына сұлтан болған; 5. Абылайдың Тоқтаханым тоқалынан туған Сүйік сұлтанның ұлы — Барақ; 6. Солтабайұлы Барақ; 7. Көкжарлы көкжал Барақ.
Біздің тоқталмағымыз да осы Барақ. Бұл Найманның Көкжарлы руынан шыққан, жоңғар шапқыншыларына қарсы ұлт-азаттық туын көтеріскен айтулы қайраткер, жүрек жұтқан батыр. Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бегембай, орда бұзған Олжабай, болашақ хан Сабалаққа арналған қиссаларда «Көкжарлы көкжал Барақ» деп аталатын Барағыныз осы. Мәселен, Көкбай Жанатаевтың «Сабалақ» атты қиссасындағы:
«Қалмақты қойдай қырған қолмен қамап,
Келіпті Көкжарлыдан көкжал Барақ», — деп келетін, иә, болмаса «Қабанбай жырындағы»:
«-Қайтейін көкжал Барағым,
Қапыда кеттің қарағым!», — деген сияқты өлен жолдарынын бәрі көкжал Барақтың тұлғасын ап түсетін керемет сөздер!
Немесе, Шоқан Уалихановтың орыс тіліндегі томдық шығармалар жинағының 1-ші томын, кездесетін мына бір сөздерге назар аударыңыз: » Султан Найманский Барак (кукжал)… сделал набег : дикокаменный киргиз». Академик Әлкей Марғұлан осы сөйлемге әжептәуір мән беріп, мұнда да көкжал сөзінін аталып тұрғанын тілге тиек етеді.
Ал осы көкжал атауына орай айтылып келе жатқан жорамалдар да көп. Біреулер: батырдың желкесін бастап, бүкіл қыр омыртқасының үстіне кәдуілгі жал іспеттес ұзын көкшулан түк есіпті десе, екінші біреулер: жоқ, олай емес екен, батырдың тоқыма кіреукесі айғырдың жалы мен құйрық қылы бірге өріліпті. Шауып бара жатқан пырақтың бет алды соққан желден кәдуілгі жал секілді желкілдейтін көрінеді, содан бар: «көкжал» атаныпты деседі. Тағы біреулер: бұл ат оған қайтпас қайсарлығы үшін, жүректілігі үшін берілген, мәселен қасқырдың арланын да «көкжал» деп атайды, дегенге бейім. Бұлай дегенде, олар Барақтың жас жігіт кезінде таңға жақын жау тобына жалғыз тиіп, жеңіске жол салғанын тілге тиек етеді. Жігіттің сол ерлігіне сүйсінген Қабанбай: «Әй, көкжалым-ай жарайсың!’ деп арқасынан қағыпты, содан ол «көкжал» атанып кетіпті-міс.
Шоқан Уалиханов «Қырғыз ордасының тарих деген еңбегінде көкжал Барақтың 1770 жылы қырғыздарды шапқанын, артынан жеңіліп кашқанын айта келіп, «көкжал» атауына «жалды Барақ» сөзін қоса келтіріпті. Алайда Шоқан пікірінде бір жаңсақтық кеткен. Көкжал Барақты «султан найманский» (найман сұлтаны) деп атапты. Шындығында бұл Барақтың төре тұқымына үш қайнаса сорпасы қосылар ма екен? ата-бабасынан бері қара қазақ. Оның бір қазақ әйелін үш қалмақ әйелінен тараған ұрпақ саны 2( шаңыраққа таяу. Бұлардың бәрі негізінен, Шығыс Қазақстан облысының Күршім, Марқа аудандарында тұрады.
Ерте кезде қазақ руларын негізінен төре нәсілдер билегені белгілі. Осы жағдай Шоқанды шатастыруы мүмкін. Асылы қарадан шықса да Барақ бүкіл Көкжарлы руын ашса — алақанында, жұмса жұдырығында ұстады. Тағы бір айтатын жәйт Шоқан Барақтың өлімі жайында ештене айтылмаған. Алайда батырдың сол қырғыз жорығынан тірі қайтпағаны сөзсіз: «Барақ пен оның жасақтары қырғыздың біраз: ерін шауып, «Қошқар ата» мазарына келіп жатқан ан алдында Әтеке жырық бастаған қырғыз қолы ұларға тұтқиылдан соқтығады. Түн іші қандай қиын. Сасып қалған казақтар алған барлық тұтқындары мен олжаларын сол жерде қалдырып жөнді соғыса алмай, алып берген. Барақтың өзі қолға түсіп қала жаздап, зорға құтылады. Басы оңбаған жорықтың соңы қайтіп оңсын. Осы ойға берілген Барақ сол бетімен елге қайтпақшы еді. Бірақ бұл бір кез «Барақтың кегін қайтару үшін сонау Көкше өңірінен Абылай аттаныпты» деген хабар жетеді. Осыны естіген батырдың жақын серіктері асықпайды, қайта оны жаудан кек алуға қайрайды. Ақыры батыр көнеді.
Сонымен Ақсу және Қызылтуған өзендерінің Шуға құятын тұсындағы кең алқапта Абылай бастаған қазақ қолы мен Әтеке, Садырбала, Есенғұл батырлар бастаған қырғыз қолы түйісіп. атақты «жайыл қырғыны» басталып кете барсын.
Қазақтар үшін бұл соғыс жеңіспен біткені белгілі. Алайда көкжал Барақ сол шайқастан тірі шықпапты. Атына оқ тиген, өзі қоршауда қалған. Көппен жалғыз айқасып жүргенде қырғыздың Тоғалақ (бір нұсқада Домулақ) дейтін батыры желкесінен қанжар салады. Есіл ер 69 жасында осылайша қаза тапқан.
Абылай батырға арнап, зират соққызыпты деседі ел аңызы. Сондай аңыздың бірін тағы бір есіл ер — Сұлтанмахмұт Торайғыров Байжігіт еліндегі Құрман атты қажынын аузынан жазып алған екен. Сұлтанмахмұт архивінен Қайым Мұхаметханов тауып алып, Қабанбай батыр туралы жазған мақаласында пайдаланыпты. Барақтың өлімі сол мақалада едәуір баяндалды да.
Көкжал Барақтың халық алдында ғасырлар бойы ұмытылмас еңбегі — оның жоңғарларға көрсеткен ересен ерліктері. Батыр есіміне байланысты оқиға болған жер байтақ даламыздың әр тұсынан, әсіресе, Шығыс Қазақстан жерінен көп кездеседі. Соғысқа 20 жасынан бастап араласқан ол елу жылға жуық жаумен шайқасып елін. жерін қорғап өтті. Ол әйгілі «Аңырақай», «Бұланты», «Шыңғыстау», «Шаған», «Шорға», «Сібе» соғыстарының бәріне қатысты. Ол Қабанбай қолының бір қанатын — көкжарлы Сарыжомарт руларынан құралған қанатын басқара жүріп, шығыстағы Ертістің оң жағалауынан Алтай тауларына қарай кететін байтақ өлкесін қалмақтардан тазартып шықты. Әрине, жалғыз Барақ қана емес. Қабанбай қолының басқа қанаттарында қимыл жасаған қаракерей елінің Боранбай, Кешу. Ботағара, Еспембет, Ақтамберді, Шыңқожа сияқты батырлары да кереметтей ерлік көрсетіп, құба калмақ-жоңғарларды Аягөз жазығы. Алакөл жағалауы, Шыңғыстау, Тарбағатай баурайларынан қуып тастады. Арқадан ақыртып жеткен қанжығалы Бөгембай Ақшәуілден қайтып еді. Көкжал Барақ өткен жорық жолының тағы бір куәсіндей болып Шар станциясының батыс жағында «Бас Қарауыл» бөлігі тұр. Жарма ауданы орталығының теріскей бетінде көлбей шөккен тауды жергілікті халық «Орта Қарауыл» немесе «Барақ шыққан» деп атайды. Ал Өскеменге таяу тұста «Аяқ Қарауыл» биігі және бар. Осы тарихи аталымның басын құрайтын оқиға желісі көкжал Барақ есімімен тікелей байланысты. Аңыз бойынша «сиырдың қара тілін» мініп қашқан қалмақ шолғыншысын «Бас Қарауыл» мен «Орта Қарауылдан» өкшелеп қуған көкжал Барақ «Аяқ Қарауылда» тұлпар атымен зорға қуып жетіпті. Онда да жеткізбейді екен. Сиырдың айыр тұяғын біріктіріп тіккен жібі сөгіліп кетіп, батыр сол арада шолғыншыны тұтқынға алыпты.
…Шығыс Қазақстан облысының Ұлан ауданындағы Сібе өзенінің сырт жағында «Там» атты тау тұр. Ерте замаңда осы тауды қапталдай қазылған ордың сілемі әлі жатыр. Қар суы ор ішінде көпке дейін сакталады. Сол «Там» тауынын басынан екі жақпар тастың үстіне көлденен тасталған тайқазандай тасты көрер едіңіз. Көлемі «Москвич» жеңіл машинасындай. Соған апаратын таудың орта жолында аумағы дәл әлгідей тағы бір шомбал тас жатады. Тау етегіндегісі тағы бар. Аңыздың айтуына карағанда, осы тауда қазақ пен қалмақ қолы түйісіпті. Соғыспас бұрын қалмақтар жаушы жіберіпті, мынадай шарт кояды: екі жақтан екі мықты палуан шықсын, әлдері жеткенше етектен шөмбші тас арқалап, тау басына дейін көтеріп апарсын. Апара алмаған палуан жағы соғыссыз берілсін десіпті.
Қазақ жағы бұл шартқа келіседі, тас көтеруге көкжал Барақ шығады. Қалмақ жағынан апайтөс дене біреу шығады. Сонымен екі батыр екі тасты арқалап, орта жолға жеткенде, қалмақ мықтысы тасты арқасынан түсіріп, мұнан әріге әлі жоқ екенін мойындайды. Көкжал Барақ тасты сол арқалаған күйі тау басына жетіп, ауыр тасты бүгінгі жатқан қалпында көлбете тастайды. Бірақ қалмақтар уәдесінде тұрмай, сол түні Алтай жағына қарай жылыстай жөнеліпті.
«Там» тауында Барақ көтергендей екі тас Өскемен маңындағы «Алакетка» (Абылай киті) биігінің басындағы жазықта да жатыр. Қалмақ палуанымен бәстесіп, бұл тастарды да Барақ арқалап жеткізіпті. Ескі аңыз осылай сыр шертеді. Бұған қарағанда, Барақтың әрі жау жүрек, әрі жойдауат күш иесі екенін аңғарамыз. Барақ руластарын Күршімнің «Қызылтас» деген жеріне қондырған. Барақтың қазақ әйелі Қойбикеден туған ұлы Бостан. Бостанұлы Тайлақта әлгі тайқазандай алып тасты көтеріпті. Ол тас сол тауда 1970 жылға дейін тұрыпты. Сол жылы біреулер трактормен тартып, құлатып кеткен.
Шежіре кестесіне үңілсек, батырдын көкжарлы руындағы Өтей деген атадан шыққанын көреміз. Әкесінің аты Шүрек. Батыр ата-анадан ерте айрылады да, әкесінің інісі Шонаның тәрбиесінде өседі. Жас қайнысының тегін еместігін сол уақытта байқаған жеңгесі жас балаға арнап, ұстаға кару-жарақ пен сауыт жасатып, жорыққа мінуіне лайықты ат дайындапты. Өтейден бесеу тарапты: Шона, Шүрек, Байгел, Қожық, Жандай. Шүректен үш бала туған. Ең тұңғышы қыз бала, ортаншысы — Барақ, кенжесінің аты Басар. Барақтың казақ әйелі Қойбикеден Бостан, Дос, Кәдір деген балалары болған. Мұнан басқа 3 қалмақ әйелінен туғандары қаншама?! Онын ішінде Топжалдан 4 ұл, Барыннан 5 ұл сүйген. Қазір олардың әрқайсысы жеке-жеке рулардың аты.
Оқуға кеңес береміз:
Наурызбайдың жолбарысты өлтіруі
Құрманқұлдың Наурызбайдың ерлігіне риза болуы
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі