Бөлтірік өте шешен, тапқыр кісі болған. Бірақ мықты батыр кісі болмаса керек. Оның Бөлтірік батыр атануының себебі мынадан екен. Қырғыз, қазақ бас қосқан бір үлкен ас болады. Осы аста қырғыздың қосшы деген шағындау бір атасының ұлынан шыққан Мәмен деген батыр жігіті найза алып сайысқа шығады. Мәменнің бұрыннан сырын білетін қазақтар оған сайысқа шыға қоймады. Ел бөгеліп қалғасын, Бөлтірік: «Атымды әкел, мен шығамын», — дейді. Ел аң-таң, Бөлтірік ат та таңдап мінбей, өзінің жай мініп барған атымен қолына найза да ұстамай шыққан соң, Мәмен іліп тастармын деп тура сайысуға дайындалды. Бөлтірік ыңғайланған Мәменге таянып келіп: «Қырғыздың жуан манаптары сені қосшысынып, қазақтың жуандары мені ыстысынып, өлсе, осы екеуі өлсін. Бәйгені біз аламыз деп шығарып отырғанын көрдің бе? Таста найзаңды, бәйге сенікі болсын. Мен батамды берейін», — депті де, өзі қолындағы найзаны жерге тастайды. Мәмен де найзасын тастап береді деп қолын жайғанда, Бөлтірік жүгіртіп келіп Мәменді талмау өкпеден бір қойып аттан түсіріпті де, бәйгені қазақ әкетіпті. Міне, Бөлтірік осыдан барып батыр атанған.
Оқуға кеңес береміз:
Наурызбайдың жолбарысты өлтіруі
Құрманқұлдың Наурызбайдың ерлігіне риза болуы
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі