Өлең, жыр, ақындар

Амбидекстрия туралы естуің бар ма?

Никола Тесла, Леонардо да Винчи, Альберт Эйнштейн қарапайым адамдардан несімен ерекшеленді? Иә, олар өте ұшқыр, ғылыми биікке жеткен талантты тұлғалар . Одан бөлек олардың «амбидекстрия» деген қабілетке ие болғаны белгілі болды. Бұл сөзді бұрын – соңды естіп көрдің бе?

Амбидекстрия деген не?

Амбидектрия бұл – адамның екі қолымен қатар жұмыс жасай алу қабілеті. Әдетте біздің оң немесе сол қолымыз басым болып келеді. Ал амбидекстрлерде екі қол да доминантты, тең байланыста. Бір уақытта екі қолмен жазып, сурет салу – адам мұрнының иісі бармайтын табиғи ерекшелік. Қарапайым адам бір іске ғана концетрациясын қосса, ал екі жақтылар екі әрекетке де ден қояды. Амбидекстрия санатына жататын адамдар әлемде өте сирек кездеседі. Жер шарында 90% - ы оңқай, 10% - ы солақай болса, 1% - і екі қолын қолдана білетін адамда

Амбидекстрия адам бойында қалай пайда болады?

Кез – келген адам амбидекстр болып туылады. Нейропсихолог Назгина Абдурахманованың сөзінше, « Бала 4 – 5 жасқа толғанша миының қай сыңарының белсенді екені белгісіз болады. Тек осы жасқа жеткенде оның миының ассиметриясы анықталып, баланың бір қоллы еркінен тыс жұмыс істейді. Осы кезде амбидекстр не амбисинистр ( оңқай не солақай) екені анықталады.» Егер бала қаламды оң және сол қолымен алма – кезек ұстаса , амбидекстрия қабілеті бар деген сөз. Бұл дарынды байқаған ата – ана мұқият болу қажет. Баланы еркінен тыс оң немесе сол қолмен жаз деп қыстамаған дұрыс дейді психологтар.

Амбидекстрлердің қандай ерекшеліктері бар?

Амбидекстрлер өте ашық және шығармашылыққа бейім келеді. Әрі олардың екі жақ жартышар миы белсенді қызмет атқарады. Оң жақ жартышар миы – шығармашылыққа, түйсікке ал , сол жақ жартышар – математикалық ойлау қабілетіне, талдауға жауап береді. Амбидекстрлердің өнерде де, спортта да, білімде де бағы жанатыны осыдан. 

Екі жақтылар кез – келген тақырыпты , жаңа нәрсені тез түсініп алады. Олар өте шапшаң ойланады. Бір істен екінші іске жеңіл ауыса алады. Осы жерден ми бөліктерінің белсенді жұмыс атқаратынын байқай аламыз. 

Кез – келген мәселені объективті түрде талдайды және шешімін табады. Себебі , олардың логикалық ойлау деңгейі өте жоғары болады. Бірақ, өте импульсивті және шыдамсыз келеді. Олар атап өткеніміздей, тақырыпты жылдам сіңіріп, жүзеге асырады. Қарапайым мектеп оқушысының үйренетін тапсырмасы олар үшін тым оңай болуы мүмкін. Сол себептен, ылғи жаңа нәрсені үйреніп, ізденісте болғанды ұнатады.

Екі қолды бірдей қолдануды үйренуге болады ма?

Амбидекстрия тек туа пайда болатын дарын емес. Оны жасы ұлғайған, ересек шаққа жеткен адамдар да үйреніп ала алады. Тек осы кеңестерді орындасаңыз, екі қолыңызды жұмыс жасауға, өнермен айналысуға жұмсай аласыз. Ең алдымен, өмірде басымырақ қолданатын қолыңызды емес, сирек «көмекші» қолыңызды іске қосыңыз . Мысалы, егер сіз тамақты ылғи оң қолыңызбен араластырсаңыз, енді сол тірлікті сол қолыңызбен жасауға тырысып көріңіз. Қолға арналған эспандер қысқышымен «әлсіз, яғни басым емес» қолыңызды шынықтырыңыз. Егер кеңседе жұмыс жасасаңыз, компьютердегі пернетақтаны екі қолмен теріңіз. Бұл екі қолдың бірдей жұмыс жасап, миыңыздың белсенділігін арттырады.

Екі қолмен жазып, сурет салғыңыз келсе екі қолыңызды бірдей дамытуға қадам басыңыз.

Садық Медина


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (3)

Аруна

Қызық мәлімет екен

Қанат

Бүгін жаңа нәрсе үйрендім, рахмет!

Cagida

Амбидекстрия туралы естімедім алдын, қызық екен! enlightened

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз