“Мен жастарға сенемін”, - деп жырлаған Мағжан Жұмабаевтың туғанына өткен жылы 130 жыл толды. Ақынның өскелең ұрпаққа деген сенімі жас буынның бойына айрықша жігер беріп, жастарды қолдау шараларының бастамасы бола білді.
Мағжан Бекенұлы Жұмабай – алаш қозғалысының қайраткері, ақын, қазақ әдебиетінің жарқын жұлдызы. Ол әу бастан-ақ әлеуметтік мәселелерді өз шығармаларының тақырыбына айналдырып, ағартушылық және демократияшыл бағыт ұстанды. Кемеңгер тұлға өзінің “Мен жастарға сенемін” өлеңінде болашақ ұрпаққа деген көзқарасын айқын көрсетті.
Бүгінгі еліміздің жастары бұл үмітті өз бағыттарына сай әртүрлі ақтап жүр. Тұңғыш президент Н.Ә.Назарбаев айтқандай “Болашақ – жастардың қолында”. Мемлекеттігімізді жалғар жандарды қолдау барысында бірқатар шаралар атқарылып келеді. Оның бірі әрі бірегейі – 1993 жылы қабылданған “Болашақ” бағдарламасы. 1994 жылы алғаш рет осы жоба аясында 187 студент әлемнің 14 еліне оқуға аттанған болатын. “Серпін”, “Дипломмен ауылға” тағы басқа мемлекеттік қолдау шаралары да осы зияткерлік миграциямен идеялас боп келеді. Мақсаты – жастарды қолдау. Бұл әрекеттерді олар қазіргі таңда қоғам мен жеке мүдде аясында тиімді пайдаланып жүр. Көптеген жастар әлемнің түрлі елінде білім алуда. Халықаралық жобалар мен білім жолында ілгері жылжып, биік шыңға шығып келеді. Алайда барлығының осындай еместігі бүгінгі қоғамның өзекті мәселелерінің бірі.
Дағдарыс кезеңінен шығып, Мағжан артқан сенімді ақтауда тұлғалық дамуға арналған кеңестер өзіндік көмегін тигізе алады. Ең алдымен, нақты мақсат керек. Ол айқын болған кезде ғана келесі деңгейге өте аласың. Екіншіден, жоспар және дисциплина. Аталғандар жүйелі түрде жұмыс жасауға мүмкіндік береді. Үшіншіден, ортаңды дұрыс қалыптастыра білуің керек. Оны дұрыс таңдау да маңызды. Адамға араласатын қоғамы қатты әсер етеді. “Сен маған досыңды көрсет, мен сенің кім екеніңді айтамын” деген сөз текке айтылмаса керек. Төртіншіден, тәуелсіз әрі табанды болу. Қоғамның арасында тасада қалыс қалмауға және сынға мойымауда, сүрінбеуде бұл екі қасиет адамды алып шығады. Жастар өздерінің күш-қайрат, ерік-жігері мен біліміне сай бәсекеге қабілетті қоғам қалыптастыруға ат салысуы тиіс. Бұл Елбасының “Мәңгілік ел” идеясын жүзеге асыруға септігін тигізеді.
Қорытындылай келе, қазақ елінің жастарға артқан сенімі мен үмітінің зор екенін анық аңғардым. Барша жас буын мақсаты – елдің кірпіштерін дұрыс қалауға атсалысу. Жастардың оқу-тәрбие жұмысы түзелмей, жұрт ісі түзелмейді.
Қапиет Ақбота Оралбекқызы
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Жазбаға пікір жазуға рұқсат жоқ.
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі