Салт-дәстүр, әдет-ғұрып

Басты бет / Оқушыларға пайдалы ақпараттар / Салт-дәстүр, әдет-ғұрып

Салт-дәстүр, әдет-ғұрып — Оқушыларға пайдалы ақпараттар бөліміндегі материал.

Материал — салт дәстүр, әдет-ғұрып, болашақ, жоспар — осы тақырыптарға байланысты.

Қазақты салт-дәстүрсіз, әдет-ғұрыпсыз елестету мүмкін емес. Ата-баба жолымен жалғасқан, сан ғасырлар бойы тарихпен үндестік тапқан бұл ұлттық құндылықтарымыз бізді әлі күнге дейін үлкен мәртебеге жеткізіп отыр. Не дегенмен, сыртымыздан қызыға да қызғана да қарайтындар қатары аз емес. Көпке өнеге үлгі болған осы салт-дәстүр мен әдет-ғұрып қазіргі таңда маңызын жоғалтып жатқандай көрінеді. Шыңдығында, қазақ қазақ болып қалыптаспай тұрғанда тек қана бұлар емес жалпы дінде, тілде құрудың сәл алдында тұрған еді. Бұл туралы айтар ауыз бен тыңдар құлақ аз болсада тарих бетінде біз секілді көзі ашық жастарға барлығы бүкпей жазылған. Ия, ол кезде қысым көп болды, бейкүнә халық шарасыз болды. Ал қазір маңызын жоғалтып жатқан сан-алуан салт-дәстүр мен берері мен берекесі мол әдет-ғұрыптарымызды қайта жаңғыртуға не кедергі? Біздің санамызға сіңген, күнделікті өмірде ұстанатын ұлттық болмысымыздан басқа бізді ештене тура жолға салмайды. Бәлкім сол себептен болар қазіргінің ақылдылары батыстың мәдениетіне еліктеп жүргені. Салт-дәстүріміздің пайдасы көп бірақ маңызы жоқ. Ата-бабамыз мұра етіп қалдырған бұл баға жетпес байлығымызды дәріптемеу біз үшін күнә емес пе? Қайтадан салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар жаңғырып, ықпалын арттырса қой аузынан шөп алмас, қарапайым қазақ бәлкім тәубесіне келер. Әрбір адамның өз орның көрсетіп, тәрбиеге, әсіресе қыз мәртебесі мен ер-жігітке тән қасиеттерді айшықтап көрсеткен біздің ұлттық болмысымыз мүлдем күшін жойса онда халқымызға басқа не қалмақ? Онсызда тіліміз құрудың алдында тұр, ал дінді дәріптеп жатқан жандар саны аз. Енді осы бойымызға біткен салт-дәстүр мен әдет-ғұрыптар ықпалын жоғалтса болашағымыз бұлыңғыр деуге себеп бар. Бұрынғыша ұстанбасақта заманға сай жаңалап алсақ бізге басқа ұлттар келіп басымызды алмас. Бізді ерекшелеп, тұрмыс-тіршілігімізді мәнді ететін осы салт-дәстүр, әдет-ғұрып екендігін ұмытпайық ағайын. Есті адам болса осы мақаламнан ой түйер деген сенімдемін.

Алина Ажар



WhatsApp Telegram

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Салт-дәстүр, әдет-ғұрып деген не?

Бұл бетте Салт-дәстүр, әдет-ғұрып тақырыбы бойынша негізгі материал берілген.

Бұл мақала қай бөлімге жатады?

Бұл материал Оқушыларға пайдалы ақпараттар бөліміне жатады.

Осы тақырыпқа ұқсас материалдарды қайдан табуға болады?

Ұқсас материалдарды осы беттегі тегтер, бөлім сілтемелері және төмендегі қатысты материалдар арқылы көруге болады.

Осы тақырыпқа қатысты басқа материалдар

Салт-дәстүр, әдет-ғұрып материалы Оқушыларға пайдалы ақпараттар бөліміне жатады. Осы тақырыпқа жақын жазбаларды бөлім, тег және автор сілтемелері арқылы табуға болады.

Оқушыларға пайдалы ақпараттар бөліміндегі басқа материалдар салт дәстүр тақырыбындағы материалдар әдет-ғұрып тақырыбындағы материалдар болашақ тақырыбындағы материалдар жоспар тақырыбындағы материалдар қоғам тақырыбындағы материалдар ұлттық құндылық тақырыбындағы материалдар azharalina жариялаған басқа материалдар