Тіл — мемлекеттің тұғырлы тірегі, халыктың рухани байлығы, өткені мен болашағының айқын көрнегі. Ана тілінің қадір-қасиетін біле білген халқымыз оны ұлттың рухына, қазына байлығына балайды. Біздің осындай халыктық қасиетті мұрамыз, ана тіліміз — қазақ тілі.
Қазақ тілі — Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі болып саналады. Қазақ тілі — әлемдегі тілдердің ішіндегі ең бай, келбетті тілдердің бірі. Қазақ тілі қазақ халқының ана тілі. Қазақ тілі — халқымыздың рухани байлығы, атадан балаға, ұрпақтан-ұрпаққа мирас болып қалып отырған баға жетпес асыл мұра. Ана тілдің қасиеті туралы қанша айтсақ та таусылмайды. Азаматтың қолындағы барлық асыл заттары тозады, жоғалады, ал тіл тозбайтын ең қымбат мұралардың бірі. Қазақтың біртуар ақыны М.Жұмабаев: “Ұлтқа тілінен қымбат нәрсе болмақ емес, бір ұлттың тілінде сол ұлттың сыры, тарихы, тұрмыс тіршілігі, мінезі айқын көрініп тұрады” — деген. Тіл байлығы — әрбір ұлттың мақтанышы. Әр азамат өзінің ана тілін, көзінің қарашығындай қарауы және ана тілінің орынсыз шұбарлануына қарсы тұруға тиісті.
Қазіргі жастардың бір қатары ана тілін білмейді, құрметтемейді. Ал кейбіреулері бірінші орынға шет тілдерін қойып қазақ тілі қазағымыздың байлығы екенін түсінбейді. Тіл туралы жазу, ол туралы айтудан қашпау да, жалықпау да керек. Себебі тіл бүкіл бір халықтың жүрегі. Оның бойында ұлттық болмыс, ұлттық рух, дәстүр мен салт жатыр. Сондықтан әр халық өз тілінде мақтанып қана қоймай, оны дамытып, жұмыс жасауы керек. Себебі қазір әлемде жойылып кетуі мүмкін тілдер қатары бар. Бұл тілдер қолданыстан қалып, сөйлеуі мен өмір сүруін тоқтатқандар. Оған басты себеп сол ұлттың не халықтың жойылып кетуі тікелей себеп болады. Одан қала берді отарға тап болған елдердің де тілдері сол держава тіліне бағынып, өз өмір сүру салтын жоғалтады.
Тіл — ең ұлы қару. Тіл — ең асыл құндылық. Тіл — ең керемет қатынас құралы. Әлемдегі ең көп таралған тіл — ағылшын тілі. Себебі оның таралу және қолдану аймағы кең. Ал ең сұлу тіл деп француз тілін атайды. Дегенмен осы қатарға өзіміздің қазақ тілін де қосуға болады. Неге?
Қазақ тілі — әлемдегі мағынасы көп, синонимдік тіркесі мол, сөйлеу стилі сұлу, ерекше тіл. Тек қолданатын халықтың саны аз демесеңіз, бұл тілдің құдіреті ерекше.
Қазір бәріміз бейбіт, тыныш заманда өмір сүріп жатырмыз. Бірақ қолда бар асылымыз тілімізді бағалай алмай жатырмыз. «Өз алдына ел болуға өзінің тілі, әдебиеті бар ел ғана жарай алатындығын біз ұмытпауға тиістіміз» деп Ахмет Байтұрсынов атамыз айтқандай, айрандай ұйыған береке бірлігімізді сақтап, тәуелсіз Отанымыздың болашағын жарқын ету үшін, тілімізді қадірлеп, құрметтеуіміз керек. Сол себепті де өзгенің емес,өз еліміздің тілін ұлықтап, мәртебесін асырайық!
Қазақстанда өмір сүретін әр азамат елін ойласа, ұлтының рухын ойласа, мемлекеттік тілді дамытуға үлес қосуы қажет.
Қазақта «Тіл тас жарады, тас жармаса, бас жарады» деген керемет нақыл сөзде айтылғандай, тілдің құдіретін бүгінгі жас ұрпақ ерте сезінуі керек.Алға қойған ұлы мақсаттары бар, ертеңіне сеніммен қарайтын, жастары алғыр, жаңалыққа жаны құштар, рухы биік ел ғана Мәңгілік ел болып ғасырлар бойы жасайды.
Олай болса ата-бабаларымыз салған сара жолдан таймайық, елдігімізбен туған тіліміз мәңгілік жасай берсін!
Жаңа Қазақстандық патриотизм дегеніміздің өзі — Мәңгілік Ел, Мәңгілік тіл! Ол — барша Қазақстан қоғамының осындай ұлы құндылығы. Қазақстанның болашағы қазақ тілінде! Тіл тағдыры — ел тағдыры екенін еш уақытта ұмытпайық!
Иса Аяжан Қанатқызы
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі