Жаз — барлық тіршілік иесіне "жан бітетін" уақыт. Адамдардың өмір салты мен мінез-құлқы ұқсамайтыны секілді, жануарлар мен жәндіктердің өздеріне ғана тән ерекшелігі болады. Қараңғы түскен шақта тіршілігі енді басталатын жәндік түрлері де бар. Дегенмен, өзін өлтіретінін біле тұра жарыққа қарай ұшатын көбелектердің әрекеті басқаларға қарағанда әлдеқайда жұмбақ көрінеді. Бұндай көбелектерді "табиғаттағы суицид жасаушылар" деп те атайды.
Ғалымдар түнде өмір сүрсе де, жарыққа еріксіз ұмтылатын жәндіктер жайлы әлі күнге дейін зерттеу жүргізіп келеді. Жарық, соның ішінде шам оты өлтіретінін білсе де, тым жақын ұшуының себебі неде? 1917 жылы зерттеуші В. фон Будденброк бұндай жәндіктердің өзіне тән ұшу аймағы барын анықтаған. Зерттеуші өз жұмысында көбелектердің ұшу әрекетін логарифмді спиральмен түсіндірген. Ортада жарық пен жылу көзі орналасады. Нақтырақ айтсақ, жарыққа қарай ұшқан жәндіктер шам жанында кездейсоқ реттілікпен емес, белгілі бір заңдылыққа сүйеніп ұшады.
XX ғасырдың белді зерттеушілернің бірі Владимир Борисович Чернышев жарықтың кесіренен өз ағзаларын басқарудан қалған көбелектерде төнген қауіптен тез арада алшақтау үшін, тоқтаусыз ұша бастайды дейді. Қалыпты жағдайда, олар үшін қауіпсіз аймақ олар үшін жарық көзі саналатындықтан, олар еріксіз жарық пен жылуға қарай ұшады. Өйткені, түнгі жәндіктер үшін қауіпсіз уақыт — күн шыққан сәт. Ал, шамға олар күн шықты, еш қиындықсыз тынығуға болады деген түйсікпен ғана қонатыны белгілі болған.
Оқуға кеңес береміз:
Жұлдызқұрттардың сұлу көрінісі
Көбелектер жайлы бірнеше дерек
Жәндіктер туралы қызықты мәліметтер
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі