Өлең, жыр, ақындар

Қыздан сорлы пенде бар ма?

Құдайдан айналайын қыз қылмаған,

Сүйегім қызды көрсе қызғындаған.

Дүниеде қыздан сорлы пенде бар ма,

Пұлындай саудагердің тозғындаған... – деп жазылған мына өлең жолдары қазақтың қоғамдық және рухани санасын оянуына үлкен үлес қосқан «Айқап» журналында «Қатын алу, ерге шығу» мақаласында қазбаланған еді. Қазақ қоғамында әлі күнге дейін белең алып келе жатқан, шешуі қиын шырбаудай болған мәселе – қыз тағдыры. Басылымның шыққанына бір ғасыр болсада, мақала өзектілігін жоғалтпаған. Неге десеңіз, тағдырмен таласып, ғасырлармен қанаттасып, жылдармен жалғасып, заманмен дәріптеліп келе жатқан қазақы тәриемізде ер мен әйелдің жынысына қарай өзіндік орнын айшықтап бөлген. Біздің қоғамда ердің орны түз, ер басшы, ал әйелдердің рөлі үй тіршілігі мен бала тәриелеумен шектелгені рас. Қыз баласы көз ашып, бой жеткенге дейін қатаң тәриеде болатыны және болашағы үшін бөгденің шешім қабылдауы қанға сіңген қалып болғалы қашан... Өзі сүймеген, тіпті мүлде танымайтын өзге жанға қызғалдағын күң іспетті бере салады. «Қыздан сорлы пенде жоқ» - деген өлең бөтен халықта болмаған, тіпті болмайды да. Бұл жайлы автор мақалада анық, нақты көрсетіп өткен. Кез келген халықтың өзіндік кеңінен таралған шығармаларын оқи отырып, сол елдің мәселесін, хәл-ахуалын ұғуға болады. Біздің жүрегімізді тіліп өткен түрлі қатал тағдырлар, осы өлеңде құдды жан бітіп сөйлеп тұрғандай. Мақалада бұл тағдырлармен таныс екенімізді және оны ары қарай толтыруды мақұл көрмей, мәселені қысқа қайтарды. Жақсы күннің ауылы алыс емес екенін меңзеп, халыққа «Құда болып, құдай десіп, бір жасар балаға бір жасар қызды айттырып қоюды тастаңыз, әйел затын кем көрмей, еркекпенен тең көріңіз!» деп өзіндік қорытынды сөзін жалғастырды.

Қазақ – таза, текті, өнегелі халық. Біздің  халық ықылым заманнан бері әйел затына, анаға деген ерекше ыждақатпен құрметтегенін жоққа шығара алмаймыз. Әрине, көпке топырақ шашпайыз. Тек қазағымыздың төл мәдениетін бұрыс қолданатындардың қатары көбейгендіктен, мақала мәселенің үстінен дүп түсіп отыр. «Қазақта кемшілік көп, бұл күнде сол кемшіліктер туралы сөздер жазылып жатыр» - деген сөздерден, мінсіз ешнәрсе болмайтыны және кемшілікті жөндеу арқылы, саналы қоғам құратынымызға сенеміз.

Мейірқұл Күнсұлу Мұратқызы журналистика факультетінің 1-курс студенті,

жетекшісі: фил.ғ.к., доцент Р.С.Жақсылықбаева.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Пікірлер