Амазонка тропикалық орманы туралы қызықты деректер

Басты бет / Қызықты деректер, Пайдалы мәліметтер / Оқушыларға пайдалы ақпараттар / География / Амазонка тропикалық орманы туралы қызықты деректер

Амазонка тропикалық орманы туралы қызықты деректер — География бөліміндегі материал.

Материал — Амазонка, амазонка орманы, тропикалық, қызықты деректер — осы тақырыптарға байланысты.

Амазонка-әлемдегі ең үлкен тропикалық орман. Ол тоғыз мемлекеттің (Бразилия, Перу, Колумбия, Венесуэла, Эквадор, Боливия, Гайана, Суринам, Француз Гвианасы) аумағында орналасқан.Амазонка орманының  көлемі 6,5 миллион шаршы шақырымды алып жатыр. Ұлан-ғайыр аумақта өсімдіктер мен жануарлардың миллионнан астам түрлері мекендейді. 

Ғалымдардың зерттеуі бойынша,Амазонка орманында  400-500 жабайы тайпалар мекендейді.Олардың шамамен 50-ге жуық тайпасы ешқашан сыртқы әлеммен байланыспаған .Дегенмен, кейбір жергілікті тайпалар заманауи өмір салтын амазониялық өмірмен үйлестіріп,тұрмыс-тіршілігін жалғастыруда.

Амазонкада жеміс ағаштарының 3000-нан астам түрі бар,ал батыста бар болғаны 200-ге жуық.Сонымен қатар, өзенінің жағасында 800-ге жуық пальма түрлері өседі.

Амазонка тропикалық ормандарында жаз, қыс, күз ,көктем сияқты мерзімдік маусымдар болмайды.Орманда жыл бойы жаңбыр жауады. Жаңбырлы маусымда су қоймасының ені елу шақырымға жуық ұлғаяды.

Амазонка тропикалық орманы-өзінің фаунасы мен флорасының байлығымен таң қалдырады. Орманда өсімдіктердің  40000 түрі  ,балықтың 3000 ,құстардың 1294 ,сүтқоректілердің 427 ,қосмекенділердің 428 , бауырмен  жорғалаушылардың 378 түрі және көптеген омыртқасыз жануарлар кездеседі . Олардың көпшілігі әлі толығымен зерттелген жоқ.

Жасыл анаконда амазонка өзеңінде мекендейді.Жасыл анаконда-әлемдегі ең үлкен жылан,оның ұзындығы 9м құрайды.Ол адамды азық ретінде қарастырмайды ,бірақ,ересек адамды оңай өлтіріп жіберуі мүмкін.

Амазонка сирек кездесетін көптеген балықтардың мекені. Онда ұзындығы 4 метрге жететін, салмағы 500 келіге жететін қызғылт дельфиндер мен алып бұқа балықтарын көруге болады. Сонымен қатар, өзен суында ірі жануарларға шабуыл жасай алатын ұстарадай өткір тістері бар атақты пиранья балықтары кездеседі.

Амазонка өзенінің   4000 м тереңдігінде  ең үлкен жер асты өзені ағып жатыр.2011 жылы ғылыми қоғам Бразилияда жер асты өзенінің ашылуы туралы жаңалықты қызу талқылады. Нысан 45 жыл бойы Амазонка табиғатын зерттеген ғалымның атымен “Хамза “бейресми атауын алды.Хамза өзені 4 км тереңдікте орналасқан;ені 400 км, ал ұзындығы 6 мың км-ге жетеді;батыстан шығысқа қарай Амазонкаға параллель ағады;Атлант мұхитына құяды.Оның Амазонкадан айырмашылығы, Хамзаның суы тұзды.

Амазонка орманын “ғаламшарымыздың өкпесі”деп атайды.Себебі,Жер шарындағы оттегінің 20%-ын осы орман өсімдіктері түзеді екен. 

Дәрілердің 25%-ы осы орман өсімдіктерден әзірленеді. 2011 жылы өткен халықаралық бәйге нәтижесінде Амазонка әлемнің жеті кереметінің бірі деген атақ берілген.



WhatsApp Telegram

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Амазонка тропикалық орманы туралы қызықты деректер деген не?

Бұл бетте Амазонка тропикалық орманы туралы қызықты деректер тақырыбы бойынша негізгі материал берілген.

Бұл мақала қай бөлімге жатады?

Бұл материал География бөліміне жатады.

Осы тақырыпқа ұқсас материалдарды қайдан табуға болады?

Ұқсас материалдарды осы беттегі тегтер, бөлім сілтемелері және төмендегі қатысты материалдар арқылы көруге болады.

Осы тақырыпқа қатысты басқа материалдар

Амазонка тропикалық орманы туралы қызықты деректер материалы География бөліміне жатады. Осы тақырыпқа жақын жазбаларды бөлім, тег және автор сілтемелері арқылы табуға болады.

География бөліміндегі басқа материалдар Амазонка тақырыбындағы материалдар амазонка орманы тақырыбындағы материалдар тропикалық тақырыбындағы материалдар қызықты деректер тақырыбындағы материалдар қызықты фактілер тақырыбындағы материалдар География тақырыбындағы материалдар meyirimkumarova жариялаған басқа материалдар