Отбасы адамның тілеуі мен тіреуі,ұлттың тірегі. «Отан отбасынан басталады» дегендей,әр бір отбасы мүшесі өз бойында және отбасындағы бүлдіршін бойында өз ұлтына деген махаббатты дамыту керек. Өз анасын,әкесін,бауырын сүйіп өскен бала, өз отанында сүйе алады. Барлық тәрбие мен қоршаған ортаға деген сүйіспеншілік бала бойында отбасында қалыптасады. Отбасы-баланы бар жақсылыққа үйретіп,мейірім шапағатына бөлейтін орта. Болашақта әр бір отбасыда ұлттың тірегі болар бала өсуі үшін, бала тәрбиесіне аса көңіл бөлген жөн. Әсіресе, отбасында әке мен ананың алар орны бөлек, әрі ерекше. Анасының шуақты күлкісі мен мейіріміне, әкесінің адалдығы мен қайсарлығына тәнті болып, осы қасиеттерді бойына сіңірген бала нағыз ұлт жанашыры болып өседі. Не себепті?. Себебі бала анасынан көрген мейірімінің арқасында, өз ұлтының халқына мейірбан,қамқор жан болып өседі. Әкесінен көрген адалдық пен қайсарлықтың арқасында,бала өз халқына адал болып,отанын жаудан қорғай алатын қайсар азамат болып өседі. Отбасыдағы тәлім-тәрбиенің орны бөлек. Егерде әр бір ата-ана бала бойында осы қасиеттерді дамытуға ат салысса,қазақ елінің болашағы жарқын болып,патриоттарымыздың саны артатыны сөзсіз.
Тлеубердина Асем Асқарқызы
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Жанат
Жарайсың❤️
Жанат
Жарайсың!