Абай Құнанбайұлының педагогика және мораль туралы афоризмдері

Басты бет / Оқушыларға пайдалы ақпараттар / Мұғалімдерге пайдалы ақпараттар / Абай Құнанбайұлының педагогика және мораль туралы афоризмдері

Абай Құнанбайұлының педагогика және мораль туралы афоризмдері — Мұғалімдерге пайдалы ақпараттар бөліміндегі материал.

Материал — Абай Құнанбаев, Абай Құнанбайұлы, Афоризмдер, қанатты сөздер — осы тақырыптарға байланысты.

Артық ғылым кітапта,

Ерінбей оқып көруге,

* * *

Әр елдің, тілін, өнерін білген кісі онымен бірдейлік

пікірлесе алады, аса арсыздана жалынбайды.

* * *

Әсемпаз болма әрнеге,

Өнерпаз болсаң арқалаң.

Сен де — бір кірпіш дүниге

Кетігін тап та, бар, қалан!

* * *

Баламды медресеге біл деп бердім,

Қызмет қылсын, шен алсын деп бермедім.

* * *

Болмасаң да ұқсап бақ,

Бір ғалымды көрсеңіз.

Ондай болмақ қайда деп.

Айтпа ғылым сүйсеңіз! —

* * *

Білімдіден шыққан сөз,

Талаптыға болсын кез.

* * *

Білімсіздік — хайуандық.

* * *

Біреуден біреу артылса,

Өнер өлшеніп тартылса,

Оқыған, білген — білген-ақ,

Надан — надан-ақ сан қылса.

* * *

Бір ғылымнан басқанын,

Кеселі көп асқанға.

* * *

Ғалым болмай немене,

Балалықты қисаңыз?

* * *

Ғылым таппай мақтанба,

Орын таппай баптанба.

* * *

Ғылымды үйренгенде ақиқат мақсатпен білмек үшін үйренбек керек.

* * *

Ғылымсыз дүние жоқ.

* * *

Дүние де өзі, мал да өзі.

Ғылымға көңіл бөлсеңіз.

* * *

Дүниенің ғылымын білмей қалмақтық — бір үлкен зарарлы надандық.

* * *

Еждиһатсыз, михнатсыз,

Табылмас ғылым сарасы.

* * *

Жасымда ғылым бар деп ескермедім.

Пайдасын көре түра тексермедім,

Ер жеткен соң түспеді уысыма,

Қолымды мезгілінен кеш сермедім.

* * *

Жатқан надан не білер,

Көңілге сәуле қонбаса.

* * *

Көзінен басқа ойы жоқ

Адамның надан әуресі. ..

* * *

Надандық — ғылым-білімнің жоқтығы.

* * *

Орыстың ғылымы — өнері дүниенің кілті, оны білгенге дүние арзанға түседі.

* * *

Оқыған білер әр сөзді.

Надандай болмас ақ көзді.

* * *

Өзің үшін үйренсең,

Жамандықтан жиренсең,

Ашыларсың жылма-жыл.

Біреу үшін үйренсең,

Біреу білмей, сен білсең,

Білгеніңнің бәрі — тұл.

* * *

Өзі өнерсіз өмірден тез. суынар,

Ойланған жолаушыдай бос қалғаның.

* * *

Өзің тірі болсаң да, көкірегің өлі болса, ақыл табуға сөз ұға алмайсың.

* * *

Өнер — өзі де мал, өнерді үйренбеқ — иһсан. ("иһсан" - игілік, жақсылық)

* * *

Таразы да, қазы да өз бойыңда,

Наданның сүйенгені көп пен дүрмек.

* * *

Пайда ойлама, ар ойла,

Талап қыл артық білуге.

* * *

Талап, ұғым — махаббаттан шығады.

* * *

Шәкіртсіз ғалым — тұл.

Адам баласын бауырым деу — жүрек ісі.

* * *

Адам баласына адам баласының бәрі — дос.

* * *

Адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселерден озады.

* * *

Адамшылықтың алды — махаббат, ғаделет, сезім. Бұл ғаделет, махаббат, сезім кімде көбірек болса, ол кісі — ғалым.

* * *

Адамның адамшылығы істі бастағанынан білінеді, қалайша бітіргендігінен емес.

* * *

Адамның адамшылығы — ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады.

* * *

Әкесі ұрысса балаға о да — достық,

Баласы ұрысса әкеге жараса ма?

* * *

Әкесінің баласы — адамның дұшпаны, адамның баласы — бауырың.

* * *

Әрбір жаманшылықтың жағасында тұрып адамның адамдығын бұзатын жаманшылықтан бойын жимақтық, бұл — адамға нұр болады.

* * *

Біреу сенің қамыңды жесе, сенің оған қарыздар екеніңе де ұстаздық керек пе?

* * *

Досы жоқпен сырлас, досы көппен сыйлас.

* * *

Досыңа достық — қарыз іс.

Дұпшаныңа әділ бол.

* * *

Ер артық сұраса да, азға разы болады; ез аз сұрар, артылтып берсең де разы болмас.

* * *

Ер ісі — ақылға ермек, бойды жеңбек.

Өнерсіздің қылығы өле көрмек.

* * *

Жаман дос — көлеңке: басыңды күн шалса, қашып құтыла алмайсың; басыңды бұлт алса. ізлеп таба алмайсың.

* * *

Жаман тату қазады өзіңе ор,

Оған сенсең, бір күні боларсың, қор.

Ары бар, ұяты бар үлкенге сен.

Өзі зордың болады ығы да зор.

* * *

Жолдастық, сұхбаттастық — бір үлкен іс.

* * *

Жүрегі жұмсақ білген күл,

Шын дос таппай тыншымас.

Пайда, мақтан бәрі — тұл,

Доссыз ауыз түшымас.

* * *

Жылмаңы сыртта, іші арам,

Кез келер кайда сорлыға.

* * *

Залымдық — адам баласының дұшпаны.

* * *

Кей құрбы бүгін — тату, ертең бату,

Тілеуі, жақындығы — бәрі сату.

* * *

Кім сені сүйсе, оны сүймектік қарыз.

* * *

Кім өзіңе махаббат қылса, сен де оған махаббат қылмағың қарыз.

* * *

Кімде-кімнің әділеті жоқ болса, оның ұяты да жоқ.

* * *

Кісіге біліміне қарай болыстық қыл; татымсызға қылған болыстық өзі адамды бұзады.

* * *

Қастық қылмақ, қор тұтпак, кемітпек — олар дұшпандық шақырады.

* * *

Қайғысыздан сақ бол,

Қайғылыға жақ бол.

* * *

Қолдан достық жасап ем болар-болмас,

Итмұрындай наданның жыртты бірі.

* * *

Құйрығы шаян, беті адам

Байқамай сенбе құрбыға.

* * *

Малға достың мұңы жоқ малдан басқа.

* * *

Малынды жауға,

Басыңды дауға,

Қор қылма, қорға, татулас.

* * *

Махаббатсыз — дүние бос

Хайуанға оны қосыңдар.

* * *

Надан арам ақылды құлаққа ілмек.

Нысап, ұят — бұл ғаделеттен шығады.

* * *

Өзің үшін еңбек қылсаң, өзі үшін оттаған хайуанның бірі боласың; адамшылықтың қарызы үшін еңбек қылсаң, алланың сүйген кұлының бірі боласың.

* * *

Өзің құрметтемеген нәрсеге өзгеден құрмет күтпе.

* * *

Өсіп-өну жолында адамның талап қылып ізденер қарызды ісінің алды — әуелі дос көбейтпек. Кімге достығың болса, достық — достық шақырады.

* * *

Адал еңбекпен мал іздемек — ол арлы адамның ісі.

* * *

Адалдан тапқан тиынды,

Сал да сақта қапшыққа.

Қолдағыңды қорғап бақ,

Мал арзан деп аптықпа.

* * *

Адамға халінше ихсанды болмақ, — қарыз іс

* * *

Алдау қоспай, адал еңбегін сатқан өнерші — қазақтың әулиесі.

* * *

Сақалын сатқан кәріден еңбегін сатқан бала артық.

* * *

Демеңдер өнбес іске жұбаналық,

Ақыл тапсақ, мал тапсақ қуаналық.



WhatsApp Telegram

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Абай Құнанбайұлының педагогика және мораль туралы афоризмдері деген не?

Бұл бетте Абай Құнанбайұлының педагогика және мораль туралы афоризмдері тақырыбы бойынша негізгі материал берілген.

Бұл мақала қай бөлімге жатады?

Бұл материал Мұғалімдерге пайдалы ақпараттар бөліміне жатады.

Осы тақырыпқа ұқсас материалдарды қайдан табуға болады?

Ұқсас материалдарды осы беттегі тегтер, бөлім сілтемелері және төмендегі қатысты материалдар арқылы көруге болады.

Осы тақырыпқа қатысты басқа материалдар

Абай Құнанбайұлының педагогика және мораль туралы афоризмдері материалы Мұғалімдерге пайдалы ақпараттар бөліміне жатады. Осы тақырыпқа жақын жазбаларды бөлім, тег және автор сілтемелері арқылы табуға болады.

Мұғалімдерге пайдалы ақпараттар бөліміндегі басқа материалдар Абай Құнанбаев тақырыбындағы материалдар Абай Құнанбайұлы тақырыбындағы материалдар Афоризмдер тақырыбындағы материалдар қанатты сөздер тақырыбындағы материалдар Абайдың қанатты сөздері тақырыбындағы материалдар педагогика тақырыбындағы материалдар admin жариялаған басқа материалдар