Наурыз бата қалай беріледі

Басты бет / Тілектер, құттықтаулар / Наурыз бата қалай беріледі

Наурыз бата қалай беріледі — Тілектер, құттықтаулар бөліміндегі материал.

Материал — наурыз, наурыз бата, ұлыс оң болсын, ақ мол болсын — осы тақырыптарға байланысты.

Бата — адал ниет, шынайы тілек білдіру дәстүрі. Сондай-ақ бата — қазақ халқының дінімен біте қайнасқан дәстүрінің көрінісі. Қасиетті дінімізде Жаратушыдан дұға арқылы медет тілесе, дәстүрімізде бата арқылы жақсы ниет, ықылас білдіріледі, тілек айтылады. Оны көпті көрген, ортасына сыйлы, аузы дуалы, батагөй қариялар береді. Халқымыз батаны берілетін жағдайына қарай бірнеше түрге бөлген. Олар: нәрестеге бата, асқа бата, ұлға бата, қызға бата, келінге бата, сапар бата, жастарға бата, сүндет той батасы, Наурыз батасы, Ораза айт батасы, жарапазан батасы, дастархан батасы және тағы да басқалары. Осы баталардың ішінде Наурыз батасының орны ерекше.

Бұл күні әдетте жасы үлкен кемеңгерлер кішіге бата береді. Жастар таң шапағын күтіп, сол кезеңде ауыл ақсақалдарының, ақылгөй басшылардың батасын алуға асыққан. Наурызда жастар ақсақалдардан, беделді кісіден «Наурыз — батасын беріңіз» деп бата сұрайды. Наурыз батасы негізінен таң шапағы атқанда, жұрт жиналып ақсақалдан бата сұрағанда берілген.
Ақсақалдарымыздың Наурыз батасы әдетте «Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын» деп елге, жерге де беріліп жатады.

Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, ақын Оразақын Асқар Наурыз тақырыбына бір топ цикл өлеңдер арнаған. Сонымен қатар, ақынның ел аузынан жинап құрастырған Наурызға байланысты бата-тілегі де бар.
Соның бірі мынандай:

Наурыз бата

Ниеттерің ақ болсын,
Наурыздың ақша қарындай!
Бастарыңа бақ қонсын,
Шашыңның барлық талындай!
Санасы өсіп адамның,
Көңілде кір қалмасын.
Құты қашып жаманның,
Жақсы тапсын жалғасын!
Тыныш болсын даламыз,
Түгел болсын нуымыз!
Таза болсын ауамыз,
Тұнық болсын суымыз!
Қатыгездік жоқ болсын,
Оралмасын кез өгей.
Кірісіміз көп болсын,
Бүгінгі Наурыз көжедей!
Аллаһу акпар!

Назар аудар:

Ер азаматқа бата

Туған күнге бата

Қоныс тойға тілек, бата, құттықтаулар

22 наурызға арналған құттықтаулар, тілектер

Наурыз — жыл басы

22 наурызға арналған өлең жолдары, тілектер

Наурыз туралы өлеңдер



WhatsApp Telegram

Пікірлер (1)

Дидар

Мақала өте пайдалы әрі жылы шыққан, Наурыз батасының дәстүрін керемет түсіндірген! 🌸🙏 Наурыз мейрамының рухани жағын ашатын, бата-тілектерге толы құнды мақала – құттықтау үшін өте қолайлы! ❤️ Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын, Наурыз құтты болсын!

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Наурыз бата қалай беріледі деген не?

Бұл бетте Наурыз бата қалай беріледі тақырыбы бойынша негізгі материал берілген.

Бұл мақала қай бөлімге жатады?

Бұл материал Тілектер, құттықтаулар бөліміне жатады.

Осы тақырыпқа ұқсас материалдарды қайдан табуға болады?

Ұқсас материалдарды осы беттегі тегтер, бөлім сілтемелері және төмендегі қатысты материалдар арқылы көруге болады.

Осы тақырыпқа қатысты басқа материалдар

Наурыз бата қалай беріледі материалы Тілектер, құттықтаулар бөліміне жатады. Осы тақырыпқа жақын жазбаларды бөлім, тег және автор сілтемелері арқылы табуға болады.

Тілектер, құттықтаулар бөліміндегі басқа материалдар наурыз тақырыбындағы материалдар наурыз бата тақырыбындағы материалдар ұлыс оң болсын тақырыбындағы материалдар ақ мол болсын тақырыбындағы материалдар наурызда берілетін бата тақырыбындағы материалдар бата тілектер тақырыбындағы материалдар Cagida жариялаған басқа материалдар