«Бақытсыз Жамал» - Міржақып Дулатовтың туындысы, қазақша жазылған алғаш роман. Ол 1910 жылы Петрапавл қаласында жарық көрді. Өзінің шығуымен ол қазақ әдебиетіне жаңа дем берді, - десем қателеспеймін. Романның басты мақсаты: сауатсыздықты жою, Ресейге қосылу кезіндегі әйел өмір сипаттау және мұңын баяндау. Автор романда неліктен әйел өмірін басты мәселе ретінде алды?
Басты кейіпкер - Жамал, ақылына көркі сай, талантты, шығармашылыққа, оқуға құштар жан. Әкесі - Сәрсенбай ауыл басшысы болу үшін сайлауға қатысады. Ауыл тұрғындарын өзіне баурау үшін үш жүз теңгесін жұмсайды, алайда дауыс жетпей, сатыда екінші болып тұрады. Қаржылай дағдарысқа ұшырайды. Ақшасын қайтарғысы келеді. Сол кезде оның он-он бір жасар қызына Байжанның баласы - Жұман құда түсіп келеді. Ол ауқатты отбасыдан еді. Сондықтан әкесі ойланбастан өз келісімін берді. Шешесі - Шолпан бұған қарсы болды, бірақ күйеуін көндіруге шамасы жетпеді. Қызының тағдыры дәл өзінің тағдырындай қайғылы болғанын анасы қаламайды.
Жамал қатыгез, жұдырығы қатты, сауатсыз адамға күйеуге шығып, өзін жерге таптайтын отбасыға келуге мәжбүр болады. Автор Жамалдың басынан өткенді былай сипаттайды: «Жамалдың кѳрген қорлық, кемшілігін мұсылман баласына бермесін».
Роман Ресейге қосылу кезіндегі әйел жағдайын баяндайды. Ермен бірдей соғысқа аттанып, ержүрек атанған қазақ қыздары, өз тағдырын өзі шеше алмайтын, зорлық-зомбылық көретін хәлге жетеді. Қазір де бала тағдырын шешетін ата-ана, бақытсыз некелер, қорлық көріп жүрген әйелдер саны күннен-күнге көбейіп келе жатыр.
Тақырыпқа үңіліп қарасақ, бұл өз актуалдығын жоғалтпаған туынды екенін байқаймыз. Себебі: осындай оқиғалар күн сайын орын алады және оның алдын алу оңай емес. Күнделікті біз жаңалықтан зорлық-зомбылық туралы естиміз. Роман жазылғалы 100 жылдан астам уақыт өтті, алайда зорлықтың саны көбеймесе, азаймады. Бұл өте қайғылы жағдай. Міржақып Дулатұлы осы тақырыпқа тоқталып кеткеніне өте ризамын. Себебі: «Бақытсыз Жамалдың» алар орны бөлек.
Сөздің түйініне келсек, осы тақырыпты көтеріп, халыққа болашаққа деген үміт берген, қаламы таймай ақиқат жазған жазушылар аз, бірақ автор романын жарыққа шығарып, өз мақсатын толықтай орындай білді. Міржақып Дулатұлы заман талабымен шарасыз болған әйел қауымының мұңын шертті, халыққа дұрыс бағыт бере алды. Осының арқасында кітап жаңа оқырманды баурап алуда.
Шәкрат Мерей
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі