Бір данышпан атқа мініп келе жатады. Жол жиегінде ұйықтап жатқан адамның аузына жылан кіріп бара жатады. Жылқышы жыланды үркітіп, адамды құтқарамын деп жарыса жүгірді, бірақ жете алмады. Жылан ұйықтап жатқан адамның аузына кіріп кетті.
Атты кісі ұйықтап жатқан адамға барып, қамшысымен бірнеше рет ұрады. Ұйықтап жатқан адам жанұшыра орнынан ұшып тұрады да жамбастап ағаштың түбіне қарай қашады. Сол ағаштың астында шіріген алмалар көп еді. Атты кісі ол адамға шіріген алмаларды жеуді бұйырады. Әлгі адам:
«Мырза, мен сізге не істедім? Неге маған бұлай істеп жатсыз? Әуелі қамшыңмен ұрдың, сосын шіріген алмаларды же дейсің. Бұлай тіпті дұшпаным да жасамас!» дейді.
Наданмен ішіңіз жеңіз, бірақ, сөйлеспеңіз. Аузына жылан кірген адам бір жағынан шіріген алманы жеп, бір жағынан атты адамға қарғыс айтып жатыр. Шіріген алмаларды біраз жегеннен кейін қайтадан қамшының астына ала бастады. Әлгі байқұс таяқ жеп қалмаудың амалын жасап қаша жөнелді, ат мінген қуып келеді. Бір кезде жүрегі айнып шіріген алмаларды ішінде жатқан жыланмен бірге құсып тастайды. Жыланды көрген адам ат мінген адамның аяғына жығылды:
«Сен жақсы адам екенсің. Маған жолыққаның үшін мен бақытты адаммын. Шіріген алмаларды жегізіп, құстырып, жыланды шығарайын деп қуған екенсің. Егер мен бұл жағдайды түсінгенімде, саған мұндай жаман сөздер айтпас едім. Мені кешірші!» дейді.
Атты адам былай деп жауап берді:
«Егер мен саған аузыңда жылан бар деп айтсам, шошып кетер едің. Мүмкін қорқып өлетін едің. Егер сен ішіңде жылан барын білсең, алма жей алмай және жүгіре алмай қалар едің». Сен мені қарғап жатқанда, «Йа, жаратушым, ісімді жеңіл ете гөр» деп жасырын дұға еттім, дейді.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі