Өлең, жыр, ақындар

Қасқыр неге айға қарап ұлиды?

Көптеген киноларда немесе суреттерде қасқырлардың айға қарап ұлып тұрғанын көреміз. Мұның сыры неде?

Шын мәнінде қасқырлар жай ғана ұлымайды. Себебі бар. Осыған сәйкес, ұлу олардың қатынас құралдары десек те болады. Сол арқылы бір-бірімен әртүрлі «ақпарат» алмасып отырады. Қасқырлардың үйірі жемтік іздеуге шыққанда, олар ұлып, бір-бірін шақырады екен. Қарсыластарына шекараның бос еместігі туралы ақпарат беретін көрінеді. Бір тыңдаған да бізге олардың ұлуы бір сарынды болып көрінетін секілді. Бірақ, шын мәнінде дыбысы, ұзақтығы, тембрі әр түрлі болады. Олар әсіресе айлы түні жиірек ұлып дауыс шығару мүмкін. Және сол түні ұлуға әуес болады екен. Әсіресе, ай толған кезде орман іші жарық түнге айналады.  Сол түні қасқырлар үшін аң аулау жеңілірек.  Ал аңшылықтың  табысты болу ықтималдығы жоғары. Сонымен қатар қасқырлар күндізгі уақытта да ұли береді. Тек біз оларды күндізгі шудың себебінен естімейміз. Ал ғалымдар ай мен қасқырлардың қандай да бір байланысы бар екенін дәлелдей алмаған екен.

Қасқырлар туралы бірнеше қызықты деректер:

1.Егер ауа-райы жылы болса қасқырлар орман ішінде 9 шақырым жердегі дыбысты ести алады екен. Ал ашық далада 16 шақырым қашықтықтан дыбысты  сезеді.

2.Тіпті, иіс сезу қабілеттері өте жақсы. Олар тірі жануарлардың иісін 1,5 шақырымнан анық сезе алады.

3. Қасқырдың  жақ сүйегі өте күшті. Тістеген жерінің бір шаршы сантиметрі шамамен 300 келі күш түсіреді екен. Ал, иттерде бұл көрсеткіш 150 келі шамасында.

4. Қасқырдың көзінде жарықты шағылыстыратын қабат болады. Осы қабат арқылы олар түнде де айналасындағы қозғалыстарды айқын бақылап отыра алады. 

Айта кетейік, қазіргі таңда әлемде шамамен 7000 қасқырлардың түрлі терілері сатылады. Олар негізінен Ресей, Моңғолия, Қытай елдерінде өндіріледі. Ең қызығы, қызыл кітапқа енген ең алғашқы жануар осы қасқыр екен.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар