Университет 1934 жылы 15 қаңтарда биология және физика-математика факультеттерінің құрамында ашылды, онда 54 студент оқып, 25 оқытушы (оның ішінде 5 профессор және 10 доцент) жұмыс істеді. 1934 жылы университетке С.М.Киров есімі берілді.Университеттің қалыптасуына Мәскеу, Ленинград, Қазан, Украина университеттері көмектесті. Мұнда жұмыс істеу үшін Мәскеу мемлекеттік университетінен Молюков И.Д., Сокольский Д.В., Қазан университетінен Персидский К.П. және басқа ғалымдар келді.
Ұлы Отан соғысы жылдарында 287 студенттер мен қызметкерлер (оның ішінде 135 ерікті) майданға аттанды. Студент А.Г.Поповқа Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Отан үшін шайқаста қаза тапқандарды еске алу мақсатында №4 оқу ғимаратында «Даңқ» мемориалы салынды. Соғыс кезінде университетте КСРО Ғылым академиясының корреспондент-мүшесі Думанский А.В., Догель В.А. және басқа да Алматыға эвакуацияланған ғалымдар жұмыс істеді.
1930 – 1940 жылдардағы университеттің қалыптасу кезеңінде М.О.Әуезов, М.Ғабдуллин, М.Т.Козловский, К.Персидский П., Домбровский Д.А. , Нейштат С.А., Исмаилов Е.С., Хусаинова М.З. және басқа да белгілі ғалымдар мен қоғам қайраткерлері, сол кездегі елеулі ғалымдардың педагогикалық қызметімен тығыз байланыста боллды.
1941 жылы Қазақ коммунистік журналистика институтының негізінде филология факультетінің журналистика бөлімі құрылды. 1948 жылы тарих, геология және география, одан кейін экономика факультеттері ашылды. 1955 жылы заң институтының негізінде заң факультеті ашылып, физика-математика бөлімінен екі факультет – физика және математика факультеті құрылды. 1968 жылы журналистика мен философия - экономика факультеттері ұйымдастырылды.
1971 жылы университет Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталды. 2014 жылы Expert RA агенттігі университетке «С» рейтинг санатын берді, бұл түлектерді дайындаудың «жоғары деңгейі» дегенді білдіреді.
ҚазҰУ жаңа мүмкіндіктер университеті. ҚазҰУ-да білім алып жатып оның келешекте көп көмегі тиетін сапалы білім алатыныңа зор сенімде боласың. Оқу барысында студенттерге MOOC арқылы қос дипломды білім алуға және қосымша пәндерді онлайн оқуға мүмкіндік беріледі. Университеттің дамыған инфрақұрылымы, заманауи автоматтандырылған кітапхана және бір ғимаратта сан алуан қызмет түрлерін алуға мүмкіндік беретін «Керемет» студенттерге заманауи қызмет көрсету орталығы дамудың жоғары, бәсекеге қабілетті деңгейін көрсетеді.
Білім – адамның басты рухани құндылығы. Осы мәселені ұғыну ұлы ойшыл Әл-Фараби есімін алып жүрген университетімізді моральдық құндылықтары жоғары еліміздің және әлем азаматтарын дамытуға бағытталған Al-Farabi university smart city ғылыми-инновациялық жобасын әзірлеуге және жүзеге асыруға әкелді.
Шығыстың ұлы ойшылы Әбу Насыр әл-Фараби: «Тәрбиесіз, адамгершілік қағидасыз білім пайда емес, зиян әкеледі» деген. Осы философиялық шындықты түйсіну университеттің «Университет моделі 4.0.» дамуының жаңа моделінің негізінде жатыр, оған сәйкес университеттің миссиясы тек білім беру ғана емес, сонымен қатар жастарға бейбітшілік, ізгілік, әділеттілік және белсенді азаматтық идеяларын жеткізу болуы керек.
Университет студенттерге білім берудің жаңа формалары мен технологияларын іздеуге үлкен көңіл бөледі. Әлеуметтік-ағартушылық бағыттағы бағдарламалар мен жобаларды әзірлеу белсенді жүргізілуде: еліміздің әлеуметтік жаңғыру процестеріне қатысу және білім беру үдерісі субъектілерінің жеке тұлғасының шығармашылық компонентін дамыту мақсатында – «Айналаңды нұрландыр!», студенттердің мәдени-білім деңгейін көтеру және әдебиеттік оқуға баулу – «100 кітап» жобасы, жастарды салауатты өмір салты мәдениетін қалыптастыру мақсатында – «Салауатты дене культі» жобасы. Әлемдік экологиялық бастамаларды қолдау мақсатында «Ұрпақтар арасынан жасыл көпір» қозғалысы ұйымдастырылды, оның ажырамас бөлігі «ҚазҰУ – Жасыл қалашық» жобасын жүзеге асыру болып табылады.
«Мен жастарға сенемін!» студент жастардың республикалық патриоттық фестивалі жыл сайын өткізіледі. Университетте әлемге әйгілі компаниялардың оқу және ғылыми орталықтары ашылып, табысты жұмыс істейді. Студенттік бизнес-инкубатор құрылды, ол Start-up және Spin-off жобаларын сәтті жүзеге асырады. Қазіргі жастардың рухани-адамгершілік тәрбиесін жетілдіруде олардың ұлттық болмысын сақтаудың маңызы зор. «Ұлттық салт-дәстүріміз бен әдет-ғұрпымыз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз бен той-думанымыз, бір сөзбен айтқанда, ұлттық рухымыз бізбен мәңгілік болуы керек». Осының негізінде студент жастарды рухани-адамгершілікке тәрбиелеу мақсатында университетте этномәдени білім мен тәрбие беру бағдарламалары енгізілуде. Сонымен қатар, жас ғалымдар байқаулары: «Фараби әлемі», НИРС студенттердің ғылыми жұмыстарын қабылдайтын жарыстарды атап өтуге болады.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ әлемнің үздік университеттерінің қатарында жоғары білікті мамандарды дайындауда ғана емес, сонымен қатар «UI Green Metric Ranking of World Universities» жаһандық рейтингінің зерттеуі бойынша әлемдегі ең экологиялық таза 200 университет тізімінде алдыңғы қатарда. Тұрақты даму және жасыл экономика бойынша мамандарды даярлау Колумбия университетімен бірлесіп ашылған MDP «GlobalClassroom» орталығымен тығыз интеграцияда жүзеге асырылады. Елеулі жетістіктердің бірі – ҚазҰУ-дың Астанада өткен ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесіне қатысуы, онда улы заттардың энергиялық тиімді биобарлауы, нанотехнологиядағы графен, энергияны сымсыз тасымалдау әдісі, энергия үнемдейтін шамдар, шағын -су электр станциясы, өзен суын тазарту сүзгісі және т.б. «ҚазҰУ - GreenCampus» жобасы аясында университетте экологиялық тұрақты және жайлы «жасыл» орта құрылуда. Мысалы, жел, күн, су және геотермалдық, биогаз және сутегі энергиясы сияқты әртүрлі энергетикалық технологияларды пайдалана отырып, «жасыл энергетика» бойынша инновациялық жобаларды жүзеге асыруға арналған «Мини-ЭКСПО» болып табылатын «жасыл технологиялар» орталығы құрылды.
Мұнда заманауи технологиялар мен жоғары технологиялық инжиниринг негізінде мамандарды практикалық оқыту жүзеге асырылды. ҚазҰУ көптеген халықаралық жобалардың бастамашысы бола отырып, университет қызметінің энергия тиімділігін арттыруда жасыл технологияларды енгізу, ғылым мен техниканың озық жетістіктерін пайдалану бойынша мақсатты жұмыс жүргізілді.
Студенттік өмірдің ерекшелігі – әрбір студент бос уақытын ұмытылмас әрі қызықты өткізуді біледі. Сондықтан университетіміздің студенттері қызығушылықтарының әртүрлілігімен және жан-жақтылығымен ерекшеленеді. Олар КВН үйірмесінің белсенді қатысушылары, түрлі байқауларға қатысады. Олар уақытты әрқашан көңілді өткізеді. Сонымен қатар, студенттер жаз мезгілінде студенттік құрылыс қоғамдастығы мен тәртіптік топқа белсенді қатысу арқылы өмірлік тәжірибе жинақтайды. Бұл жұмыс студенттердің қажырлы еңбек етіп, студенттік жылдарын қызықты әрі пайдалы өткізуіне көмектеседі.
Жалпы, мен университетті таңдауда дұрыс шешім қабылдадым деп есептеймін, қазіргі уақытта тек сапалы білім алып қана қоймай, шығармашылық тұрғыдан дамуға да мүмкіндігім бар. Соның дәлелі ретінде қазіргі уақытта Абай атындағы қазақ ұлттық опера және балет театрында өндірістік тәжірибеден өтуім мені көп дүниеге үйретті. Театр қойылымдарын көріп қана қоймай, әртістер мен оркестрлік құрамның дайындығын, сахна сыртындағы қызу жұмысты көріп театрдың ішкі әлеміне тереңірек үңілдім. СММ саласынан көп ақпарат жинап, әлеуметтік желілерде креативті контент жасауда белсенді жұмыс жасадым.
ҚазҰУ - Қазақстандағы жоғары білім беруде көшбасшы. Адам әлеуетінің сапасын арттыру және Қазақстанның болашағын жоғары білікті кадрлармен қамтамасыз ету республиканың жоғары білімі жаңғыртылып, әлемдік білім кеңістігіне кіріктірілген жағдайда ғана мүмкін болады.
Мақала авторы - Өлмесова Аружан. «Әл-фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті», «Философия және Саясаттану факультеті», «Дінтану және Мәдениеттану кафедрасы», «6B03102 -Мәдениеттану» білім беру бағдарламасы, 4 курс студенті
Жетекшісі - Кудерина Айжан Нурхамитовна
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Жазбаға пікір жазуға рұқсат жоқ.
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі