Өлең, жыр, ақындар

Батырлармен бағаланар елдігім, ұмытпаймыз Өтей батыр ерлігін

Бимендин Болат Дусимбекович, тарих және қоғамдық ғылымдар  академиясының академигі, тарих пәнінің мұғалімі

«Ер есімі – ел есінде», «ерлік – ұрпаққа ұран»

Н.Ә.Назарбаев

 

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің «Ұлытаудағы сұхбатында» Қазақ хандығының 550 жылдығын ел болып атап өту жөніндегі ойын ортаға салып, жалпы халыққа жария етті. Содан бері қарайХVІІІ ғасыр қазақ халқының жер бетінен кетуіне шақ қалған тарих кезең болды. Ол туралы барлық шежірелерде, дастандарда, көптеген ғылыми еңбектерде жазылған. Соң бұқаралық ақпарат құралдарында Қазақ хандығы туралы көп жазылып, айтылып, жер-жерлерде ғылыми семинарлар, конференциялар, дөңгелек үстелдер ұйымдастырылып өткізілуде.

ХVІІІ ғасыр қазақ халқының жер бетінен кетуіне шақ қалған тарих кезең болды. Ол туралы барлық шежірелерде, дастандарда, көптеген ғылыми еңбектерде жазылған. Соңғы кезде қайта басылып шыққан орыс генералы М.Терентьев те соны растайды. Мәселен, ол ХVІІІ ғасыр туралы айтқанда: «Над киргизами собралась гроза: яицкие казаки, волжские калмыки и башкири отбивали их от своих пастбищ и кочевок, а дзюнгары неотступно гнали их с одной кочевки на другую...» [1, 18-б.]. Сол заманда жер бетінен жойылып кеткен халықтар да болғанын білеміз. Соның бірі бізге үнемі қатер төндіріп тұрған жоңғарлар еді.

Қазақ халқы өте күрделі қиын – қыстау уақытта, тек өз күштеріне ғана үміт артып, бірге бастады. Бүкіл халықтың күш-жүгерін жұмылдыру қазақтардың жоңғарларға қарсы күресте екі ірі шайқаста – Бұланты және Аңырақай шайқастарында тамаша жеңістерге қол жеткізуіне мүмкіндік берді.

Басқыншыларға қарсы қарулы қарсылықты ұйымдастыруда қазақтың әр түрлі рулары мен тайпаларынан және жүздерінен шыққан Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Шапырашты Наурызбай, Райымбек, Жасыбай, Есет, Малайсары, Шақшақ Жәнібек, батыр Баян, Олжабай, Қожаберген, Тайлақ, Бөлек, Саңырық, Жабай, Бердіқожа, Жарылғап сияқты басқа да көптеген батырлары маңызды рөл атқарған.

Жаугершілік заманда «Арғымақ – жалсыз, ел – малсыз»  болған күнде сайып қыран батырлар әлеуметтік топ болып қалыптасты. Қазақ халқында неге батыр көп? Менінше, оның осылай болу себептері бар. Біріншіден, көшпелі халық, оның ішінде қазақ халқы – дала перзенті, алғашқы өмірге келген күннен бастап, ол табиғатпен әуелі бетпе-бет, ал өсе келе жекпе-жек кездесті. Сондықтан да ол ерте есейді, қажырлы, қайратты, тапқыр болуға үйренді. Ұлт  мүддесіне өмірін арнаған жандар – батырлар. Сондай ерлігі белгілі, аты белгісіз батырдың бірі – Өтей батыр.

Белгісіз батырдың белгілі ерлігін бүгінгі өскелен ұрпақтың санасына сіңіріп, олардың ұлтық рухын оятып, каһармандық жолын насихаттап, кейнгі буынға жеткізу - біздің міндетіміз.

«Ру шежіресін білу – сахара төсінде көшіп – қонған қазақтар үшін, өмірлік қажеттілік. Қазақ халқының ру – тайпалық, жүздік – қауымдастық біртұтас ғажайып бітімі, ғасырлар бойы бүкіл қазақ – бір атаның ұрпағы, бір тамырдың бұтағы деген ұстаным бойынша өсіп – өркеендеп отырған. Міне, европалық канондар бойынша бір бірінен шалғай жатқан үш жүздік бөліктердің бастары бірікпеуге тиіс болғанымен, халық санасының біртұтастығын осындай қасиеттер қалыптастырған. Мұндай біртұтастық тек қана рулық жүйе арқылы жүзеге асқан»[2, 142-б.]

Атырабын тегіс аралап шығу атты адамға сан. Айшылық жол болған қазақ даласының әр төбесінің қатпарында жинақталған тарихи сырлары қаншама мол десеңізші! Ал олардың біразының белгілі бір уақыт белестерінен өткен соң кейінгі ұрпақтармен қайта табысып, солардың рухани қазынасына, мәңгілік мирас тұтар мұрасына айналып жататындары да аз емес. Бұған кейде күнделікті өмірімізде жиі кездесетін оқыс оқиғаның бірінің түрткі болып, қозғау салғандығын көргенде санамызға сан жылдан соң қайта оралып, қайтадан түлей бастаған ҰЛТТЫҚ РУХ деген қастерлі ұғымның қазақ халқының жаратылыс тегімен қатар дамып, жетіліп келе жатқан тамыры тым терең түсінік екендігін айқын аңғарасың, оның қадір – қасиетін тағы да бір рет еріксіз мойындағандай боласың.

Қызбел жері-киелі жер! Бұл жерден кімдер шықпады?! Мұнда қаншама абыздың табанының ізі қалды. Ұлы жырау һәм әулие Асан қайғы, Абат батыр, Назар абыз, Оспан қожа әулие, Алаш көсемі Міржақып Дулатов, кемеңгері Сәйдәзім Қадірбаев. Осылайша кете берер еді. Қызбелдің киесі сонда осымен екі перзенті ұрпағымен қауышты. Бірі-Міржақып! Оның сүйегі осы топыраққа қайта жерленді. Кесенесі асқақтап тұр. Екіншісі - Өтей баба. Оның сүйегі Атырауда. Ұрпақтары қойған қасиетті құлпытасы бар. Қызбел елі оны да үлкен кесене іспетті аялауда. Өтей батырдың ұрпағымен, кіндік қаны тамған туған жерімен қауышуы - қайран қаларлық оқиға! Ұмытылмас оқиға! Батырды еске алу рәсімін Қабылхат Сейдахметов бастаған журналистер теледидарға түсірді. Қасиетті құлпытастың бетіндегі Өтей баба суреті мен жазуларды оқығанда, біздің де кеудемізді қуаныш кернеп, жүрегімізді шабыт тербеді.

Алаштың ардагері Өтей батыр,

Ерлігі бір өзінің мыңға татыр.

Қазақтың ұлан-байтақ даласында,

Өшпейтін ерлігінің ізі жатыр.

 

Қайраты-болған дейді Қаратаудай,

Айбаты-болған дейді Алатаудай.

Аймағы аңыз етіп асыл ерді,

Аруағы-болған дейді Ұлытаудай.

 

Сүйдіріп ақша бетін түз желіне,

Қасиетті құлпытас боп келді еліне.

Қауышты ұрпағымен өсіп-өнген,

Қауышты туып-өскен Қызбеліне!

 

Ер Өтей-ұлы тұлға,ерен қазақ ,

Ондай жан әр ғасырда туар аз-ақ.

Өзінің ұрапғымен қауышуы-

Лайым,мәңгілікке болсын ұзақ!

(Халық ел ауызынан)

Халықтың халықтығы, елдің тұтастығы мен тәуелсіздігі, мемлекеттің өміршеңдігі тұлғалар тарихымен, олардың еліне сіңірген еңбегімен өлшенеді.  Еңдеше, соңдай еліне елеулі, халқының қалаулысына айналып, елінің тәуелсіздік жолында өмірін сарп еткен тарихи тұлғалардың бірі - Өтей батыр.

Қазақ халқының ірі эпик ақыны, КСРО мемлекеттік сыйлығының лауреаты Жұбан Молдағалиевтің айтуынша, қазақ – мың өліп, мың тірілген халық. Халқымыздың басынан небір ауыр кезеңдер өтті. Туған жерімізге, жау да шапты, халық қолдан жасалған аштықтан қынадай қырылды. Ата – бабаларымыз соғыстан көз ашпады. Қырып жатыр, тонап жатыр, елді жау шауып, омырауымыз көз жасына көмілген кез Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама қатал қан ащы қасірет жылдар еді. Жерімізді басып алу үшін жоңғарлар жағадан, қалмақтар етектен тартып жатыр. Бір ғана қалмақтың өзі жеті жақтан шабуыл жасаған.

XVIII ғасырдың басында Қазақ хандығының ішкі жағдайы аса ауыр болды. 1718 жылы Тәуке хан дүниеден озып, Қазақ хандығында үстемдік еткен әскери феодалды шонжарлар арасында ішкі тартыс басталды. Сол жылдары атқамінер батырларымыздың бірі Өтей батыр болған. Өтей батыр Кіші жүздің Қызылқоға жерінде үлкен соғысқа қатысқан. Сол кезде не бары 35 жаста болған. [3, 43-б.] Орта жүздің Арғын тайпасынан шыққан батыр. Сол жерде біздің бабамыз 1749 жылы қаза тапты.

Бізге жеткен ауызша деректер және шежірелер бойынша, Өтей батыр 1714 жылы дүниеге келді, яғни былтырғы 2014 жылы Өтей батырдың 300 жыл мерей тойы. Өтей батыр негізінен Торғай Тобылдың бойын мекендепті.

Жерін сақтауды ойлаған Кіші жүз ақсүйектерімен және жауынгерлері Орта жүзден көмек сұраған. Өтей батырды Кіші жүзге көмекке аттандырған ағасы Шақшақ Жәнібек батыр болған. Өтей батыр Орта жүзден қалың қол жинап, Тайсойған бойында қалмақтармен болған алапат майданға кіреді. Жойқын, ауыр соғыс болды. Қалмақтар оңайлықпен беріспейді. Бірде қазақтар, бірде қалмақтар жеңіп,  екі жақ итжығысқа түсіп, көп қырқысады. Ақыры қазақтар оларды титықтатып тықсырып, кері шегіндірді. Қалмақтар қашып, қазақтар оларды тура қуады. Сол жағдайда қашып кеткен қалмақтар, қырылып қаламыз деп қулық ойлайды. Қазақтың шепті бұзып, бас батырларын өлтіруге келісімге келеді. Қалмақтарды талқандап жүрген бас батырдың бірі – Өтей батыр болған. Қалмақтар оны қарауылға алады. “Аңдыған жау алмай қоймас” -  деген ғой, қалмақтар айласын асырып, батырдың ашық қалған көк желкесінен найзаларын қадайды. Өтей батыр тәніне кірген найзаға да қарамай, өзінің әскеріне  “Алға!” - деп айғай салады. Батырға найза қадаған қалмақ жауынгерін қазақтың бір батыры жер қаптыртады. “Жер қаптырыңдар жоңғарларды”,- деп Өтей батыр сол жерде мерт болады. Әлі құрып, көзі жұмылар алдында “Мені елге апарамын деп әуреленбеңдер, топырақ осы жерден бұйырсын”- деп уәж айтады. Жолдастары, балалары батырды сол араға жерлеп, басына белгі қойып кетеді. Қазақ жерін жау табанына азат еткен соң, Кіші жүз ақсүйектері Өтей батырдың ерлігіне құрмет ретінде басына там салдырып, көк тас қойдырады. Сол ақсүйектердің бірі - Есентемір Бөкен би атақты Кіші жүздің биі болған. Бүгін Өтей батырдың қорымы Атырау облысының Қызылқоға ауданындағы Қарабау ауылынан 11 шақырым жерде орналасқан. Бұл жерге Кіші жүздің атақты биі Есентемір Бөкен би жерленген. Даңқты Бөкен бидің о дүниеге аттанарда “Мені Өтей батырдың қорымына жерлеңдер, 35 жасында Қарақұрым қалмақтармен шайқасып, Кіші жүздің халқын азат еткен Өтей батыр алдындағы қарызымыз зор,” – деген. [4, 10-б.] Өтей батырдың ісі – халқымызды бірлікке, бүгіндікке бастайтын ұлағатты іс. Сөйтіп қасиетті Қызбел жерінде, Торғай елінде қазақ жұрты бар болғаны 35 жасында шаһит кеткен өзінің қаһарман батырларының бірі Өтей баба рухына 2008 жылы ескерткіш қойғызды.

Өтей батырдың жерленген жерін 2007 жылы Атырау облысының Қызылқоға ауданында экономика ғылымдарының докторы, академигі Кәрбоз Жапаровтың басшылығымен бірер азаматтар тауып, зерттеген. Олар елге келген соң, ұйымдастыру жұмыстарын жүргізді. Ол іспен шұғылданатын арнайы комитет құрылды. Комитеттің президенті, техника ғылымдарының докторы, А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің ректоры Х.Х.Уәлиев сайланды. «Ұрпақ» атты қор ашылды. Қостанай облыстық газетке мақала жазылды. Осындай жұмыстардың нәтижесінде арнайы делегация Атырау облысына барып, Өтей батырдың басына Тараздың қызыл гранитінен үлкен ескерткіш қойды. [5. 12-б.]  

Жалпы Өтей кім болған? Енді соған нақты тоқтала кетейік. Өтей - Кіші Арғын руынан шыққан, Орта жүздің батыры. Еділ бойы қалмақтардың қазаққа шабуыл жасап, Ойыл өзеніне дейінгі жерді алғанда, Орта жүзден Кіші жүзге келген әскер қолын осы Өтей батыр басқарған.         [6. 98-б.]

Орта жүздің көсемдері Кіші жүзге үш батыр жібергенін тарихи деректер дәлелдейді. Ол батырлар, Орта жүздің Кіші Арғын Қараман атасынан шыққан Бөгенбай Қожекеұлы болса, екіншісі - Уақ Еренші руынан шыққан Бармақ батыр, үшіншісі - еліне қорған болған жас батыр Өтей батыр еді. Осы батырлар Кіші жүздің ер азаматтарын біріктіріп, қол бастап, Еділ қалмақтарына және түрікпендерге қарсы соғыста ерен ерлік көрсетеді.

Жоғарыдағы көрсетілген ерлік істеріне қанық бола келе, Өтей батыр – батыр туған өрен, ерлігі ерен, халқына қорған, ерліктері бүгінгі ұрпаққа үлгі -өнеге екендігін білеміз.

Атадан балаға мұра ұлтжандылық қасиетті, дәстүрді берік ұстанып, бабалар рухын қастерлеп оралған азаматтардың бұл ісі көпке үлгі боларлық. Осылайша, Тобыл мен Жайықты жайлаған елдің арасындағы ұрпақтардың рухани байланысы қайта жаңғырды. «Төртеу түгел болса, төбедегі келеді» деп бабаларымыз айтқандай, осы бір шағын сапардың барысын ой елесінен өткізгенде, кең байтақ еліміздегі бүгінгі берекелі бірліктің бабадан балаға асыл мұра екендігін айқын аңғарамыз. «Отан отбасынан басталады» дейді халқымыз. Ендеше, Елбасының ұстанған кемел саясатының арқасында әлемнің озық дамыған отыз мемлекетінің қатарына енуге талаптанып жатқан еліміздің ертеңгі болашағы жас ұрпақтардың бойына отансүйгіштік қасиетті дамытуға да осындай игі бастамалардың қосар үлесі мол болмақ.

Түйіндей айтқанда, қазақтың кең даласын сонау аласапыран заманында «Найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен» қорғаған батырлар тұлғасы еліміздің болашақ ұрпағына үлгі-өнеге болары сөзсіз. «Ұлы бабаларымыз іс-әрекеттерінің алдында бас иген ұрпақтары сол қилы заман  оқиғаларына түрлі тарихи жырлар, ұзақ толғаулар арнап, ұрпаққа жеткізген. Біздің парызымыз - сол деректерді ғылыми сараптаудан өткізе отырып, шынайы қазақ тарихындағы батырлардың ерлігін өздеріндей өскелең ұрпаққа паш ету». [7. 64-б.]

 

Әдебиет:

 

  1. М.Терентьев История завоевания Средней Азии. СпБ, Невский 1906 ж.
  2. Н.Ә.Назарбаев Тарих толқынында. Астана 1997 жылы.
  3. Қ. Әлім, С. Меңдібай “Терең тамыр” Астана. Фолиант. 2009 жылы.
  4. Т.Тілегенов“Біз батырларымызды әлі білмей жүрміз”/Атырау газеті  18.06.2013 жылы
  5. Н. Әбуталиев. “Шоқ жұлдыз” /  Қостанай газеті  17.04.2009 жылы
  6. “Қазақ Совет Энциклопедиясы” – Алматы 1996 жылы. ХІ том.
  7. Б.Бимендин «Тәуелсіздік жолындағы қаһармандық» // ««Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «Елімнің еркіндігі – Тәуелсіздік»» атты ғылыми – тәжірибелік конференциясының баяндамалар жинағы, Астана 2014 ж.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (4)

Сандуғаш

Еңбегіңіздің жемісін көріңіз! Жақсы жазыпсыз!

нагашыбай

Өтей батырдың бизде сол кісінің ұрпағымыз бұрынғы Торғай облысының Аманкелді ауданына қарасты Степняк жерінде дүниеге келдік.Бізде батыр атамызды мақтан етеміз,жері ,елі үшін жан берген қайран бабам ,жатқан жерің жұмсақ болсын,иманды болсын!!!

Зейнолла немересі Жолдыбекұлы Дулат.

Бисмиллаһир роһманир раһим. Аллаға сансыз шүкір. Менде Өтей батыр ұрпағымың. Қазақ елінде осыңдай елің жерің халқың отаның ойлайтың Өтей батыр сияқты батырларымыз көп болуың бір Алла нәсіп етсін əмин. Сонда Қазақ елінің болашағы зор болмақ.

Зейнолла немересі Жолдыбекұлы Дулат Алланың құлы П

Бисмиллаһирроһманир роһим Аллаға сансыз шүкір Өтейбатыр ұрпағы екендігіме. Торғай обл. Аманкелді ауданы тумасы. Ру басы Өтейбатырдың жаны жəннəтан жұмақта болсың. Елі жері Қазақ халқы үшін жан берген. Елімізді қорғаған бабаларымыздың руһы мəнгі өшпесін. Менде менің ұрпақтарым да осы Өтейбатыр ұпағымыз. Өтейбатыр ұрпағың Алла көбейте берсін. Əмин. Аллаһуакпар.

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар