Сыңсу

Басты бет / Салт-дәстүр / Сыңсу

Сыңсу — Салт-дәстүр бөліміндегі материал.

Материал — сыңсу, қыз ұзату, қоштасу, тұрмыс-салт жырлары — осы тақырыптарға байланысты.

Сыңсу — қыз ұзату дәстүріне байланысты туған тұрмыс-салт жырларының бірі.

Бұл — қыздың ұзатылар алдындағы ел-жүртымен, ағайын-туыс, құрбы-құрдастарымен, туып-өскен жерімен қоштасуы ретінде айтылады. Сыңсуды ұзатылатын қыздың сіңлілерімен не жеңгелерімен үй-үйді аралай жүріп белгілі әуенмен айтатын болған. Сыңсудың өлеңін ақындар немесе қыздардың өздері шығарған. Ұзатылып бара жатқан қыз сыңсу арқылы жұртқа өзінің мұңын, қайғы-қасіретін жеткізген. Сыңсуда қыздың жеке басының мұңы әлеуметтік мәселелерімен ұштасып, ескі әдет-ғұрыпты әшкерелеумен қатар қоғамдық ортаның, азаттық аңсаған әйелдер көзқарасы білдірілген. Сыңсудың өлеңі құрылысына қарай 7, 8, 11 буынды болып келген. Қазіргі кезде негізінен қыз ұзатылып кетіп бара жатып, туған-туыстарымен қоштасу барысында айтылады. Қыз өзінің ішіндегі бар сағынышын шығарып, жұртына кетеді.

Оқуға кеңес береміз:

Түйе мұрындық

Қыз ұзату

 



WhatsApp Telegram

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сыңсу деген не?

Бұл бетте Сыңсу тақырыбы бойынша негізгі материал берілген.

Бұл мақала қай бөлімге жатады?

Бұл материал Салт-дәстүр бөліміне жатады.

Осы тақырыпқа ұқсас материалдарды қайдан табуға болады?

Ұқсас материалдарды осы беттегі тегтер, бөлім сілтемелері және төмендегі қатысты материалдар арқылы көруге болады.

Осы тақырыпқа қатысты басқа материалдар

Сыңсу материалы Салт-дәстүр бөліміне жатады. Осы тақырыпқа жақын жазбаларды бөлім, тег және автор сілтемелері арқылы табуға болады.

Салт-дәстүр бөліміндегі басқа материалдар сыңсу тақырыбындағы материалдар қыз ұзату тақырыбындағы материалдар қоштасу тақырыбындағы материалдар тұрмыс-салт жырлары тақырыбындағы материалдар ұзатылатын қыз тақырыбындағы материалдар сағыныш тақырыбындағы материалдар admin жариялаған басқа материалдар