Өлең, жыр, ақындар

Көркем сахна

Театр - мәдениет ошағы, танымы кең өнер ордасы екені бәрімізге белгілі. Қыстың ызғарлы ауа-райынан құтылып, көктемнің жайма шуақ кезеңінде тынығатын таптырмас орын. Елімізге белгілі Ғ.Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театры әлемдік және қазақы шығармаларды сахналап келе жатқан руханияты бай, тарихы терең ұжым. Қазақ әдебиетінің дүлдүл өкілі Әзілхан Нұршайықовтың ең танымал шығармаларының бірі "Махаббат, қызық мол жылдар" спектакльі осы театрда көркем сахналанады. Сонау жетпісінші жылдардан бастап қызығын жоғалтпай, өткен ғасырда-ақ өз көрермендерінің жүрегін жаулаған. Тіпті, қазақ жастарының арасында бұл шығарманы оқымаған, білмейтін жан кемде кем шығар. Бірақ дәл осы шығарманы оқып қана қоймай, үздік сахнада көрген ерекше.Мәдени тынығу үшін спектакльге билет алу оңайға соқпаса да, көру наурыз айында бұйырыпты. Айналадағы қарбалас өмір, шулы көше, кептелістегі қаладан кейін келсең, басқа әлемге тап болғандай күй кешесің.  Бәсең шығып тұрған күй, жылы шырайлы қызметкерлер, ескі орындықтар мен ерекше иіс - таптырмайтын атмосфера. Қойылымға келер болсақ, режиссер - батыл да, тапқыр қадам жасай алған. Мұндай таңдаулы туындыларды көрсетуге, жауапкершілікпен алуға көп шеберлер жүрексінері хақ. Қуанышымызға орай, қойылым оқырман жүрегіне жетті. Тұманжанның Меңтайға киліккенімен, қос ғашық соңында жеңіп шығады. Бірақ тағдыр құлпырған өмірлерін бір сәтте күл-талқан етіп, Меңтайды мәңгілікке алып кетеді. Сондағы, Меңтайды жоқтаған Ерболдың күйі ерекше сомдалады. Залдағы үлкенді, кішісінің де көңілі босап, көздерінен жас парлап ақты. Меніңше, көрген әр жанның қиялында өзінің бір Меңтайы мен Ерболы бар. Қойылым - мөлдір махаббатты, адал достықты, қатал тағдыр мен кіршіксіз пәк сезімді асқан шеберлікпен көрсете алды.

Мейірқұл Күнсұлу әл-Фараби атындағы ҚазҰу Журналистика факультеті  1-курс студенті- 

Жетекшісі : Кудерина Айжан Нурхамитовна


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар

Пікірлер