Ұшқын газеті

Басты бет / Оқушылардың өзге жұмыстары / Ұшқын газеті

Ұшқын газеті — Оқушылардың өзге жұмыстары бөліміндегі материал.

Материал — әдебиеттік оқу, ұшқын, газет — осы тақырыптарға байланысты.

Қазақ баспасөзінің шежіресі өзге елдердің бай бағлан тарихымен салыстырғанда анағұрлым кенжелеп қалған. Еуропа газет-журналдарының жарық көргеніне төрт ғасыр толса, біздің ең алғашқы басылымымыздың өзі жүзден жаңа асып отыр. Сондықтан жас тұрғысынан отандық баспасөздің оларға ілесе алмайтыны анық. Алайда уақыттың өзі салыстырмалы ұғым екенін еске алсақ, біреудегі аз уақыт енді біреуде көп мәнге ие. Бұл біздің сан түрлі саяси оқиғалар мен ұлттық жаңғыруға бет алған қос жүзжылдық жөнінен тіптен маңызды бола түспек. Мерзім жағынан есептегенде биыл жарық көргеніне ғасырдан астам уақыт болған "Ұшқын" мен Семей өңірлік баспасөзінің бастау бұлағы қазақ тілінде де ұзақ жасаған газет деп көруге болады.

“Ұшқынның" бірінші нөмірінде  Бернияз ақынның "Ұшқынға" - деген арнау өлеңі және газет басқармасының атынан дайындалған басылымының мақсат-мүддесі көрсетілген бас мақала жарияланған. Сондай-ақ, Әмірғали деген автордың жер-су, елді басқару, азық-түлік, мал-шаруашылығы проблемаларына арналған “Жалпы қазақ съезіне әзірленіңдер!" - деп аталатын мақаласы берілген. Ал газеттің екінші бетінде "Сыртқы хабарлар", "Россия хабарлары”, “Дұшпандар елінде” деген айдарлармен орталықтан және шетелдерден келіп түскен жаңалықтар болды. Онда, мәселен Үндістанда өкіметке қарсы халық наразылығы өтіп жатқандығы "Мысыр" мақаласында көп адам жиналып, басқару ісінде өзгеріс талап еткендіктері, соның нәтижесінде үкімет абақтыға жабылған тұтқындарды босатуға мәжбүр болғандықтары туралы жазылды. 1920 жылы Қазақстан автономиялы республикасы жарияланғаннан кейін "Ұшқынның" орнына жарық көрген "Еңбек туы" газетін шығарды. Оның басты ұйымдастырушыс С.Сейфуллин "Манап-Шамиль” деген бүркеншек атпен газетті жетекшісі болып саяси мақалаларын жазып отырды. "Ұшқын газеті сияқты “Еңбек туының” да алғашқы саны 1920 жылдың 1 қарашасында Орынборда шықты.

Қазақ баспасөзінің қара нары —“ Ұшқын”  газетінің ел тарихындағы орны ерекше.  Басылымдардың бастауы, жол сілтеуші дарабозы.
Осынау газеттің тарихына үңілсек, патша боданында болып, темір тәртіптің құрығынан қашып құтылуға ілік таппай, большевиктер қозғалысының белең алып жатқан уақыты еді. Ал, баспасөз саяси қару ретінде жүзеге асты. Қазіргі қал жайы да бәрімізге аян. «Егемен Қазақстан» акционерлік қоғамында 100-ден аса адам жұмыс істейді. «Егемен Қазақстанның» бірнеше қосымшасы бар. Қосымшалар жеке сайт ретінде де жарық көреді. «Етжеңді» қосымшасы (4 қаңтардың 2019 жылы.) айына бір рет қағаз версияда шығады. Ол мәдени, тарихи және танымдық тақырыптағы мақалаларға арналған.

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің 1- курс студенті Азберген Айдын

Ғылыми жетекшісі: Р.С. Жақсылықбаева               



WhatsApp Telegram

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ұшқын газеті деген не?

Бұл бетте Ұшқын газеті тақырыбы бойынша негізгі материал берілген.

Бұл мақала қай бөлімге жатады?

Бұл материал Оқушылардың өзге жұмыстары бөліміне жатады.

Осы тақырыпқа ұқсас материалдарды қайдан табуға болады?

Ұқсас материалдарды осы беттегі тегтер, бөлім сілтемелері және төмендегі қатысты материалдар арқылы көруге болады.

Осы тақырыпқа қатысты басқа материалдар

Ұшқын газеті материалы Оқушылардың өзге жұмыстары бөліміне жатады. Осы тақырыпқа жақын жазбаларды бөлім, тег және автор сілтемелері арқылы табуға болады.

Оқушылардың өзге жұмыстары бөліміндегі басқа материалдар әдебиеттік оқу тақырыбындағы материалдар ұшқын тақырыбындағы материалдар газет тақырыбындағы материалдар Kosmanobt жариялаған басқа материалдар