Ерте ерте ертеде ешкі жүні бөртеде Аслан деген адам болыпты. Ол үйіне азық-түлік әкелу үшін аң аулауға кетеді. Шаршап, шалдығып атын ағашқа байлап, ұйқыға кетеді. Ертесіне ұйқысынан тұрса аты жоқ екен. Аслан «шошынып үйге кеткен шығар» - деп ойлайды. Жұмысын қайта жалғастырып, аң аулап келе жатса, алдынан бір адам шығады. Бейтаныс адам Асланға өзін Ерасыл деп таныстырады. Екеуі жолы бір болып, жақын араласып кетеді. Кеш батқанда алдыларынан бір топ қасқыр шығады. Аслан екеуі қашып бара жатады. Бірақ Ерасыл қалып қояды. Ол барысқа айналып, қасқырларды жайратып салады. Аслан қайтып оралғанда Ерасылға таңғалып:
— Бұны қалай жасадың? — деп сұрайды. Барыс адам болса, өтірік сылтау таба салады. Аслан Ерасылды үйіне қонақ болуға шақырады. Жолда бір ұрлықшы баланың қалпағын алып қояды. Барыс адам оны көріп, ұрлықшыны тоқтатады да оңашаға алып кетеді. Барыс адам ұрлықшы барыс кейіпімен қорқытып жібереді. Осылай әр адамға көмектесіп жүреді. Солай Ерасыл елге танымал бола бастайды. Ханның оған іші күйіп, Ерасылды шақырады. Хан барша халықтың көзінше жала жауып, оны өлтірмек болады. Ерасыл барысқа айналып, ханның барлық жемқорлығы мен жауыздығын жария етеді. Оны естіген халық барлық хан мен нөкерлерді жайратып, үлкен көтеріліс жасайды. Ақырында хан тақтан түсіп қалады. Халық Барыс адамға. "Енді сен хан бол" деп айтады Барыс адам келіспей:
— Жоқ! Менің міндетім әділдік орнату — деп барысша ақырады да халық көзінен жоқ боп кетеді. Барыс адамнан қорыққандықтан ба екен, әлде, Барыс адам мәселелерді білдірмей шеше ме екен, белгісіз. Бірақ Асланның елінде әділдік орнап, кісі ақысы желінуі сап тыйылыпты.
Базарбай Сұлтан Зерде интеллектуалды мектебінің 6 "Ә" сыныбы оқушысы
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі