Өлең, жыр, ақындар

Әпке (Көрініс)

(Сахнаға әпкесі шығып, мектептен жаңа келген сіңлісін шақырады)

Ақгүл:

— Ақнұр! Менің жаңа жемпірім қайда?

Ақнұр:

— Білмеймін әпке.​ Тұрған шығар.

Ақгүл:

— Сөмкеңді әкел!​

Ақнұр:

— Не үшін?

Ақгүл:

— Әәәкееел!​ Жылдам!

(Ақнұр портфелін қорқа-қорқа ұсынады. Әпкесі портфельден жемпірді алып):

— Мынау не? - дейді.

Ақнұр:

— Әпке,​ кешірші...?!​ Мектепке сіз секілді әдемі болып барғым келді. Енді сұрап аламын.​

Ақгүл:

—​ Масқара, мына дақ кетпейді ғой?!​ Неге сонша салақсың? Кешке анашыма айтам.​ Жоқ,​ әкеме айтам. Ертең ақша алмайсың осы қылығың үшін.

Ақнұр:

— Әпке,​ мен жолда жығылып қалдым.​ Сосын абайсызда кірлетіп алдым. Жуып,​ білдірмей орнына қоя салғым келген..​ Кешіріңізші..​ (Жыламсырап) Анашым мен әкеме айтпай-ақ қойыңызшы..?​ Өтінем?!

Ақгүл:

— Жақсы! Тек бір шартым бар.​ Маған дүкеннен шоколад әкеліп бересің!

Ақнұр:

— Ақша бермейсіз бе?

Ақгүл:

— Жоқ!​ Сенің ақшаң бар екенін білемін.​ Соған алып кел.​
​(Ақнұр күрсініп шығып кетеді.)

Ақгүл:

— Мәссаған,​ мен неге сіңлімді екі кештің арасында дүкенге жібердім, а? Жемпірімді кисе не бопты?​ Оның менен басқа кімі бар,​ киімін киетін?​ Мен не деген қатігез болып кеткем...​ Не ақша бермедім.​ Біреулер тиіссе қайтем?

(Осы кезде Ақнұр қайта келеді.)

— Әпке, ренжімеңізші.. Дала қараңғы екен. Шығуға қорықтым. Жаңа қыздармен келгем. Енді жалғыз баруға қорқып тұрмын!

Ақгүл:

— Ақнұр,​ бармағаның жақсы болды жаным.​ Сені жіберіп-ап,​ уайымдап отыр едім.​ (Құшақтайды) Жүр одан да екеуміз дәмділеп бәліш пісірейік? Анашым қуанып қалсын!

Ақнұр:

— Рас па,​ әпке?​ Маған ренжімейсіз бе?​

Ақгүл:

— Сен кейде тентектік жасағанда ашуланып,​ ұрысқаныммен,​ сен үйде болмасаң қатты мазасызданамын!​ Сен менің жан бауырымсың ғой?​ Дәмді нәрсе жесем,​ саған жартысын бергім келіп тұрады.

Ақнұр:

— Әпке,  сіз де мені кешіріңізші..?  Сіздің рұқсатыңызсыз киіміңізді алмауым керек еді?! 

Ақгүл:

— Жаным сол, ақылыңнан сол!  Былай келісейік?!  Сен рұқсатсыз менің заттарыма тимейсің!  Мен саған ұнаған заттарымды қызғанбай,  бөлісіп отырамын. Негізі маған зат емес,  сен қымбатсың!  Тек ұқыпты жүрсең болғаны. Үсті-басыңды таза ұста! Май,  кір жұқтырма.  Жарай ма?!

Ақнұр:

— Әпкетайым сол!  Сіздің киімдеріңіз неге мүлдем кірлемейді? Қалай тап-таза болып жүресіз?

Ақгүл:

— Барынша сақтанып, отырған партамды, орындығымды, аяқ киімімді сүртіп жүремін. Үнемі қолымды жууды ұмытпаймын. Тазалық — денсаулық кепілі!- деген. Осы қағидаларды ұстансақ киіміміз де кір болмайды. Өзіміз де ауру жұқтырмаймыз!

Ақнұр:

— Жақсы әпкетайым!  Тезірек бәліш пісірейікші.. Қарным ашып кетті..?! 

Ақгүл:

— Жүр жаным! Мен саған тамақ берейін. Алтын сіңілім менің! (Екеуі кетеді.)

Гүлмекен Қасенбай
12.09.2023


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз