Қазақ отбасының маңызды қызметтерінің бірі – тәрбие. Тәрбие басы – талбесік. Алайда көпшіліктің қазіргі қыздар тәрбиесіне көңілі тола бермейді. Қазіргі таңда әлеуметтік желіде көп талқыланатын мәселенің бірі осы қыз тәрбиесі. Қыздың сөйлеген сөзінен бастап, әрбір іс-қимылы жіті қадағаланған. Қазақ халқы қыз болашақ ана, шаңырақтың берекесі деп оның тәрбиесіне баса мән берген, өйткені, қыз тәрбиесіне немқұрайды қарай алмайтын қасиет қазақ халқының қанына сіңген.
Қыз бала тәрбиесі туралы қазақтың салт-дәстүрлерін зерттеп жүрген этнограф Зейнеп Ахметова берген сұхбаттарында қыз тәрбиесі жайында мынадай пікір білдірген екен: «Біз қыз тәрбиесінінің тізгінін босатып алдық. Бұл – шындық. Бұған қыздарымыздың қалай болса солай киініп, кіндігін көрсетіп жүргені дәлел. Жас қыздардың көшеде ашықтан-ашық темекі шегіп, сыра ішіп жүргендерін көріп жүрсек те, мән бермеуге айналдық. Олардың ертеңгі ана екенін естен шығарып жүрміз. Ал біздің ата-бабамыз балалық дәурені өтісімен-ақ қызға дұрыс тәрбие беруді қолға алған. Қыз – аз күнгі қонақ. Сондықтан да күні ертең келін болып түскен жерінде ата-анасына, ауылына сөз келтірмеуін алдын ала ойлаған».
Халқымыз қыз баланың бойындағы мына қылықтарға тыйым салған. Түске дейін ұйықтауға, бұраңдап қылымсуға, тамақты обырлана асауға, ұрлық-қарлыққа, салт-дәстүрден аттауға және ұрыс-керіске тыйым салған.
Тәрбиесі түзу қыз баладан ана бейнесі келіп шығады. Тәрбиенің түзу болуына отбасындағы ата, әже, әке, ана бейнелері ықпал еткен. Мәселен, абыройлы, қадірлі әке – қыздың тәрбиесінің іргетасы. Әке сыйлаған қыз күйеуін де қадір тұтатын болады.
Қазақ халқы «қыз» деген сөздің өзін әдеміліктің, инабаттылықтың, сұлулықтың белгісі деп таныған. Халқымыздың халық ауыз әдебиетінде көптеген ақындарымыз қызға көптеген кереметсуреттемелер берген.Сондай-ақ, қыз баланың ұқыптылығын, шеберлігін, сүйкімділігін, жанының нәзіктігін, өнер, білімге бейім тұратынын жоғары бағалап, оның сол қасиеттерін бейнелі сөздер арқылы ерекше көрсеткен.
Ата-ананың міндеті – жас ұрпаққа аға буынның әдет-ғұрпын, адамшылық, адамгершілік, инабаттылық, сыйлау қасиеттерін сіңіру. Қазақ халқы қыз баланы ардақтап ұстаған, оның көңілін қалдырмаған, оған қарсы сөйлемеген, оны мәпелеп өсірген және де қатал ұстап, оның тәрбиесіне ерекше көңіл бөліп қараған.
Қыз бала тәрбиесінде ананың орны ерекше. Ана қыз бала тәрбиесінде әкеге қарағанда ерекше қызмет етеді. Қыз бала анаға бір табан жақын ғой. Басқа ұлтқа қарағанда біздің қазақ қыздарының бойында ізеттілік, ар-ұят, ұялшақтық, үлкенге қызмет көрсету, үлкеннің алдын кесе-көлденең кесіп өтпеу, жаны ашу қасиеттері басымырақ келеді. Осындай қыз балаға тән қасиеттерді қызының бойына сіңіретін ең бірінші – ол анасы. Қыз баланы жастайынан үй сыпыруды, яғни үйді таза ұстауды, төсек жинауды, ас пісіруді, шай құюды, кесте тігуді, үй жұмысын үйретуді анасы мен әжесі өз міндетіне алған.
Қыз баланың жақсы болып өсуіне оның өскен ортасының, бірге жүрген құрбы-құрдастарының, дос-жарандарының да әсері күшті. Қазақтың «Қызың өссе, қызы жақсымен ауылдас бол», «Қызға қырық үйден тыйым» деген нақыл сөздері сол өмір тәжірибесінен алынған. Сонымен қазіргі заманғы қыздардың бойынан ақылдылық, инабаттылық, сымбаттылық, көріктілік және де іскерлік қасиеттері де табылуы тиіс.
Денгельбаева Н.Б. Бисенбаева Н.Р.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі