Өлең, жыр, ақындар

Арбау өлең

Арбау өлең — ауыз әдебиетіндегі тұрмыс-салт өлеңдерінің бір түрі. Адамды немесе малды жылан, қарақұрт, бүйі, шаян шаққанда, уытын “қайтару” үшін айтылады. Халық әр түрлі ырым жасап айтылған Арбау өлеңдері арқылы жыланның немесе қарақұрттың т.б. уытын қайтаруға, өздерін арбап әлсіретуге болады деп түсінген. Әрбір жәндіктің жаратушысы, “тәңірісі” болады деп ұғынған адамдар оларға сөз арқылы әсер етуге боады деп сенген. Арбау өлең — әлем халықтары фольклорының бәрінде бар, түркі халықтарының ауыз әдебиетінде кең тараған. Көбінесе 7-8 буынды шұбыртпалы ұйқасқа құрылады. Ш.Уәлиханов, Ә.Диваев Арбау өлең туралы пікір айтып, оның жекелеген үлгілерін 1862 ж. алғаш қағаз бетіне түсірген. Арбау өлеңнің бір түрі мындай:

    “Кер, кер, кер жылан,
    Кереге басты мер жылан,
    Бір жылан бар — сұр жылан,
    Бір жылан бар — сұм жылан,
    Бір жылан бар — жеті жылғы ту жылан.
    Құралай таудың басынан
    Қуып келген қу жылан,
    Дегелек келді, шық жылдам!”.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз